Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Шеберлік сағатын өткізді

Талдықорғанда облыстық көпсалалы клиника мен аурухана базасында хирургияда минималды инвазивті технологияларды қолдану бойынша үш күндік шеберлік сағаты өтті.

28 тамыз 2025
КҮЛТӨБЕ
Шеберлік сағатын  өткізді
WhatsAppTelegramFacebook

Айта кету керек, іс-шараға Мәскеуден келген И.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің (РФ) факультеттік хирургия кафедрасының меңгерушісі профессор Алексей Лотов қатысты. Шеберлік сағатының басты нәтижесі – Жетісуда бұрын қолданылмаған жаңа емдеу әдістерін, атап айтқанда бауыр эхинококкозында пункциялық-дренаждық араласуларды енгізу болды.

Алғашқы күні профессор Лотов облыстық көпсалалы клиника директоры Мадияр Өмірбаевпен, профессор Дауренбек Арыбжановпен және мекеме мамандарымен бірге таңғы кеңес өткізді. Кейін науқастарды қабылдап, алдағы күндерге жоспарлы ота кестесін құрды. Осы күні профессор Лотов бауыры ісікпен зақымданған науқасқа іш қуысына дренаж қою процедурасын жасады.

– Біз профессор Лотовқа шақыруымызды қабыл алып, Жетісуға келгені үшін алғыс білдіреміз. Оның минималды инвазивті хирургия саласындағы тәжірибесі мен білімі – клиникамыздың ғана емес, бүкіл өңірдің денсаулық саласының дамуына ықпал етеді. Мұндай шеберлік сағаттарының ең басты құндылығы – мамандарымыз жаңа технологияларға қол жеткізіп қана қоймай, практикалық оқудан өтеді, – деді клиника директоры Мадияр Өмірбаев.

Шеберлік сағатының екінші күні ота және оқу-әдістемелік жұмыстарға толы болды. Тәжірибе алмасу сағатында жамбас кистасын алып тастау бойынша ашық ота жасалды. Облыстық ауруханада екі минималды инвазивті процедура орындалды: бауыр кистасын УДЗ бақылауымен қайта дренаждау және эхинококкэктомия (12 см-ден асатын кистаға).

Кейін профессор Лотов аймақ хирургтары мен онкологтарына лекциялар циклын оқып, механикалық сарғаю, асқынған панкреатит және бауырдың паразиттік ауруларын емдеудегі заманауи тәсілдерімен бөлісті.

Соңғы күні науқастарды аралап, клиникалық онкопатологияларды талқылауынан басталды. Бұдан кейін облыстық ауруханада бес жоғары технологиялық ота жасалды. Олардың ішінде: жатыр мойны обыры кезінде артерия ішіне рентгенхирургиялық араласулар, анатомозды реканализация, бауыр эхинококкозын санациялау және кисталарды дренаждау.

Шеберлік сағатының қорытындысы бойынша 20 науқас қаралды және кеңес алды, 9 ота жасалды, оның 8-і – минималды инвазивті технологиялар арқылы және 3 кеңейтілген консилиум өткізілді.

Облыста алғаш рет бауыр эхинококкозында пункциялық-дренаждық ота жүзеге асты.

– Шеберлік сағаты жай ғана оқу іс-шарасы емес, бүкіл өңірдің денсаулық сақтау жүйесі үшін нақты практикалық қадам болды. Біз алдағы уақытта да минималды инвазивті хирургияны дамытып, кадрларды оқытып, жаңа әдістерді енгізуді жалғастырамыз. Мұндай іс-шараның барлығы – науқастарымыздың саулығы үшін, – деп атап өтті М. Өмірбаев.

Айта кету керек, шеберлік сағаты денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Ол қазақстандық және шетелдік мамандардың ынтымақтастығының өңірлік медицинаны дамытуға бағытталған жарқын үлгісі.

Өз тілшіміз

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.