Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Онкологиялық қызмет халықаралық стандарттарға сай көрсетіледі

12 қараша 2025
КҮЛТӨБЕ
Онкологиялық қызмет халықаралық стандарттарға сай көрсетіледі
WhatsAppTelegramFacebook

Мұнда пациенттерге ем тегін жүргізіледі және ол шетелдік клиникалардағы емдеу әдістерінен еш айырмашылығы жоқ.

Шетелде ем қабылдаған науқастар өз елінде қажетті медициналық көмекті жалғастырып, тұрғылықты жері бойынша мамандардың бақылауында бола алады.

«Жетісу облысында, сондай-ақ жалпы Қазақстан бойынша онкологиялық көмек халықаралық стандарттарға сай көрсетіледі. Дүниежүзі бойынша қатерлі ісіктерді емдеу хаттамалары бірдей, сондықтан елімізде қолданылатын терапиялық әдістер шетелдік клиникалардағы емдеу тәсілдерімен ұқсас.Айырмашылық тек дәрі-дәрмектердің өндірушілерінде болуы мүмкін», – деді облыстық көпсалалы клиникасының директоры Мадияр Өмірбаев.

Бүгінде біздің дәрігерлер жетекші ғылыми орталықтарда біліктіліктерін арттырып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуда. Бұл отандық медицинада заманауи әдістерді енгізуге және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Шетелде ем қабылдап келген науқастар есепке алынып, отандық мамандардың тұрақты бақылауында болады. Мұндай тәсіл емнің үздіксіздігін қамтамасыз етіп, қалпына келу кезеңінің барлық сатыларында науқастың денсаулығын тиімді бақылауға мүмкіндік береді.

Облыстық көпсалалы клиника бүгінде аймақ тұрғындарына онкологиялық көмек көрсетудің негізгі орталығы. Медициналық мекеме құрамында күніне 150 келушіге арналған емхана, 145 төсек-орындық клиникалық бөлімшелер, сондай-ақ диагностикалық және зертханалық бөлімдер жұмыс істейді. Клиникада заманауи және аз инвазивті емдеу әдістері белсенді қолданылады. Артерияішілік химиоинфузиялар, трансартериялды химиотерапия секілді интервенциялық технологиялар бас, мойын, өкпе, құрсақ қуысы және кіші жамбас астауы қатерлі ісіктерін емдеуде тиімді нәтижелер беруде. Осы ем түрлерінің нәтижелілігіне көз жеткізген өзге өңірлердің тұрғындары да Жетісу клиникасына жиі жүгінуде.

Айта кетейік, бүгінде Жетісу облысында қатерлі ісік диагнозымен 7879 адам диспансерлік есепте тұр. Онкологиялық аурулардың құрылымында сүт безі обыры жетекші орында, одан кейін қалқанша безі мен жатыр мойны обыры тіркеліп отыр.

Қатысты жаңалықтар

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Бүгін, 17:39
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Бүгін, 16:50
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Бүгін, 16:43
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Бүгін, 16:33
Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Бүгін, 15:48

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.