Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ОН БАЛАНЫ ҚУАНТТЫ

24 тамыз 2019
КҮЛТӨБЕ
ОН БАЛАНЫ ҚУАНТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Оқу жылы жақындаған сайын балаларды мектепке дайындау қарбаласының қыза түскені байқалады. Бұл күнде екі-үш баланы бастан-аяқ жаңа киіммен және оқу-құралдарымен қамтамасыз етудің өзі оңайға соқпайтынын базар жағалап жүрген ата-аналар жақсы біледі. Ал басына тартса аяғына жеткізе алмайтын жалғызілік немесе тұрмыс-жағдайы төмен одан да көп баласы барлар не істемек?..


Ынтымақ-бірлігі артқан ауылдың арда азаматтарының бұл мәселенің түйінін тарқатуға білек сыбана кірісіп, көпбалалы отбасыларға қол ұшын беріп жүргені қуантады. Соның бірі Нұра ауылдық округі аумағында шаруасын дөңгелентіп жүрген жас кәсіпкер Жанар Мұсаева көпбалалы он отбасының балаларына кеңсе тауарлары толтырылған 10 сөмкені тарту етті.

Құдайдың берген алты баласын өсіріп отырмын. Оның екеуі егіздер. Балаларымның барлығы мектепте оқиды. «Асыл – тастан, ақыл – жастан» деп бекер айтпаған ғой, жас та болса іскерлігімен танылып жүрген Жанар қызымыз егіздеріме оқуға қажет кеңсе заттары салынған сөмкені сыйлап, мәз-мейрам етті. Мұның өзі жалғызілікті біздерге үлкен көмек, көңілімізге медет, – дейді ризашылығын білдірген 6 баланың анасы Жанар Егенбердиева.

Ауылымызда мыңнан аса бала мектепке келеді. Олардың арасында тұрмыс-деңгейі төмен 200-ге жуық оқушы кездеседі. Дегенмен, мұндайда қол қусырып отырмай, материалдық көмек жасауға ұмтылатын жанашыр азаматтар да жоқ емес. Кәсіпкерліктің тасын өрге домалатып жүрген Жанардың жолын қуып, демеушілік жасауға атсалысатын азаматтар қатарының көбейетініне күмәніміз жоқ, – дейді  бұл іске мұрындық болған «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Семейхан Даривханұлы.

Жұдырықтай жұмылып, жүректерге жылу сыйлап жүрген мейірімді де қайырымды азаматтардың игі бастамаларына ауыл тұрғындарының алғыстан басқа айтары жоқ.

Ұ. БӨРІБАЙҚЫЗЫ
Нұра ауылы,
Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.