Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақстанда көмір қымбаттай ма?

26 тамыз 2025
КҮЛТӨБЕ
Қазақстанда көмір қымбаттай ма?

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында алдағы уақытта көмір бағасының, соның ішінде әлеуметтік көмірдің өсу ықтималдығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта көмір бағасы өзгермейді.

«Баға осы жылдың 1 қаңтарынан бастап түзетілген болатын. Сондықтан жуық арада қымбаттау жоспарда жоқ. Біз бағаның өсуін күтпейміз», – деді вице-министр.

Сонымен бірге ол көмір құны нарықтағы жағдай мен логистикаға байланысты қалыптасатынын атап өтті.

«Қазір көмір бағасы реттелмейді, ол бәсекелі ортада белгіленеді. Бұл бағытта біз Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Бағаға жеткізу шығындары мен теміржол тасымалы да әсер етеді. Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдармен бірге шешіледі», – деді Сұңғат Есімханов.

Жылыту маусымына әзірлік барысына да тоқталған вице-министр жөндеу жұмыстарының мерзіміне ғана емес, жабдықтардың жалпы жағдайына да назар аударылатынын айтты. Оның сөзінше, кейбір ЖЭО-ларда жөндеу мерзімдері ұзартылғанымен, бұл станциялардың дайын емес екенін білдірмейді.

«Мысалы, бір станцияда 16 қазандық болса, барлығын бірдей қосу міндетті емес. Дегенмен біз барлық жабдықтың толық дайын болуын талап етеміз», – деді ол.

Сонымен қатар Есімханов Риддер мен Кентау қалаларындағы энергия нысандары ерекше бақылауда тұрғанын жеткізді. Соңғы жылдары бөлінген қаржының арқасында бұл аймақтарда қажетті жұмыстардың басым бөлігі атқарылған.

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.