Талдықорған: +13°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШИКІЗАТТЫҚ ЕМЕС СЕКТОР ДАМИДЫ

4 маусым 2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төрағалық еткен Үкімет отырысында отандық экономиканың шикізаттық емес секторы дамуының алдын ала көрсеткіштері қаралды. Жиынға облыс әкімінің  міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашев қатысты.


Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндама жасады. Ол коронавирус пандемиясының тәуекелдері мен сын-қатерлеріне байланысты металл өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру сияқты салалардағы жоспарлы индикаторларға қол жеткізілмегенін атап өтті. Әлемдік аренада серіктестерге көрсетілген Қазақстанның шетелдік қызметтерінің экспорты 8,8 млрд. долларды құрады. Бұл да белгіленген межеден төмен екендігі айтылды. 

Министрлік жағдайды түзету бойынша міндеттемелерді өз жүктемесіне алған. Сондай-ақ, ынтымақтастыққа жетекші еуропалық консалтингтік компаниялар тартылды. Он алты басым тауар позициясы анықталып, олар ведомстволық жобалық кеңседе ресми түрде бекітілді. Өткен жылы пандемияға байланысты біздің елімізде 19,1%-ға төмендеген экспорттық құрамдас бөлікке артықшылық беріледі. Одан бөлек, жергілікті жерлерде, облыстарда жағдайды реттеу бойынша мақсатты жұмыс жүргізу қажеттігі баяндалды. Шикізаттық емес сектордың тауарлық экономикалық бөлігі кемінде 24 миллиард долларды құрауы тиіс екені сөз болды.

Үкімет отырысында өңдеуші индустрияға баса назар аударылды. Ол үшін оған 32% үдемелі серпін беру керек. Экспортқа бағдарланған өңделген өнімнің бастапқы өсімі болғанымен, жеткіліксіз. Жағдайды түзету үшін әрбір шикізаттық емес секторда өсу қарқыны кемінде 29%-ды құрауы тиіс. Дәл осы екі позиция бойынша республикада 2020 жылы өндірістің күрт төмендеуі байқалды.

Баяндаманы тыңдағаннан кейін Асқар Мамин барлық ведомстволық бағынысты құрылымдарға бір апта мерзімде шикізаттық емес экономикалық секторды дамыту жоспарын орындау жөнінде нақты ұсыныстар дайындауды тапсырды. Олар Үкіметтің алдағы отырыстарының бірінде қаралатын болады.

Е. МАРХАБЕКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жасөспірімге жан-жақты қолдау қажет

Жасөспірімге жан-жақты қолдау қажет

Бүгін, 10:31
Қалдықтарды қайта өңдеуге 400 млн доллардан астам инвестиция тартылады

Қалдықтарды қайта өңдеуге 400 млн доллардан астам инвестиция тартылады

Бүгін, 10:30
Талдықорғанда құрылыс қарқынды

Талдықорғанда құрылыс қарқынды

Бүгін, 10:28
Жетісу облысында көлік апаттары 7 пайызға азайды

Жетісу облысында көлік апаттары 7 пайызға азайды

Бүгін, 10:01
Ауылдарда өрт сөндіру бекеттері 323-ке жетті

Ауылдарда өрт сөндіру бекеттері 323-ке жетті

Бүгін, 09:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.