Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайырхан Серікұлы Тұтқышбаев энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды 7-su.kz.
Қысқаша өмірбаяны:
-
1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
-
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.
-
2009 жылы еңбек жолын «Орталық Азия тау-кен одағы» ҚБ-да бастаған.
-
2011-2014 жж. – «Degdar Engineering» ЖШС тау-кен жабдықтарын жобалау бөлімінің инженері.
-
Энергетика министрлігінде Жер қойнауын пайдалану департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, директоры қызметтерін атқарған.
-
2022-2023 жж. – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.
-
2023-2023 жж. – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.
-
2023-2024 жж. – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.
-
2024 ж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да сирек және сирек кездесетін металдарды геологиялық барлау және дамыту жөніндегі басқарушы директор.
-
2024 жылдың қыркүйегінен бастап – «Graphite minerals» ЖШС бас директоры.





