Талдықорған: +10°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ ӨРЕЛІ ІСТЕР

10.12.2018
КҮЛТӨБЕ
ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ ӨРЕЛІ ІСТЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Жылдағы дәстүр бойынша биыл тағы да аудан, қала әкімдері облыс басшыларының алдында есеп беріп, осы жылдың он айында атқарған жұмыстарын қорытындылады. Бұл ретте Ескелді, Көксу аудандары мен Текелі, Қапшағай, Талдықорған қалалары әкімдерінің есебін облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов тыңдап, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысын бағамдады.

Алдымен мінберге көтерілген Ескелді ауданының әкімі Бағлан Тәнекенов осы жылдың 10 айында жоспарланған меженің толық орындалғанын жеткізді. Оның айтуынша, ауданның жалпы ішкі өнімі артып, қолданысқа берілген нысандардың да қатары көбейген. Инвестиция көлемі көбейіп, халықтың әл-ауқаты арта түскен.  Әсіресе, аталған аудан қант қызылшасын өсіру, баптау, жинау жұмысына баса назар аударыпты. 
Биыл 2236 гектар жерге қант қызылшасын еккен ескелділіктер ойдағыдай өнім алып, шикізатты Көксу қант зауытына өткізіп, тиісті қаражат пен демеуқаржыға ие болған. Сондай-ақ, Ислам даму банкінің облыстағы ирригациялық жүйелерді жаңғырту бағытындағы жұмысы осы ауданда басталғаны белгілі. Келесі жылы аудандағы шаруашылықтарды үлкен өзгеріс күтіп тұр. Бақтыбай ауылындағы «Дүйсенбінов» шаруа қожалығының иесі Айдын Қасымұлының Бақтыбай ауылында кеңес кезінде салынып, тоқырау жылдары қаңырап қалған базаны қалпына келтіріп, 700 бас тоқтыны бағуға алды. Соныман қатар, 9 гектар аумақты қоршап, абаттандырды. Тағы да ірі қара ұстайтын қораны жаңалап, алдағы уақытта «Алатау» тұқымды сүтті сиырларды бағып, тауарлы-сүт фермасын құру ойында. 
Аудан экономикасындағы табыс пен ел-жұрттың осындай жаңалықтарын тізіп шыққан аудан басшысы келесі жылдың жоспарымен де бөлісті. Сол қатарда Шажа өзеніне ГЭС салу, ирандықтармен бірлесіп тауарлы-сүт фермасын құру,  «Тау Жетісу» демалыс аймағының мүмкіндігін ұлғайту, Қарабұлақ қант зауытын қайта қалпына келтіру сияқты ірі жобалар бар. Сондай-ақ, өңір басшысы күрделі және ағымды жөндеу жұмысын жүргізуге тиісті әлеуметтік, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, балабақша, тағы да басқа нысандарды таныстырып, оған облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінуін сұрады.
Көксу ауданының он айдағы жетістігі де көңіл қуантады. Аудан әкімі Алмас Әділдің айтуынша, биылғы жылға жоспарлаған 21 тапсырманың 8-і орындалып, қалған жоспар бойынша жұмыс атқарылуда. Көксулықтар үшін Көксу қант зауытының рөлі ерекше. Сондықтан аудандағы ауылшаруашылық тауар өндірушілердің десі басым. Соның ішінде 2 мың гектар жерге қант қызылшасы себіліп, 74 мың тонна өнім жиналған. Сондай-ақ, екі тауарлы-сүт фермасын салып, мал шаруашылығы өнімін өңдеуге кірісті. Облысымызда баламасы жоқ «Каримов-К» тауарлы-сүт фермасының көлемін ұлғайту жұмысы да жүйелі жалғасуда. 
Көл бойындағы Қапшағай қаласының дамуы көз ілестіретін түрі жоқ. Былай қарағанда қала деп аталғанымен, әсіресе, көл бойындағы демалыс нысандарының көлемі артқан сайын демалушылар саны да жыл сайын көбеюде. Оның үстіне қаладағы өндіріс орындарының, ГЭС-тардың қатары көбейіп, қала экономикасы мен тұрғындардың әлеуеті арта түскен. Қай жағынан қарасаң да өсу мен өркендеу бар. Бір қуанарлығы, Қапшағай қаласының өндіріс орындары өркендеумен қатар басқа саладағы жетістігі де жұртты сүйсіндірді. Қала әкімі Талғат Қайнарбековтің айтуынша, ауылшаруашылығы саласы өркендеп келеді. Сондай-ақ, қаладағы білім беру, денсаулық сақтау, басқа да әлеуметтік нысандарды салу, жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары облыстағы аудан, қалаларға үлгі болады. Кәсіпкерлік саласының өркендеуі де ел аузынан түспей тұр.  