Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Құнарлы құмда жайқалған бау-бақша

23 қыркүйек 2025
КҮЛТӨБЕ
Құнарлы құмда жайқалған бау-бақша

qazaqfruit.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Ежелден бағбандықты байырғы кәсібі еткен жаркенттіктер көктемде бау-бақшасына жеміс көшеттерін отырғызуды әдетке айналдырған.

Бұл уақытта қала базары әр тараптан әкелінген жеміс ағаштарының жас көшеттеріне толып кетеді. Олардың бағасы, түрі, сұрыптары әралуан. Десек те бағасы қолжетімді. Осындай ұтымды бизнес жергілікті бапкер бағбандардың жерсіндірілген, халыққа таныс жеміс көшеттерін өсіруге құлшынысын арттырды. Қазір аудандағы бірнеше қожалық басқа шаруасымен қатар жеміс көшеттерін байлау арқылы теліту немесе қаламша арқылы будандастыру әдістерімен өсіріп, күз бен көктемде тұрғындарға сатуды кәсіп етуде.

Солардың қатарында Үлкеншыған округіндегі «Ахметов», Мәулен Кәрібаев, Ярмухамед Машуров, жаркенттік «Сайрамбеков», Пенжім округіне қарасты Ават ауылындағы Қайрат Аширов қожалықтары жергілікті тұрғындарға жақсы таныс. Олардың бәрі жеміс-жидек көшеттерінің жерсіндірілген сорттарын шығарудың қыр-сырын жетік меңгерумен қатар өздері алма, өрік, шабдалы, алмұрт, басқа да жеміс ағаштарының бағын жасап, жергілікті базарды отандық өнімдермен қамтамасыз етіп жүрген азаматтар.

Өңірде жалпы 5 мың гектарға жуық жерде жеміс-жидек бағы бар. Бұрынғы бақтардың бәрі тек алма сұрыптарын өсірсе, қазір басқа да жеміс түрлерін алқаптаған қожалықтар көбейді. Мысалы Ават ауылындағы Қайрат Аширов шабдалы өсіруді қолға алған. Ал Айдарлы ауылдық округіндегі «Жаркент- фрукт» ЖШС жеміс ағаштарының түрлерінен алдыңғы қатарда. Мұнда 10 жылға жуық уақыттан бері 578 гектар жерге ергежейлі алма сұрыптары, 405 гектарға будандастырылған түрік алшасы, 74 гектар шабдалы, 40 гектар алхоры және 13 гектар алқапқа алмұрт, жалпы 1110 гектар жерге жеміс ағаштарын өсіріп, тұрақты күтімнің нәтижесінде барлық жеміс ағаштары жыл сайын жайнап, жапырақ жайып, бұрынғы құлан иек құмды өңірге өң кіргізіп тұр.

Жеміс бағын өсіру өте күрделі іс. Мұндай шаруамен шұғылданатын адам бағбандық ғылымды жетік меңгерген арнайы білімі болуы керек. Дегенмен ежелден жеміс-жидектің отаны болған Жаркент өңірінде бақ баптауды кәсіп еткен азаматтар аз емес. Бағбандардың еңбегінің жемісін ел игілігіне айналдыру үшін өңірде ұқсатушы кәсіпорындар ашу күн тәртібіндегі мәселе.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.