Талдықорған: +20°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Қапал-Арасан» қайта жанданады

«Қапал-Арасан» шипажайы 2014 жылдан бері тоқтап тұр. Демалыс орнының аумағы 10 гектар. Шипажай бір мезгілде 150 адамға қызмет көрсететін. Мұнда 130-ға жуық адам жұмыс істейтін. Солардың дені Арасан-Қапал өңірінің тұрғындары еді. Шипажай қызметкерлеріне арналып көпқабатты тұрғын үйлер салынған. Дәрігер, медбикелер баспанамен қамтамасыз етілген. Тоқырау жылдарының салқыны аталмыш халыққа қызмет көрсету мекемесіне де тиіп, сауықтыру орнының жұмысы шатқаяқтап барып тоқтады. Демалыс орны ауыл тұрғындарының экономикалық жағдайына оңды әсер еткені баршаға мәлім. Ауыл тұрғындары жаппай аталмыш мекемеде жұмыс істеп, нәпақаларын табатын еді. Демалушылар ауыл тұрғындарынан таза, табиғи өнімді ықыласпен сатып алатын.

15.11.2025
КҮЛТӨБЕ
«Қапал-Арасан» қайта жанданады

7-su.kz/ Аяулым Шынгаева

WhatsAppTelegramFacebook

Арасандықтар тынығушыларға сүт, айран, қымыз саудалайтын. Әр шаңырақтағы 2-3 сиыр бір отбасын асырайтын. Нәрлі ет, сарайыңды ашар дәмді қымыз келушілердің таңдайынан кетпейтін. Ауылда сол мал әлі де бар. Бірақ, сатып алушылар жоқ. Бүгінде елді мекен тұрғындарының 70 пайызын шетелдерден атамекенге қоныс аударған қандастарымыз құрайды. Олар төрт түлікті өсірудің, өнімін өндірудің шебері екені даусыз. Бірақ, он жылдан аса уақыттан бері сауықтыру мекемесі қаңырап, бос тұр. Қоршаудың ішінде тірі жан, тісті бақа жоқ.

Ғимараттары қирап, аумағы қараусыз қалып, талдары жабайы тоғайға айналып, шипалы суы далаға ағып жатыр. Қазақтың ардақты ұлы Дінмұхамед Қонаев арнайы барып демалатын аңыз демалыс орнының жұмысын тоқтатқаны ауыл жұрты үшін ғана емес, жалпы облыс аумағындағы бір туризм ошағының тұралауы болып тұр. Ал аудан қаншама табыстан құр қалғаны айтпаса да түсінікті. Ауыл тұрғындары жұмыстан айырылды. Содан бері шипажай бірнеше жекеменшік компанияның қолына өтті. Сатып алған серіктестіктер саф ауасы мен зәмзәм суы дертке дәру шипажайдың шаруасын ұқсатпады. Жұмысын жүргізе алмады ма, әлде ниеттері болмады ма, елді нәпақасынан айырды. Бүгінде ауыл халқы бей-берекет ағып жатқан суды қаңылтырмен қоршап, шағын үйшік жасап қойды. Шомылғысы келгендер ішіне кіріп жуына алады. Бірақ, бұл тығырықтан шығу жолы емес. Табиғат байлығы халыққа табыс әкелуі тиіс.

Облыстық «Jetіsý» газетінің журналистері «Қапал-Арасан» шипажайының жайын білмекке өңірді бетке алдық. Бізбен кездесуге Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Амандос Сабырбаев пен аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Алмат Алмасұлы келді. Амандос Ақышұлы: «Шипажайдың қазіргі иелеріне хат жолдадық. 2021 жылдан бері «Қапал- Арасан» шипажайына «Caspian Offshore Construction Realty» және «Laguna Properties» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері иелік етеді. Олар шипажайды өз қаражаттарына сатып алған. Жақында аудан әкімдігі тарапынан шипажай иелеріне демалыс орнын қалпына келтіру барысындағы жоспарлары, мақсат-мүдделері жайлы сұрақ қойған ресми хат жолдадық. Серіктестіктің директоры К. Воронкова қазіргі уақытта жаңа кешен салу бойынша жобалау жұмыстары, инвестиция тарту мәселелері қаралып жатқанын айтты. Олар экологиялық сауықтыру орталығын ашып, ойын-сауық туризмін дамытпақшы. Аталмыш жауапкершілігі шектеулі серіктестік бүгінде Алатау қаласында ірі инвестициялық жобаны іске асыруда. «Қапал-Арасан»» экологиялық сауықтыру кешенінің жобалық-сметалық құжатын 2026 жылы жасамақшы. Ал құрылыс жұмыстарын бастауды 2027 жылдың басына жоспарлап отыр», – деді. Аудан әкімі орынбасарының аузынан естіген тағы бір жағымды жаңалық – Қапалдағы «Тамшыбұлақтан» экологиялық туристік келу орталығын ашу жайлы жобалық-сметалық құжаттың дайындалғаны. Егер қаражат мәселесі шешілсе «Тамшыбұлақтың» бал дәмі әлі талайды тамсандыратыны анық.

Осындай жан жадыратар жағымды жаңалықты оқырманмен бөлісуді жөн көрдік. Үмітімізді үзбей «Қапал-Арасан» шипажайының ашылуын күтейік. Ол қандай бағытта ашылса да өңір халқының экономикасын арттырып, инфрақұрылымын жақсартып, мәдениетін арттырып, көз қуанышына айналары сөзсіз. Тек айтылған сөз іске аспай қалмасын дейік!

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026
Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

24.04.2026
Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.