Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп таралған және қоғамға едәуір қауіптісі – ұрлық. Қаратал ауданы Елтай ауылдық округі учаскелік полиция инспекторының жедел-қызметтік жұмысының басым бағыттарының бірі – бөтен мүлікті ұрлаудың, оның ішінде, мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу.
Бұл бағыттағы негізгі іс-шаралар «Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл» ведомстволық бағдарламасы жоспарының тармақтарын орындау шеңберінде іске асырылуда. Елтай ауылдық округінде бөтеннің мүлкін ұрлау профилактикасы бойынша іс-шараларды атқару үшін жоспар бекітіліп, учаскелік полиция инспекторымен, ақсақалдар кеңесі мүшелерімен, әкімшілік қызметшілерімен бірлесіп жұмыс жүргізіледі. Ауыл округінде тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі құрамында 6 адамнан тұратын, ауыл әкімі Т. Уәлиевтің басшылығымен жұмыс тобы құрылған. Ұрлыққа байланысты қылмыстармен күресуде жеке үлесін қосқан және белсенділік танытқан азаматтарды материалды ынталандыру механизмі құрылған.
Жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Сарыбұлақ ауылы, Өтеген батыр көшесі тұрғынының қара бұзауының жоғалуы жөнінде өтініш қабылданып, қылмыс ашылған. «Мал иесі – жергілікті атқарушы орган – бақташы» үш жақты келісімшарт жасау жобасы аясында 70 келісімшартқа қол қойылды. Сонымен, Елтай ауылдық округінде мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауыл әкімі, учаскелік полицияның қатысуымен халықпен жиындар өткізу, түсіндіру жұмыстары, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторларының халықпен 12 кездесуі өткізілді.
Қылмыстың алдын алу ісіндегі шараларды іске асыру жөніндегі жұмыс мүлтіксіз шараларды қабылдауды талап ететінін және барлық мемлекеттік органдардың күш-жігерін үйлестірудің маңызды міндеті болып табылатынын айта кету керек.
Жангүл ӘБІЛҚАСЫМ,
Елтай ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы




