Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақ мектебі қайда барады?

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында «жаңа орыс мектептері ашылады» деген ақпарат желдей есіп жүр. Ақпараттың рас-өтірігі әлі нақтыланбағанымен қоғамдағы алаңдаушылықтың күшейгені анық. Себебі бұл мәселе жай ғана мектеп ашудан бөлек, тіліміздің болашағына, ұрпақтың рухани келбетіне тікелей әсер ететін түйткіл.

18 қараша 2025
КҮЛТӨБЕ
Қазақ мектебі қайда барады?
WhatsAppTelegramFacebook

Өкінішке қарай, соңғы жылдары қазақ мектептерінің өзінде қазақ баласының тілдік деңгейі төмендеп бара жатқаны жиі айтылады. Жыр-термені жатқа айтқаны былай тұрсын, екі сөйлемді байланыстыра алмайтын сөздік қоры жұтаң балалар көбейіп келеді.

Мұның себебі біреу емес: оқулықтағы олқылықтар, кадр тапшылығы, тілдік ортаның әлсіздігі, ата-ананың да, мектептің де жауапкершілігінің арасында кеткен бала. Осындай жағдайда орыс мектебін көбейтсек, қазақ тілінің тағдыры не болмақ?!

Ресми дерек бойынша, елімізде орыс тілінде білім беретін 1121 мектеп бар. Бұл, әрине, аз сан емес. Бұған аралас мектептерді қосыңыз. Қазақ тілін толық игермей жүрген балалардың басым бөлігі дәл осы ортадан шығып жатқаны жасырын емес. Енді осыған тағы үш қалада жаңа орыс мектебі қосылса, балаларымыздың өз тілінде сауат ашуына мүмкіндік одан әрі тарылмай ма?!

Қоғамда бір түсінік бар: «Орыс мектебі мықты, қазақ мектебі әлсіз» деген. Әлбетте, бұл тамырын тереңге жіберген қате көзқарас. Иә, кей өңірде қазақ мектебінің сапасы төмен болуы мүмкін. Бірақ бір мектептің әлсіздігі үшін бүкіл ұлт тілін құрбан етуге бола ма? Егер ата-аналар баласын орыс мектебіне берсе, тілдік орта біртіндеп өзгереді. Бала күнделікті қарым-қатынасын да, ойлау жүйесін де басқа тілмен қалыптастырады. Сөйтіп, қазақ тілі тек пәнге, тек мерекелердегі ұранға ғана айналуы мүмкін.

Мәселе, орыс мектебінің көптігінде емес, қазақ мектебінің бәсекеге қабілетті болмауында. Қазақ мектебінің мұғалімі мықты әрі әдістемесі заманға сай болса, ғылымға жол ашылса ата-ана ешқашан баласын басқа тілге қарай бұрмас еді.

Себебі, әр ата-ана баласына ең жақ­сы- ­­ны қалайды. Ал ең жақсыны өз тілімізден таба алмай отырғанымыз өкінішті. Теледидарында, жарнамасында, бизнесінде, ғылымында қазақ тілін қолданбаған қоғамда мектеп қанша қазақша оқытса да түбінде бала өзіне ыңғайлы тілді таңдайды. Біз қазақ тілін әлеуметтік өмірдің негізгі тіліне айналдырмай, қанша мектеп ашып-жапсақ та нәтиже шықпайды.

Қазақ тілінің болашағы бүкіл ұлттың санасында. Қазақ мектебі мықты болса, қазақ тілінің де тағдыры мықты. Орыс мектебінің ашылуына дүрлігуден бұрын өз мектебімізді көтерейік. Өз тілімізге өзіміз ие болмасақ, өзгеден кінә іздеудің мәні жоқ.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Бүгін, 17:39
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Бүгін, 16:50
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Бүгін, 16:43
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Бүгін, 16:33
Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Бүгін, 15:48

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.