Талдықорған: +30°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақ тілінің иммунитеті

Тіл тақырыбында аз айтылып, кем жазылған жоқ. Жиі мәселе көтеріліп, ел ішінде үнемі талқыланып келеді. Өзге тілде сөйлеп, соны маңызды әрі негізгі тіл есебінде қарастыратындар қатары, өкінішке қарай, бар. Әсіресе, кей спортқа келгенде қазақ тіліне орын жоқ сияқты көрінеді. Оны күнде көріп, оған жиі кездесіп жүрміз. Жақында «Комментатор сөздігі» кітабы жарық көрді. Ондағы ана тілімізге аударылған сөздер спорт әлеміне сілкініс жасайды деген ойдамыз.

23.08.2025
КҮЛТӨБЕ
Қазақ тілінің иммунитеті
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде «Жетісудың» бапкері, ел футболына өлшеусіз үлес қосқан азамат Самат Сымақовтың қазақ тіліне келгенде ойланатыны көпшілікті толғандырады. Бұл жөнінде журналист, футбол федерациясында баспасөз хатшы болған Ермұхамед Мәулен айтқан болатын. Ол: «Самат Сымақов мықты ойыншы болды, Ұлттық құраманы алға сүйреді. Қазақ жігіт қой. Маған ұнамағаны ол кісі өмірбақи орысша сөйлейді. Қазақша бірауыз интервью бермеді ғой. Мен екі рет сұхбат алдым, екеуінде де орысша сөйледі. Одан кейінде қазақша үйренбеді. Біреулер жазыпты «легенда», «аңыз» деп, содан мен айттым «аңыз» деген сөзді де көп жаза бермеңіздер» деп. Мен кішкене қайрап жіберейін деп, пікір қалдырдым, артынша пост та жаздым. Кейін естідім, қазақша сөйлеп, бір-екі мәрте көрінген екен», – дейді.

 Рас, бір ұлттың аңызы болу үшін сол елдің тілін меңгеріп, мәдениетін ұғынып, әдеп-ғұрпын бойға сіңіруің қажет. Бапкер есебінде де ел футболындағы келеңсіздіктерді көрсете отырып, батыра айтып, әр ойында керек болса федерацияның да қателігін бетіне басып, төрешілердің тірлігін талдап беруге дайын. Өзгеріс үшін жанталасып жүрген азаматқа қолдау білдіргің-ақ келеді, алайда арасында бірауыз қазақша айтып, қолдау сұраса кез келген жанкүйер күш біріктіруге дайын еді.

«Жібек жолы» телеарнасында Қайрат Әділгерей жүргізетін «Жұлдызбысың?» жобасында «қазақ тілінде неше әріп бар?» деген сауалға Саматтың 38 дегені әлі де ойландырады. Оның қасына келген әріптесі, бүгінде футбол федерациясында жауапты қызметте отырған Давид Лория «Абай жолын» кім жазды?» деген сұраққа, «Абай жазды» деп шіміркпей отырғаны одан сайын жаныңды күйдіреді. Давид сияқтылар футболды басқарып отырғаннан кейін, қазақ тілі туралы ойланудың өзі артық. Қазақ тілінде бірауыз сөз айтып, жаза алмайтындар футбол федерациясын басқарып отырып, ел футболын дамытудың жолын қарастырмақ. Қалайша?

Кезінде Несіп Жүнісбай ауыл-ауылды аралап жүріп жиған, намыстың өткір жебесіндей болған «Намыста» қазақтың кіл қара домалақ балалары ойнады. Бүгінде ел чемпионатында «Қайсардың» қайсарлығы сол, өзге ұлттың бірде-бір футболшысын қатарға қоспай, қазақ балаларымен доп теуіп жатыр. Нәтижесі де тәп-тәуір. Ойдан-қырдан шақыртып, аты да заты да белгісіз өзге ұлттың футболшыларын командаға алған «Жетісу», «Қызылжарға» турнирлік кестеде жақын болса, «Тұран», «Ұлытау», «Атыраудан» ұпайы жоғары. «Қайсардың» мергендер тізімін әзірге 7 голмен жетісудың перзенті Айбар Жақсылықов бастап тұр. Ал «Жетісу» өзі түлеткен Айбар жергілікті командаға не үшін қажет болмай қалды?

Қазақ тілінің футболдағы иммунитеті жөнінде белгілі журналист, комментатор Есей Жеңісұлы жиі қозғап, әр адам өз мамандығы бойынша жанкешті іс жасау керектігін айтып келеді. Мәселен, бір сұхбатында журналист: «Өмірбақи Суюмагамбетов деп келдік, ал ол Сүйеумағамбетов екен. Эфирден Серікжан Мұжықов деп айтамын. Ал ол болса «Есей аға Мужиков деп айтсыншы» деп таныстарымнан сәлем айтыпты. Мен енді қазақ тілінде сөйлеп жатырмын ғой. Үнемі эфирде Арсен Бораншиев, Біләл Себайхи деп айтамын. Сөйтсем, бір телеарнаның басшылары шығып «неге Буранчиев деп айтпайсың?» дейді. Бұл менің тілім ғой. Мен өзімше үлес қосып жатырмын», – дейді.

Жақында спортсүйер қауымға арналған «Комментатор күнделігі» оқырманға жол тартты. Онда әр спорттың негізгі элементтері қазақшаланып, барынша мағынасын сақтауға тырысқан. Кірме сөздердің көзін құртып, ана тіліміздегі әдемі баламасын тапқан. Бұл еңбек те қазақ спортына айтарлықтай қосылған үлес.

Бүгінде тілге қатысты мәселе жиі айтылып жатыр. Оқырмандар, көрермендер арасында қазақ тілін талап ететіндер көбейіп келеді. Мәселен, кейінгі кезде мол табысқа кенеліп жатқан «Қайрат» футбол клубының Алматыдағы ойындарына ресми диктор Артур Асқарұлы (Archibaaalt лақап есімімен танымал) қазақ тілінде хабарлап, жүргізбегені үшін оқырмандардан кешірім сұрап, алдағы уақытта ана тіліне басымдық беретіндігін айтқан.

Әлемдегі ең ірі ғылыми-білім беру платформаларының бірі Wiley Online Library сайтында «Қазақстандағы тіл идеологиясы немесе ресей-украин соғысы кезіндегі қазақ тілінің ілгерлеуі» тақырыбында зерттеу материал жарық көрді. Онда әлеуметтік желі арқылы қазақ тілін талап ететін және олары орындалмаса жаппай наразылық болатындығын жазған. Дәлел есебінде, «Магнумдағы» жағдайды, «Авиатада» болған келеңсіздікті көрсеткен. Статистикаға сүйеніп, жыл сайын қазақ тілін меңгеріп, оны үйренгендер көбейіп келе жатқандығын да айтқан. Қазақ тілінің иммунитетін көтеріп, оны өзге тілдер қатарында еңсесін биіктетіп, абыройын асқақтату тікелей әр қазақстандықтың міндеті.

 

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026
Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

02.05.2026
Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.