Ең бастысы, Қапшағай қаласы Елбасының тапсырмасымен атқарылып жатқан «7-20-25» бағдарламасы бойынша облыста көш бастап келеді. Келесі жылы осы мақсатқа  салатын жаңа ғимараттар бой көтеріп, қала халқының қуанышын еселей түсетіні анық. Сонымен қатар, Қапшағай қаласының келесі жылға жоспарлаған істері де қомақты. Ірі жобалардың саны да көп. Әсіресе, көл бойындағы демалыс аймағын абаттандыруға қатысты жоба көпшілікті қызықтырды. Егер бұл жоба толығымен іске асса жазғы шомылу маусымында Қапшағайға келетін демалушылардың қатары бірнеше есеге көбейеді.
Текелі қаласы өлкеміздегі туризм саласын дамытуға қолайлы өңір. Десе де, оның өзге саладағы жетістігі де қомақты. Қала әкімі Бақтияр Өнербаевтың айтуынша, осы жылдың 10 айында 16,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліпті. 4,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, 2,3 млрд. теңге көлемінде ауылшаруашылық өнімі өндірілген. Қаланы абаттандыру, жарық, жылу, электр желілерін жаңғырту, әлеуметтік нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу ісі де өз деңгейінде атқарылған. Қаланың кәсіпкерлік саласының дамуы да өткен жылмен салыстырғанда тым жоғары. Олар келесі жылы инвестиция көлемін 6,1 млрд. теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр. 
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтылса, елдің ең алдымен Талдықорған қаласына назары ауатындығы анық. Десе де, облыс орталығындағы оң өзгерістер көңіл қуантады. Оны Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаевтың есебінен білдік. Оның айтуынша, осы жылдың он айында қаладағы өнеркәсіп саласының, бөлшек тауар айналымы мен құрылыс жұмыстарының,  негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда жоғары көрсеткішпен аяқталған. 
Келер жылғы жоспар да ауқымды. Қала әкімінің айтуынша, қазір «Талдықорған» индустриялық аймағында 5 жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде «Лунюань Жетісу» етті қайта өңдеу зауыты келесі жылы іске қосылады. Құны 4,5 млрд. теңге болатын      3 жобаның құрылыс жұмысы сәуір, мамыр айларында басталса, 4 жаңа өндірісті іске қосу және 2 жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту қарастырылуда. Елбасының тапсырмасына орай   «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 8-ші шағынауданда жалпы аумағы 102,0 мың шаршы метрді құрайтын көпқабатты үйлердің құрылысын қолға алу жоспарлануда. Келесі жылы да қалада атқарылатын жұмыс көп. Соның ішінде қаладағы №2-ші қазандықты газға ауыстырып, қуаттылығын 2 есеге ұлғайту жобасы көпшілікті қызықтырса,  аулаларды абаттандыру ісі де тұрғындардың қуанышын еселей түсетін болады. Қаланы газдандыру жұмысы да келесі жылы жоспардағыдай жүргізіліп, қала маңындағы елді мекендерге көгілдір газ жететін болады. 
Аудан, қала әкімдерінің есебін мұқият тыңдап шыққан Лаззат Махатұлы өз тарапынан да сұрақтар қойып, мәселені шешудің жолын қарастырды. Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары «7-20-25» бағдарламасының орындалуына ерекше назар аударып, аудан, қала басшыларына бұл бағыттағы жұмысты тыңғылықты іс-   теуді тапсырды.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Тюльпан қыз

Тюльпан қыз

08.03.2026
Менің Азалиям!

Менің Азалиям!

08.03.2026
Жамбыл жырына сусындады

Жамбыл жырына сусындады

08.03.2026
Ринг патшайымы

Ринг патшайымы

08.03.2026
«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.