Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілері Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Сенім грамоталарын келесі мемлекеттердің елшілері табыс етті:
• Израиль – Йоав Быстрицки
• Қырғыз Республикасы – Құдайберген Базарбаев
• Куба Республикасы – Альфредо Федел Ниевес Портуондо
• Ливан Республикасы – Джордж Абу Зейд
• Зимбабве Республикасы – Марк Грей Маронгве
• Сомали Федеративтік Республикасы – Фатхудин Али Мохамед
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның барлық мемлекетпен достық және өзара құрмет қағидаттарына негізделген бейбіт қарым-қатынасты қолдайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы елдегі ішкі саяси реформаларға да тоқталып, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Заң және тәртіп» қағидатына сүйенетін өзгерістер туралы айтты.
Соңында Президент елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың жұмысына Қазақстан тарапынан толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.





