Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Сақадай сай

19 мамыр 2024
КҮЛТӨБЕ
Сақадай сай
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданы экологиялық, танымдық, спорттық, емдеу-сауықтыру және аңшылық туризмді дамытуға қолайлы өңір. Суының шипалық қасиеті мол Алакөлге өткен жылы 1,5 миллион адам келді. Жыл бойы 9 млрд. 529 млн. тенгенің қызметі көрсетілді. Биыл жаңадан 8 туристік нысан іске қосылмақ. Оған 1398,5 млн. теңге инвестиция құйылған.

Әрине, жаз келсе көп жұрттың суы шипалы айдынды Алакөлге қарай алып ұшатыны белгілі. Енді бірер айдың көлемінде көл жағасында қызу тіршілік, қарбалас шақ басталады. Алакөлге көбіне көршілес Ресейден адамдар келуші еді, соңғы жылдары жерлестеріміз де шипалы суға ағылатын болды. Алыс шетелден келетіндердің қатары молая түскен. Олар жан рахатының Қырымда, Антальяда емес, Алакөлде екенін шын сезіне бастады. Ендеше, «Биылғы шомылу маусымына алакөлдіктер дайын ба?» деген сұрақтың туындайтыны анық. Осындай сұрақпен Ақши ауылындағы «Алакөл турбаза» демалыс орнының басшысы Еркін Ермырзаевпен жолығып, дайындық жұмыстарын білдік.

– Өткен жыл біздің мекеме үшін табысты болды. Келушілердің қатары көбейген сайын қызмет көрсетуге деген сұраныс та арта түсті. Әрине, біздің мақсат – туристерге жайлы жағдай жасау. Бірақ әр елден, тіпті, еліміздегі әр аймақтан келгендердің талғам-таразысы әртүрлі болады. Сондықтан қызмет көрсету аясында түрлі жаңа идеялар туындап жатады. Заман талабына сай біз де әрбір ұсынысты ескеріп, қызмет көрсету сапасын жақсартудың жолын қарастырудамыз. Шомылу маусымына да аз уақыт қалды. Сондықтан дайындық жұмысын қазірден бастап кеттік, – дейді кәсіпкер.

«Алакөл турбаза» демалыс орны Ақши ауылындағы тарихы терең демалыс орны. Өткен жылы күніне 500 адамнан қабылдап отырған нысан биыл күнделікті адам санын 600-ден асыруды жоспарлап отыр. Айта кетерлігі, былтыр аталған демалыс аймағының басшысы Еркін Ермырзаев жыл соңында аудан әкімі Алмас Абдиновтың қолынан «Туризм саласының үздігі» атты төсбелгі алып, кеудесіне қадады. Осы жетістігін төмендетіп алмау үшін ерте бастан демалыс орнын ретке келтіріп, ауладағы ағаштарды ақтап, күл-қоқысты тазалап, шөп-шалаңды өртеп, бүлінген жолдарды жасап, есік-терезе, қақпаларды бояп, аулаға сан түрлі гүл отырғызып, келушілерге экологиялық таза көкөніс ұсыну үшін жылыжай жұмысын қолға алыпты.

Мұндай дайындық тек «Алакөл турбаза» демалыс орнында ғана емес, Ақши және Көктұма ауылында орналасқан демалыс нысандары мен туристерді қабылдайтын жеке тұрғын үйдің аулаларында да жүріп жатқанын көрдік. Демек, алакөлдіктер алдағы шомылу маусымына сақадай сай.

Қажет Андас
Ақши ауылы,
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01
Көркі кірген көкше теңіз

Көркі кірген көкше теңіз

Бүгін, 10:00
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Бүгін, 09:11
Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.