Талдықорған: +25°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШЕШІЛМЕЙТІН ТҮЙІН ЖОҚ

10.07.2024
КҮЛТӨБЕ
ШЕШІЛМЕЙТІН ТҮЙІН ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген көпшіліктің сұрағына жеке-жеке көңіл бөлген аймақ басшысы әрбір мәселенің мәнісін анықтап, заң шеңберінде оңынан шешілуіне ықпал етеді. Облыс тұрғындарының көпшілігі мемлекеттік тұрғын үй, жер мәселесі бойынша өтініш білдірді.


Ең әуелі ерлі-зайыпты Қазығұрт Мүбәрқан мен Нұрқамал Қалел 3-топтағы мүгедектіктен 2-топтағы мүгедектігіне өту керектігін айтты. Нұрқамал Қалелдің негізгі ауруы гипофизарный нанизм, эпилепсия, 2017 жылдан бастап невропатолог дәрігерде диспансерлік есепте тұрады. Мүгедектіктің тобын ауыстыру үшін арыз иесі тіркелген медициналық ұйымына жүгініп, толық медициналық зерттеулерден өту керек. Егер медициналық ұйымның дәрігерлік кеңес комиссиясы денсаулығының нашарлауын, организмнің тұрақты бұзылуын, тіршілік-тынысының шектеулерін анықтаса медициналық әлеуметтік сараптамаға жолданады. Облыс басшысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансенгіровке Нұрқамал Қалелдің денсаулығын анықтау үшін медициналық тексеруден өткізіп, мүгедектік тобын ауыстыру үшін жолдама беруді тапсырды. 

Қазығұрт Мүбәрқан жеке кәсібін жүргізу үшін жер бөліп беру мәселесін көтерді. Ол қолөнер шеберханасын ашу үшін жер учаскесін сұрайды. Ескелді ауданы әкімдігі 2024 жылдың мамыр айында Қарабұлақ ауылында екі жер учаскесін ұсынған. Алайда ол жер учаскесін бірден жеке меншігіне аударып беруді талап етіп, ұсынылған жерден бас тартқан. Мәселенің мән-жайын тыңдаған облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы: «Заң – баршаға ортақ. Заңнан аттап жергілікті атқарушы органдар ештеңе істей алмайды. «Кәсіп бастаймын» деген ойыңыз дұрыс. Қолдаймыз. Сондықтан сіздің мәселені Ескелді ауданының әкімі Елдос Ахметовке тапсырамын. Жер заңнамасына сәйкес коммерциялық жер учаскелерін бөліп беру, жер учаскелерін жеке меншікке сатып алу тәртібін түсіндіріп, халық үніне құлақ асып, мәселенің оң шешімін табуға көмектесу керек», – деді.  

Қала тұрғыны Толқын Баянбаева мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген үйін ұлғайту туралы өтініш білдірді. ҚР тұрғын үй заңнамасында тұрғын үйді кеңейту қарастырылмағандықтан өтініш білдірушіге Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу тәртібін түсіндіріп, барлығы да Заң шеңберінде жүзеге асатынын айтты. 

Жаркент қаласында Жамбыл атындағы орта мектептің жанынан жапсарлай жаңа мектеп және шағын футбол алаңын салу қажеттігін айтқан зейнеткер, 3-топтағы мүгедек, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, қоғам белсендісі Сұлтанғазы Қоқаби осы мәселенің мәнісін шешуге көмек сұрап келді. Арыз иесі мектепке жапсарлама құрылыс жүргізу үшін Жаркент крахмал-сірне зауытына берілген жерді қайтарып алуды сұрайды. Бұл жер учаскесі ҚР Жер кодексінің және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының талаптарына сәйкес Жаркент қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізілген жағдайда Жаркент крахмал-сірне зауытына жері мен үстіндегі жылжымайтын мүлкі үшін келтірілген шығындар мен залалдарды өтеу тәртібімен мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылуы мүмкін. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменовке құрылыс жүргізу қажеттілігін зерделеп, ұсыныс енгізуді тапсырды. 

Мүмкіндігі шектеулі жандарға киім тігу үшін «Айсана» қоғамдық бірлестігін үй-жаймен қамтамасыз етуге өтініш білдірген Сауле Горбунованың арызы бойынша іс оңынан шешімін тапты.  Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі мемлекеттік мүлік тізімінің веб-порталында үй-жайды 5 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру үшін конкурс жарияланған. Алдағы уақытта 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған Сәуле Горбунова жеке үй-жайында өз кәсібін дөңгелету мүмкіндігіне ие болады.  

«Береке» коттеджді қалашықтың тұрғыны Жанна Айнағұловаға облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Талдықорған қаласының әкімдігі коттедждік қалашықтағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төмендету бойынша жеңілдік қарастырған. Қазіргі таңда жалға алу ақысы 15 мың 512 теңгеден 8 мың 310 теңгеге дейін төмендетілді. Енді ол үйдің құрылыс сапасының сын көтермейтінін, 2-қабаттағы жатын бөлмелер қыста суық болатынын айтып шағымданған жалғызбасты анаға аймақ басшысы Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілге демеушілік қаражат есебінен жылу беру маусымы басталғанға дейін өтініш беруші үйінің шатырын жөндеуді тапсырып, тікелей өзі қадағалайтынын жеткізді. 

Қоғамдық қабылдау соңында облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтардан түскен арыз-шағымдар мен ұсыныстар заң аясында шешілетінін айтып, жауапты басшыларға тапсырма берді.

Еңлік КЕНЕБАЙ
 

Қатысты жаңалықтар

«Тазалық өзіңнен басталады»: «Green Start Up» экологиялық бастамасы өтті

«Тазалық өзіңнен басталады»: «Green Start Up» экологиялық бастамасы өтті

19.06.2026
Нобель сыйлығының иегері Мо Яньнің екі кітабы қазақ тілінде жарық көрді

Нобель сыйлығының иегері Мо Яньнің екі кітабы қазақ тілінде жарық көрді

19.06.2026
Мемлекет басшысы Черногория Президентін қарсы алды

Мемлекет басшысы Черногория Президентін қарсы алды

19.06.2026
Дара дәстүр немесе «Табалдырық» туралы түсінік

Дара дәстүр немесе «Табалдырық» туралы түсінік

19.06.2026
Қарымта ойында шешіледі

Халық ойындары. Жетісудың футболшылары жеңімпаз атанды

19.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.