Талдықорған: +26°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

27.11.2019
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Дүниедегі мамандық атаулының төресі болған ұстазға айтар алғыс шексіз де шетсіз. Адамзат баласы бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем беріп, құрметпен бас иетіні сондықтан.


Саналы ұрпақ тәрбиелеп, оларға сапалы білім беру жолында тынбай еңбек еткен ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері Тәңірберген Әлімбаевтың ерен еңбегін көпшілік жақсы біледі. 1916 жылы желтоқсан айында Ескелді ауданына қарасты Еңбек ауылында қарапайым  шаруа отбасында дүниеге келген. Мектепті жақсы нәтижемен бітірген ол Алматы қаласындағы Абай атындағы институтта 1937-1939 жылдары тарих мамандығы бойынша білім алады. Жалындаған жас маман еңбек жолын Талдықорған аудандық білім бөлімінен бастайды. Ел басына қиын күн туған шақта, яғни 1942 жылы өз қалауымен Қызыл армия қатарына алынады. Халтурин қаласындағы училищеде әскери білім алып, Финляндия, Австро-Венгрия, Украина, Брянск, Белоруссия, Минск, Бротослав, Берндорф қалаларында болған ұрысқа қатысып, I, II дәрежелі Ұлы Отан соғысы  ордендерімен марапатталады. Сұрапыл соғыста қан кешіп, Отан үшін кеудесін оққа тосқан жауынгер 1945 жылы қараша айында елге оралады. Жеңіс туын желбіретуге атсалысқан майдангер Талдықорған аудандық партия  комитетіне қызметке орналасады.

Болашағынан мол үміт күткен Тәңірберген Әлімбайұлы 1948 жылы Алматы қаласындағы орталық жоғары партия мектебінде оқып, партия қатарына қабылданады. 1950-1954 жылдары  Талдықорған қаласындағы Комсомол органдары мен партия кәсіподақтарының бөлімше бастығы қызметіне тағайындалады. 1955 жылы Абай ауылындағы жетіжылдық мектептің директоры әрі тарих, география пәндерінің мұғалімі қызметін атқарады. 

1956 жылы Еркін ауылындағы жетіжылдық мектепті 1961 жылға дейін басқарып, кейін Еңбек ауылындағы бастауыш мектептің тізгінін қолға алады. 1961 жылы наурыз айында Өтенай ауылдық кеңесіне қызметке жіберіледі. Асқан жауапкершілікпен атқарған жұмысын көпшілік жоғары бағалайды. 1971  жылы қыркүйек айында қайтадан Еңбек ауылындағы бастауыш мектепті басқарып, орталау сегіз жылдық мектептің ашылуына бір кісідей атсалысқан.

– Жас маман болып, қызметке орналасқанымда бізге бағдаршам болған Тәңірберген Әлімбайұлын, Төлтай Төлеков және Сақан Ысқақовтарды ерекше атап өткім келеді. Білікті де білімді басшымыз болған Тәңірберген ағайымыз өте зейінді, зиялы, ұйымдастырушылық қабілеті зор, кісілермен ортақ тіл табыса алатын көпшіл азамат еді. Ағайдың жастарға көрсеткен қамқорлығын ешқашан ұмытпаймыз. Сол тұста ауылда екі үй бой көтерсе, біреуі жас мамандардың еншісіне бұйыратын. Ол кісінің берген тәрбиесі өміріме азық болды, – деп еске алады қызметтес әріптесі, зейнеткер Жұмагүл Нұрабаева. 

1986 жылы абыроймен зейнеткерлікке шығып, ауыл ақсақалдарының қатарына қосылып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Еңбек ауылындағы пошта бөлімшесінің ашылуында, электр жарығының және су құбырларының жүргізілуінде Тәңірберген ақсақалдың қолтаңбасы бар. Халық үшін үнемі белсенділік танытып, нәтижелі жұмыс жасауды азаматтық парызы санайтын ардагердің бұл ісі кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге.

Білім саласына қосқан өлшеусіз еңбегі үшін «Оқу ісінің үздігі» атағы, «Қызыл жұлдыз» ордені өз иесін адаспай тапқандығын да мақтанышпен айтуға болады. 1984 жылы «Еңбек ардагері», «Ұлы Отан соғысының 20 жылдығы», «Ұлы Отан соғысының 30 жылдығы» және «50 лет Во-оруженных сил СССР», 1979 жылы «60 лет Вооруженных сил СССР» сонымен қатар «Ленин» орденімен марапатталып, КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасына ие болды. 1985 жылы «Ұлы Отан соғысының 40 жылдығына» Ескелді ауданының басшылары батырдың иығына шапан жауып, көлік сыйлап, ерекше ілтипат білдіргендігін көпшілік мақтанышпен айтуда.

– Тәңірберген Әлімбай-ұлының Еңбек ауылына, Талдықорған облысының ағартушылық қызметіне, білім саласына сіңірген қажырлы еңбегі өлшеусіз. Осындай мықты тұлғаның есімі ешқашан да ұмытылмауы керек. Еңбек ауылындағы №22 орта мектеп осы кісінің атымен аталса дейміз. Себебі, ұстазды ұлықтау, Отан үшін от кешкен батырдың ерлігін жас ұрпаққа өнеге ету бәріміздің азаматтық парызымыз, – дейді мектеп директоры Рахила Ақшолақова.

Еңлік КЕНЕБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

12.07.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.