Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында төрт дүркін әлем чемпионы атанды

3 қараша 2025
КҮЛТӨБЕ
Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында төрт дүркін әлем чемпионы атанды
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан оқушыларының робототехникадан ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025 Бүкіләлемдік Олимпиадасында биыл қатарынан төртінші жыл айрықша жеңіске жетіп, тағы да тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Әлемнің 190 елінен келген командалардың ішінен біздің оқушылар бірінші орынды иеленіп қана қоймай, бірден екі жоғары марапатты жеңіп алды:

GRAND CHALLENGE AWARD (алтын) – Роботтардың біліктілік ойындарында рекорд орнатқан абсолютті чемпиондарға берілетін турнирдің Бас жүлдесі.

ALBERT EINSTEIN AWARD (алтын) – Үздік инженерлік әзірлемелері, техникалық шеберліктері мен командалық жұмыс және көшбасшылық жетістіктері үшін берілетін Жоғарғы төрешілік марапат. Бұл марапатта кешенді артықшылық пен инновация ескеріледі.

Еліміздің құрамасының сапында NIS Алматы-Медеу мектебінің 9-10 сынып оқушылары Рашат Досымжан, Дәулет Ілияс, Орынбасаров Алихан, Әсетұлы Мадиар және Тұрсымбаев Нұрасыл өнер көрсетті. Жаттықтырушылар – Нұрдәулет Досмағамбет, Асылбек Мұрзахметов және Дулат Байтуленов.

Бүкіләлемдік чемпионатта қатарынан төрт рет жеңіске жету (Женева-2022, Сингапур-2023, Грекия-2024, Панама-2025) Қазақстанды халықаралық STEM-білім беру аренасындағы абсолютті әлемдік көшбасшыға айналдырады.

«Біздің балалар төртінші рет қатарынан жеңіске жетті. Бұл ретте, команданың құрамы бірде-бір рет қайталанбағанын атап өткен жөн – жыл сайын ел намысын қорғау үшін жаңа қатысушыларды дайындаймыз», – деді USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мұрзахметов.

Биылғы жарыстың тақырыбы «Eco-Equilibrium», ол жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге және биоәртүрлілікті сақтауға арналған болатын. Қазақстандық команда робот жасау арқылы экожүйелерді қалпына келтіруге ерекше көзқарас танытты. Олардың роботы ойын алаңындағы кедергілерді алып тастап, биоәртүрлілік бірліктерін экожүйелерге дәл орналастыратын күрделі финалдық тапсырманы сәтті орындап шықты.

Қатысты жаңалықтар

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

26 қараша 2026
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

25 қараша 2026
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

25 қараша 2026
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

25 қараша 2026
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

25 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.