Талдықорған: +3°C
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Сенім нақты іспен өлшенеді

17.02.2026
КҮЛТӨБЕ
Сенім нақты іспен өлшенеді
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласына іргелес орналасқан Өтенай ауылы бүгінде әлеуметтік-экономикалық тұрғыда даму кезеңін бастан өткеріп отыр. Елді мекеннің болашағы – инфрақұрылымның жай-күйі, тұрғындардың өмір сапасымен және жергілікті басқарудың тиімділігімен тығыз байланысты. Қалаға тән мүмкіндіктер ауыл жұртының еңбек нарығын, білім беру мен медицина қызметтерін, ішкі әлеуетін арттыру мен инфрақұрылымды жүйелі дамытуды талап етеді. 

Қала іргесіндегі
игілік

Ауыл-аймақты дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру – Мемлекет басшысы жүктеген басым міндеттердің бірі. Осы бағытта Талдықорған қаласында мемлекеттік бағдарламалар аясында бірқатар нақты жұмыс жүзеге асырылып, облыс орталығына қарасты ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жылдан жылға жақсарып келеді. Өтенай ауылы тұрғындарының айтуынша, соңғы жылдары білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет салаларына ерекше көңіл бөлініп, ауызсу, жол, жарық, газ мәселелері кезең-кезеңімен шешімін табуда. Ауыл шаруашылығы саласында өнім өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, елді мекеннің тынысы кеңейе түскен.

Өтенай ауылдық округі – ынтымағы жарасқан, өсіп-өркендеп келе жатқан өңір. Округ құрамына Өтенай, Еңбек, Мойнақ, Пригородное, Ынтымақ ауылдары және «Жастар-1», «Жастар 1/1», «Жастар-2», «Жастар-3» тұрғын үй алаптары кіреді. Жалпы халық саны 18408 адам. Ел игілігіне қызмет ететін инфрақұрылым да жеткілікті. Округте 4 орта мектеп, 1 мемлекеттік және 8 жекеменшік балабақша, 2 дәрігерлік амбулатория, 3 Мәдениет үйі, 1 әкімшілік ғимарат, 3 мешіт жұмыс істейді.

Негізі жоғарыдан қолдау табу мен қарапайым халықпен тіл табыса жұмыс істеу біліммен қатар өмірлік тәжірибені, жауапкершілік пен табандылықты талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, Өтенай ауылының қазіргі ахуалын ауыл әкімі Руслан Ырысбекұлының еңбек жолымен тығыз байланыстыруға болады. Ол І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетін тамамдап, мемлекеттік қызметті дәл осы Өтенай ауылының әкімдігінде жас маман ретінде бастаған. Содан бергі 10 жылға жуық уақыт оның өмірі ауылдың қиын-қыстау кезеңі, жетілген уақытымен өрілді. Тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарды. Соңғы бір жарым жылда ауыл әкімі ретінде елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Ол ауылдың ой-шұқырын, өзекті мәселесін, мүмкіндігін бес саусағындай біледі.

Қысқасы, ауыл әкімінің тұрғындармен қоян-қолтық жұмыс істеуі, жергілікті бастамаларды қолдауы өтенайлықтардың белсенділігін арттырып отыр. Көптеген мәселе халықпен ақылдаса отырып шешілгендіктен, өкпе-реніш болмайды. Бұл – басқарудың ашықтығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Өтенай ауылдық округінде кейінгі жылдары елді мекен аумағы айтарлықтай ұлғайып, соған байланысты жол мен жарық мәселесі күрделі болған еді. Қазір бұл қиындық біртіндеп шешімін тауып, тұрғындардың қатынасы мен қауіпсіздігі едәуір жақсарды.

Округте жол, жарық, газ және инженерлік инфрақұрылым бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ең ірі жобалардың бірі – «Жастар-1» тұрғын ауданында 53 көшені қамтитын 25,7 шақырым жол құрылыстың басым бөлігі орындалған. Сонымен бірге «Жастар-2» аумағында 12 көшенің (9,8 км.) күрделі жөндеуі басталып, биыл Қасым хан, Жазиралы, Нұрлыжол, Мұратбаев көшелеріне асфальт төсеу жоспарланған. «Жастар-3» тұрғын үй алабында да 20 көшені қамтитын 12 шақырым жолды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ауылішілік жолдарды жақсарту назардан тыс қалған жоқ: Жансүгіров көшесі бойына 1,4 шақырым қиыршық тас төселген. Бұдан бөлек, округ бойынша көшелердегі шұңқырларды жамау жұмыстары 500 шаршы метр аумақта атқарылған. Көркейту-көгалдандыру бағытында да көп дүние жасалған. Жарықтандыру аясында, инженерлік желілер бойынша да маңызды қадамдар бар.

