2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды. Бұл құжат Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында әзірленген.
Жұмыс тобының негізгі мақсаты – парламенттік реформаларға қатысты ұсыныстарды тұжырымдау.
Жұмыс тобы құрамына:
-
Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары,
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері,
-
Мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері енді.
Сонымен қатар топ құрамына:
-
ғылыми институттардың басшылары,
-
еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан, конституциялық құқық пен мемлекет және құқық теориясына маманданған заңгер-ғалымдар,
-
Ұлттық құрылтай мүшелері мен сарапшылар енгізілді.
Бұл жұмыс тобы еліміздің заң шығару процесін жаңғырту мен тиімділігін арттыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып отыр.





