Apple компаниясы жаңа буын смартфондарын таныстырды. iPhone 17, iPhone 17 Pro, Pro Max және iPhone Air-мен қатар AirPods Pro 3 пен жаңа Apple Watch үлгілері де жарық көрді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бағалар қандай?
Apple ресми сайтында құрылғылардың құны жарияланды:
-
iPhone Air – 999 доллардан (шамамен 534 мың теңге);
-
iPhone 17 – 799 доллардан (481 мың теңге);
-
iPhone 17 Pro – 1099 доллардан (593 мың теңге);
-
iPhone 17 Pro Max – 1199 доллардан (647 мың теңге);
-
AirPods Pro 3 – 249 доллардан (135 мың теңге);
-
Apple Watch Series 11 – 399 доллардан (215 мың теңге);
-
Apple Watch Ultra 3 – 799 доллардан (430 мың теңге).
Алдын ала тапсырыс 13 қыркүйекте ашылады, халықаралық сатылым 19 қыркүйекте басталады.
Қазақстандағы сатылым күні
Электроника желілерінің ресми мәліметіне сәйкес, жаңа гаджеттер Қазақстанда 26 қыркүйектен бастап сатылады.
«26 қыркүйектен бастап iPhone 17, iPhone 17 Pro, Pro Max, iPhone Air және Apple Watch Series 11, Ultra 3, SE 3 үлгілері қолжетімді болады. Сонымен қатар AirPods Pro 3 те ұсынылады», – делінген ритейлер хабарламасында.