– Атқарылған жұмыстар аз емес. Әрине, кемшіліксіз іс болмайды. Дегенмен, бағыт айқын, мақсат нақты. Бастысы – елдің тыныштығы мен бірлігі, – дейді ауыл әкімі.

Экономикалық тұрғыда ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік негізгі тірек салалар болып отыр. Бүгінде округ аумағында 153 шаруа қожалығы мен 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді. Оларға тиесілі жайылым және егістік жер көлемі 6590 гектардан асады. Мұнда арпа, бидай, жүгері, жоңышқа, майбұршақ, қант қызылшасы және өзге де дақылдар өсіріледі. Мал басы да жылдан жылға артып 2583 бас ірі қараға, 9 мың қой-ешкіге, 1900-ден аса жылқыға жеткен. Кәсіпкерлік бағытта да серпін бар. Жалпы округ бойынша 397 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Оның ішінде 9 ЖШС бар. Сауда-саттық пен қызмет көрсету саласында 235 дүкен, 3 кафе, 2 жиһаз өндіру цехы, 2 құрылыс дүкені, сондай-ақ, зоодүкен, газ толтыру бекеті, тіс емдеу емханасы секілді нысандар халыққа тұрақты қызмет көрсетіп келеді.

Газдандыру мәселесі де ретімен шешілуде. Алғашқы кезеңде Өтенай, Еркін, Еңбек және «Шайқорған» саяжайлары мен Мойнақ ауылына газ тартылған. Жоспарға сәйкес, «Жастар-3» шағынауданын табиғи газбен қамтамасыз етудің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілген.

Тапсырманы орындау – міндет

Өткен жылы Мемлекет басшысы Астана төрінде ауыл әкімдерін қабылдап, жергілікті басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма жүктеген болатын. Атап айтқанда, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындармен кері байланысты күшейту және жергілікті мәселелерді жедел шешу міндеті алға қойылды. Осы тапсырмалардың Өтенай ауылында қалай жүзеге асып жатқанын саралап көрдік.

– Мемлекет басшысы атап өткен инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі Өтенайда кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Соңғы уақытта ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, санитарлық тазалықты күшейту, абаттандыру жұмыстары жүйелене бастады, – дейді ауыл әкімі.

Экономикалық даму және шағын кәсіпкерлікті қолдау Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің қатарында. Өтенай ауылында әзірге ірі өндіріс орындары жоқ болғанымен, қызмет көрсету саласы мен жеке кәсіп бастамалары біртіндеп дамып келеді. Бұл бағытта әкімдік тарапынан түсіндіру жұмысы жүргізіліп тұрады. Осы ауылда жас маман болып жұмыс бастаған, содан кейінгі 10 жылда тұрғындармен қоян-қолтық тірлік кешіп келе жатқан ауыл әкімі үшін бұл қиын дүние емес.

Жауапкершілік
жүгі салмақты

Ауыл әкімі болу – тек басқару емес, халықтың күнделікті тіршілігімен қатар жүру. Өтенайда да тұрғындарды толғандырған негізгі сұрақтар – жол, жарық, су, инфрақұрылым және әлеуметтік мәселелер. «Кез келген түйткіл ең алдымен әкімдікке келеді», – дейді ауыл тұрғындары. Олардың айтуынша, мәселені дер кезінде тыңдап, түсіндіре білу әкім жұмысының ең маңызды бөлігі.

Ауыл әкімінің қызметіндегі ең күрделі тұс – жауапкершілік пен мүмкіндік әрдайым қатар жүрмеуі. Халықтың күткені орынды, бірақ әр шаруаның өз тәртібі, уақыты, келісімі мен қаржысы бар. Мұндайда тұрғындарға жағдайды ашық айту, сабырмен жеткізу қажет.

– Ауылдағы әр мәселе – халықтың тағдыры. Барлығын бір күнде шешу мүмкін емес, бірақ кезең-кезеңімен жүйелі түрде атқаруға болады. Бастысы – елдің бірлігі мен түсіністігі, – дейді ауыл әкімі.

Тұрғындармен күнделікті бетпе-бет жүру – ауыл әкімінің тағы бір ерекшелігі. Өйткені ауылда мәселе кабинетте ғана емес, көшеде де, дүкенде де, жиында да айтылады. Бұл бір жағынан сенімнің белгісі. Сонымен бірге заң талабы мен жергілікті жағдайдың арасындағы тепе-теңдікті сақтау да оңай емес. Кей өтініштің жаны бар болғанымен, оны заң шеңберінде бірден шешу мүмкін емес. Бұған қоса, кадр тапшылығы да сезілетін кездер бар. Дегенмен, ауылды дамытуда ең тиімді жол – тұрғындармен бірлесе әрекет ету.

