Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін Бірлескен мәлімдеме қабылдады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Кездесуде ресми делегация мүшелері үкіметаралық және ведомствоаралық бірқатар құжаттармен алмасты. Атап айтқанда, келесі келісімдер мен меморандумдар қабылданды:
-
Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы құпия мәліметтерді беру, қолдану, қорғау және сақтау туралы келісім;
-
Қазақстанның Армениядағы және Арменияның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктері ғимараттарын салуға арналған жер телімдерін бөлу туралы келісім;
-
2026–2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы;
-
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Арменияның Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
-
Жасанды интеллект және цифрландыру министрлігі мен Арменияның Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
-
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Армения Экономика министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасына қатысты өзара түсіністік туралы меморандум;
-
Екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы 2026–2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;
-
Денсаулық сақтау министрліктері арасындағы 2026–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспары;
-
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Армения Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы Іскерлік кеңес құру туралы келісім;
-
Ұлттық кітапханалар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
-
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» мен Арменияның Кино қоры арасындағы меморандум;
-
Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі мен Армения Ұлттық галереясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
-
Қазақстан Атом энергиясы агенттігі мен Армения Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану туралы меморандум;
-
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Арменияның Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі арасындағы ғылым және жоғары білім бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
-
Мемлекеттік басқару академиясы мен Армения Сыртқы істер министрлігі Дипломатия мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.
Бұл құжаттар Қазақстан мен Армения арасындағы саяси, экономикалық, мәдени және технологиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.








