Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ІСКЕР ӘЙЕЛ

28 қаңтар 2022
КҮЛТӨБЕ
ІСКЕР ӘЙЕЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының тұрғыны Дана Үсенбекова мемлекеттік гранттың көмегімен жеке киім желісі мен киім брендін жасап, шығаруда. Дана Үсенбекова мамандығы бойынша саясаттанушы. Бірнеше жыл Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының аудандық соттарында жұмыс істеді. Алайда, саясаттану мен мемлекеттік қызметтен гөрі киім дизайны бағыты жанына жақын болды.


Студент кезінен бастап түрлі киім сызбасын дайындап, ателье ашуды армандады. 2019 жылы ол «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жүгініп, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша оқыту жобасына жазылды.
– «Дарын атадан балаға беріледі» демекші, менің әжем қолөнер шебері болса, әкем суретші. Сондықтан бойымдағы қабілетімді дамыту үшін «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік туралы білімімді шыңдадым. Жобам 200 АЕК көлемінде грантқа ие болды. Бұл қаражатқа жабдықтар, маталар мен басқа да қажетті заттарды сатып алдым. Қазір үйде тапсырыс қабылдап, киімімді D’Atelier онлайн дүкені арқылы сатамын, – дейді жас кәсіпкер.

18-35 жас аралығындағы қыздарға арналған көйлектер Dana Talgatkyzy брендімен тігіледі.
– Әр киім эксклюзивті, ең сапалы маталар мен фурнитуралардан әзірленеді. Осылайша біз қыз-келіншектердің әсемдігі мен талғампаздығын ерекше атап өткіміз келеді, – дейді Дана Үсенбекова.

Көксу ауданындағы Меруерт Тойболат кәсібін нәсіп еткен іскер жанның бірі саналады. «Бастау бизнес» жобасының 2020 жылғы түлегі былғарыдан аяқкиім шығаруға 200 АЕК көлемінде грант жеңіп алды. 
– Ата-анам қолөнершілер болған соң кішкентайымнан тері, матадан бұйымдар жасауға әуес болып өстім. Үйде бос отырмау үшін мемлекеттік қолдаудың көмегімен бизнес негіздерін үйренуді ұйғардым. Осылайша қазір таза былғарыдан балалар мен ересектерге арналған жазғы және қысқы мәсілер жасаймын. Сондай-ақ, алдағы уақытта жұмыссыз адамдарды қолөнерге тегін үйретіп, цехыма жұмысқа алуға дайынмын, – дейді Меруерт Тойболат.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаеваның айтуынша, өткен жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы бойынша 3,1 мыңнан аса жұмыссыз және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер оқытылған. Өткен жылдары аяқтағандарды ескере отырып, жоба бойынша оқытылғандар ішінен 2011 бизнес-жоба мемлекеттік бағдарламалар бойынша гранттық қаржыландыру мен жеңілдетілген несие алған.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

21 қараша 2026
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

21 қараша 2026
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

21 қараша 2026
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

21 қараша 2026
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

21 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.