Демек, ауылдың дамуы әкімнің ғана емес, бүкіл жұрттың ортақ ісі. Ал әкімнің міндеті – сол ортақ іске бағыт беріп, жұртты бірлікке жұмылдыру. «Ауылдың көркейгенін көргенде ғана еңбектің өтеуі сезіледі» дейді өтенайлықтар.

Іс пен нәтиже

– Өтенайлықтардың талап-тілегі жоғары, мәселелері де алуан түрлі. Осы жағдайда сенімнің басты өлшемі – әкімдік пен халықтың диалогы. Ауылда тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыру, күнделікті мәселелерді тікелей талқылау тәжірибесі қалыптасқан. Бұл тәсіл тұрғындардың өз мәселесін айтуына ғана емес, шешім қабылдау үдерісіне қатысуына мүмкіндік береді, – дейді ауыл әкімі.

Сенім нақты іспен өлшенеді. Әсіресе шағын, бірақ күнделікті өмірге тікелей әсер ететін мәселелердің дер кезінде шешілуі – әкімдікке деген сенімді күшейтетін фактор. Сонымен қатар ауылдастар арасындағы кейбір дау-шарлар да әкімдіктің араласуы арқылы шешіліп жатады. Мұндай жағдайда әкімдік тек ресми орган ретінде емес, ауыл ішіндегі келісім мен татулықты сақтауға ықпал ететін ортақ төрелік алаңы саналады.

Бұл үдерісте Руслан Ырысбекұлының басқару тәсілі айқын көрінеді. Оның тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға ұмтылысы, жергілікті бастамаларды қолдауы және шешімдерді көпшілік пікірін ескере отырып қабылдауы сенімнің қалыптасуына ықпал етуде. Дегенмен, сенім – біржақты құбылыс емес. Халықтың да жауапкершілігі маңызды.

Қысқасы, Өтенай ауылында әкім мен халық арасындағы сенім нығаю кезеңінде деуге болады. Әлі де шешімін күткен мәселелер бар, алайда олар ашық айтылып, бірлесе талқыланып жүр. Ашық диалог пен ортақ іске негізделген бұл қарым-қатынас ауылдың тұрақты дамуына жол ашатын маңызды факторға айналып келеді.

Тұрғындар тілегі:
Өтенай ауылдық округінің тұрғындары тарапынан әлі де өз шешімін күткен бірқатар мәселе көтерілуде. Соның ішінде Жастар-1, Жастар-2, Жастар-3 тұрғын үй алаптарында жол құрылысы қарқынды жүріп жатқанымен көшелерде түнгі жарықтандыру жүйесі толық орнатылмаған. Әсіресе жаңа қоныстанған аудандарда кешкі уақытта қиындық туындайды. Сондай-ақ, қоғамдық көлік мәселесі де өзекті. Кейбір көшелерден аялдамаға дейінгі арақашықтық алыс, ал маршрут саны жеткіліксіз деген пікірлер бар. Бұл мәселе жұмысқа, мектепке, емханаға қатынайтын тұрғындар үшін қолайсыздық туғызады. Кейбір көшелерде арық жүйесі мен жүргіншілер жолы толық аяқталмаған. Жауын-шашын кезінде су жиналатын жерлер кездеседі. Бұл жаяу жүргіншілерге де, көлік қозғалысына да қиындық туғызады. Тұрғындар жаңа аудандарды тек асфальт төсеумен шектемей, жарық, арық, жүргіншілер жолы, көгалдандыру жұмыстарын кешенді түрде жүргізуді сұрайды. 

 

Қажет АНДАС
Өтенай ауылы

Қатысты жаңалықтар

«ДАУЫС» қоғамдық бақылаушылар коалициясының МӘЛІМДЕМЕСІ

«ДАУЫС» қоғамдық бақылаушылар коалициясының МӘЛІМДЕМЕСІ

17.02.2026
Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі

Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі

17.02.2026
Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды

Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды

17.02.2026
Талдықорған кітапханалары «Жылдың үздігі» атанды

Талдықорған кітапханалары «Жылдың үздігі» атанды

17.02.2026
Жетісуда 8,5 мың жұмыс орнын ашатын 93 жобалы инвестициялық портфель қалыптастырылды

Жетісуда 8,5 мың жұмыс орнын ашатын 93 жобалы инвестициялық портфель қалыптастырылды

17.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.