Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰСТАЗ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

21 қараша 2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен, қала әкімінің қолдауымен Жеңістің 75 жылдығына орай  соғыс, тыл, еңбек ардагерлері мен қоғам қайраткерлерінің ерлігін және ерен еңбектерін бағалап,  тұрған үйлерінің қабырғасына ескерткіш тақта орнату игілікті ісі жалғасуда.


Осындай жан жылытар шараның бірі Жамбыл Жабаев көшесіндегі  101-үйде тұрған ұстаз Жомарт Жапаровқа арналды. Жомарт Жапаров өмірін білім-ғылымға арнаған жан. Бұрынғы Гвардия ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген Жомарт Жапарұлы Ресейдің Новосибирдегі мемлекеттік университетінің физика факультетіне түсіп, үздік тамамдағанан кейін Ленинград қаласындағы А. Ф. Иоффе атындағы физика-техника институтының аспирантурасын бітіріп, еңбек жолын Қарағанды педагогика институтында физика кафедрасының ассистенті болып бастайды. Білім мен ғылымға, жаңашылдыққа құштар жан өзінің ізденімпаздығының арқасында қызметтік сатысын әр жыл сайын жоғарылатады. Ұстаздық ете жүріп, ғылыммен айналысып, физиканың жаңа қырын ашып, көптеген еңбек жазады. 1977 жылы Талдықорған қаласындағы педагогика институтының физика кафедрасының меңгерушісі қызметінен бастап, ректорлық дәрежеге дейін жетеді. Дәл осы жылдар ішінде Талдықорған қаласындағы жоғары оқу орнының беделі артып, көптеген жаңа істер алға жылжиды. Заманның ағымына орай түрлі факультеттер ашылып, білімгерлердің саны артады. Оның материалдық базасымен қатар шәкірттердің білім деңгейіне көңіл бөлініп, талантты жастарды қанаттандырды. Мұнымен қоса ұлттық-мәдени саланы да дамытып, институт қабырғасынан ән-күй шалқыды. «ҚССР-дің халық ағарту ісінің үздігі», «ССРО жоғары білім беруде-гі жетістіктері» төсбелгілерімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталып, профессор атағына ие болды. Қырықтан астам оқулықпен оқу-әдістемелік құралдарының авторы. Өмірінің соңына дейін жоғары оқу орнын басқарған Жомарт Жапаров Талдықорған педагогикалық институтын университет атағына ауыстырып, бір сатыға жоғарылатты. Осындай еңбегімен еленген Жомарт Жапаров 1996 жылы өмірден өтті. Азаматтың игі істерін бағалаған қалалық ардагерлер кеңесі өзі тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатып, салтанатты түрде ашты. Жиынға Жомарт Жапаровтың зайыбы Райса Серікбайқызы, бірге қызмет істеген Амангелді Какенов, отбасы және қала әкімдігінен арнайы қонақтар қатысты.    

Жиынға келгендер ыстық лебізін ақтарып, ұстаздың еңбегі жайлы естеліктер айтты. Мағжан Жұмабаевтың «Алты Алаштың басы қосылса, төрдегі орын ұстаздікі» дегеніндей, Жомарт ұстаздың ескерткіш тақтасы үй қабырғасында жарқырап тұрмақ.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00
Табысты майлы дақыл

Фермерлерге арналған жаңа сауда стратегиясы мен баға ұсынымдары жарияланды

Бүгін, 11:30
Елімізде 160 тоннаға арналған қосымша бактар әшкереленді

Елімізде 160 тоннаға арналған қосымша бактар әшкереленді

Бүгін, 11:05
Отбасының цифрлық картасы азаматтардың әл-ауқатын қалай бағалайды?

Отбасының цифрлық картасы азаматтардың әл-ауқатын қалай бағалайды?

Бүгін, 10:30
Ауылдарды газдандыру мен күре жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

Ауылдарды газдандыру мен күре жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

Бүгін, 10:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.