Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов қызметінен босатылды.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Ресми мәліметке сәйкес, Руслан Арысбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты аталған қызметтен кеткен. Оның орнына Арман Сәбитов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Еске сала кетейік, Руслан Берденов 2025 жылдың 24 ақпанында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған еді.





