Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

САРАЙШЫҚТАН ЖЕТКЕН ҮН

06.07.2021
КҮЛТӨБЕ
САРАЙШЫҚТАН ЖЕТКЕН ҮН
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосқан Ұлы Дала тарихының тамыры тереңде жатыр. Шаң басқан архивтердегі мәліметтерді жаңаша пайымдау, кейінгіге қазақы көзқараспен жеткізу – бүгінгінің міндеті. Сондықтан еліміздің рухын асқақтатып, халқымыздың абырой-беделін биіктететін әрбір дерек қараусыз қалмауы тиіс. Әсіресе, Ұлы Жібек жолының бойында жатып, адамзаттың даму үрдісіне өзіндік үлес қосқан әйгілі шаһарлардың тарихын әлемге паш ету қажет. Өйткені, қазақтың тарихын бұрмалап, асыл құндылықтарын аяқасты еткендер әлемдік өркениет пен саясатқа өзіндік үлес қосқан түркі рухын мансұқтауын тоқтатар емес.

Ертедегі Сақ, Ғұн, Үйсін мемлекеттерінен бастау алып, Алтын Орда дәуірінде асқақтаған қазақы рух ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел қорғаған кезеңдерде жарқырай көрініп, абырой биігін бағындырғаны белгілі. Одан кейінгі ел айырылып, Ақ Орда, Көк Ордаға бөлінген тұста бармақ шайнаулы кетіп еді. Одан соң өз алдына отау тігіп, Қазақ хандығының іргетасын қалаған Керей мен Жәнібек хандардан бүгінгі күнге дейін жалғасқан қазақ мемлекетінің орталығы талай ауысты. Жоңғар шапқыншылығы тұсында Түркістанды сағалаған халық Сырдария өзенін жағалай-жағалай Арал теңізіне дейін ығысты. Тым болмаса тұяқ серпіп өлуді қалаған жұртшылықтың басы Аңырақай шайқасында бірігіп, ерліктің, батырлықтың үлгісін көрсетті. Сондай ауыр күндерде ары-бері босқыншылыққа түскен бұқара ел астанасының талайының жермен-жексен болғанын көрді. Бір ғана Жетісуда Қойлық, Екіөгіз, Бояулы, Қарамерген, Ақтам, Талхиз, Алмалық сынды қалалардың орны қалды. Ал Алтын Орданың астанасы болған Сарайшық қаласы XIV ғасырдың алғашқы жартысында қолөнер мен сауда-саттықты дамытқанын көпшілік біле бермейді. Белгілі араб географ ғалымы, саяхатшы Ибн Батута өз жазбаларында 1334 жылы Сарайшық қаласын гүлденген қала ретінде сипаттап, ондағы жүзбелі көпір Бағдатта ғана болғандығын жазады. Ағылшын көпесі Антоний Дженкинсон 1558-1559 жылдары Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына сапарлап барып, шығыс пен батысты байланыстырған Сарайшық қаласының даму деңгейін суреттейді. Ондағы келбеті келіскен сарайлар мен мешіттер, ауқымды алаңдар мен ұзын көшелерді қамтыған сәулеттік шешімге қызыққан талай патша оны өз астаналарына пайдалануға тырысқан. Мысалы, Ресей Федерациясының астанасы Мәскеудің орталығындағы Қызыл алаңның жобасы Сарайшықтан алынған. Сөйткен шаһарды 1580 жылы орыс патшасы Иван Грозный арнайы жасақпен қиратып, жермен-жексен етеді. Оған себеп, түркі тектес халықтардың озық мәдениеті орыс ұлтынан биік тұрғанын көре алмау еді. Қарапайым ғана халықтық көзқараспен қарар болсақ, орыс шовинизмінің шегі жоқ екен. Ұлы Даладағы әйгілі сақ, үйсін қорғандарын тонап, өлгендердің қойнындағы алтын мен күмісті саудалағандар түркі мәдениетінің түп-тамырын жойғанын мойындамайтыны өкінішті. Оның да зауалы бар шығар…
Міне, осылайша зулаған күн мен түннің парағына үңіліп, тіршіліктің тынысын таныған халқымыз талай ғасыр бойы азаттықты аңсап өтті. Келісімді қаламаған жоңғардың зеңбірекке сенген астамшыл көңілін жер қылып, тойтарыс берген қазақ өркениет көшіне жылдамдата ілесуді көздегені анық. Алайда әлемдік саясаттың ықпалымен ақ патшаның қол астында күн кешіп, қызыл мен ақтың тартысына куә болған ата-бабаларымыз ұрпағының қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүргенін аңсады. Алаш идеясын көтерген қайраткерлерді қорғасынға байлаған кеңестік идеологияның ықпалымен Ташкент, Орынбор, Ақмешіт (Қызылорда), Алматы еліміздің астанасына айналды. КСРО атты алпауыт мемлекет құлап, тәуелсіздік алғанымыз күні кеше ғана секілді. Содан бері аттай 30 жыл өтпегендей, айлар сырғымағандай әсер қалдырады.
Сарыарқаның төсін жайлап, әлемдік аренада өзіндік ұстаным-қадамын бекіткен жаңа шаһарды орта ғасырдағы Сарайшықтан жеткен үн тербейді. Ол үн – бабаның қаны, ананың жасынан туған аңсар арман!

Мәди ӘСЕТҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Болашақ туризмнің белдеуі

Болашақ туризмнің белдеуі

09.07.2026
Қаратал аудандық ауруханасы GPP сертификатына ие болды

Қаратал аудандық ауруханасы GPP сертификатына ие болды

09.07.2026
Тарихтан тамыр тартқан құжат

Тарихтан тамыр тартқан құжат

09.07.2026
Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні

Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні

09.07.2026
Жауапты қызметтің талапты міндеті

Жауапты қызметтің талапты міндеті

09.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.