Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы басталды

8 тамыз 2025
КҮЛТӨБЕ
Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы басталды

Фото ©️ Tengrinews.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысы ресми түрде басталды. Бүгін энергетика министрінің қатысуымен капсула салу рәсімі өтті, хабарлайды Tengrinews.kz.

Салтанатты шара барысында Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев сөз сөйледі.

«Жобаны іске асыру Қазақстанға жаңа буын жоғары білікті мамандарын даярлауға, ғылыми-зерттеу базасын нығайтуға, сондай-ақ білім беру мен технологиялық серпіліске жағдай жасауға мүмкіндік береді. АЭС – стратегиялық жоба, ол атом өнеркәсібінің, өңірлік инфрақұрылымның, индустриялық-инновациялық дамудың және ұзақ мерзімді экономикалық өсудің басты қозғаушысына айналады», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ ол жобаның ауқымды қоғамдық қолдауға ие екенін атап өтті.

«Өткен жылы өткен республикалық референдумда ел халқының 70 пайыздан астамы бұл бастаманы қолдады. Әсіресе Үлкен ауылының мысалы ерекше: тұрғындардың 97 пайызы дауыс беруге қатысып, шамамен 90 пайызы «иә» деп жауап берді. Бұл жобаның мықты қоғамдық мандат алғанын көрсетеді», – деді агенттік басшысы.

Салтанатты жиында «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв та сөз сөйледі.

«Біз алаңға шығып, қуатты әрі заманауи атом электр станциясын салу бойынша шабыттандыратын жобаны іс жүзінде бастауға кірістік. Қазақстан атом саласында зор тәжірибеге ие және әлемдік атом элитасына кіретін ел – бұл тек уран қорының 40 пайызы осында өндірілетіндіктен ғана емес. 1940-жылдардың соңынан бастап біздің халықтар атом ғылымы мен технологиясы саласында ынтымақтасып келеді. Дәл Қазақстанда алғашқы өнеркәсіптік реактор құрылған болатын», – деп атап өтті «Росатом» басшысы.

Айта кетейік, құрылыс алаңында бұрғылау қондырғылары алғашқы топырақ үлгілерін алады. Бұл үлгілері бар капсула зерттеу үшін ресейлік тарапқа беріледі.

Рәсімге шенеуніктер, қазақстандық және ресейлік БАҚ өкілдері, сондай-ақ АЭС салынатын Үлкен ауылының тұрғындары қатысты.

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.