Талдықорған: +36°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰСТАЗ ЖОЛЫ — ҰЛЫ ЖОЛ

10.03.2021
КҮЛТӨБЕ
ҰСТАЗ ЖОЛЫ - ҰЛЫ ЖОЛ
WhatsAppTelegramFacebook

«Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет» деп Халық батыры Бауыржан Момыш-   ұлы айтпақшы, жастарға тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге беретін оқытушылықтан асқан абыройлы мамандық жоқ шығар?! Осынау ізгілікті істі шамшырақ етіп келе жатқан педагогика ғылымдарының докторы, Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры, Қазақстан Республикасының Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі Марат Мәлтекбасовтың білім, ғылым саласына сіңіріп жатқан еңбегі зор.


Киелі Ақсу ауданының Арасан ауылында дүниеге келген Марат Жабықбайұлы 1981 жылы Томск қаласындағы «Басқарудың автоматтандырылған жүйесі және радиоэлектроника» институтын аяқтап,  І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтында «Жалпы физика және физиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға лаборанты, оқытушысы, «Теориялық физика және техникалық пәндер» кафедрасында стажер-ізденуші болады.

1991 жылы ҚазМУ аспирантурасын аяқтап, кейіннен қатты дене физикасы мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алып, кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғайды. 1998 жылы доцент ғылыми атағын алады. 

Университетте әр жылдары «Электрорадиотехника» кафедрасының аға оқытушысы, «Электрорадиотехника және ОТҚ» кафедрасының меңгерушісі, инженерлік-экономикалық факультет деканы, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, ұйымдастыру, оқу жұмысы және студенттік мәселелер жөніндегі проректор, инновациялық жұмыс және стратегиялық даму проректоры, ректор кеңесшісі қызметтерін атқарады. 2018 жылдан бүгінге дейін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov college» директоры.

Марат Жабықбайұлын қоғамдық және саяси жұмыстарға белсене араласып, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы өткір мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосқан тұлға деуге болады. Ол 2006 жылдан Талдықорған қалалық мәслихатының III, IV, V шақырылым депутаты, 2016 жылдан Алматы облысы мәслихатының VI шақырылымының депутаты болып, облыстық мәслихатта  «Нұр Отан» фракциясы жетекшісінің және «Білім» саласындағы кураторлық топ жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2011 жылы Ақсу ауданының  Құрметті азаматы, 2015  жылы  Талдықорған қаласының   Құрметті азаматы атанды.  2017  жылы  І. Жансүгіров атындағы Жетісу  университетінің Ғылыми Кеңесінің шешімімен есімі Құрмет кітабына енгізілді.

Марат Жабықбайұлының ғылыми-әдістемелік еңбектерінің саны жүзден асады, оның ішінде, 3 монография, 5 әдістемелік оқу құралы бар. Екі инновациялық патенттің иегері. Ғалым-ұстаздың еңбектерін мазмұны мен құрылымдық жүйесіне қарай төмендегідей бағыттарға бөліп қарастыруға болады: 
Біріншіден, жаратылыстану ғылымындағы физика саласында сол кезеңде әлі де болса белгісіз және дәлелденбеген тақырыптық зерттеулермен айналысып, теорияны тәжірибемен байланыстыра отырып негіздеді. Ғалым-ұстаздың бұл жұмысы – жоғары жиілікті бүрку арқылы алынған халькогенидті шыны тәрізді V жартылай өткізгіштер аморфты пленкалардағы электрондық процесіндегі қасиеттерін құрылымдық өзгертулеріндегі орын алатын локализацияланған күйлер спектрінің ерекшеліктері және заряд тасымалдаушыларды тасымалдау құбылысында орын алатын фотоөткізгіштіктердің физика ғылымы саласындағы көрініс беретін заңдылықтарын дәлелдеу мәселелеріне арналған. Сондай-ақ, еңбектерінде жоғары оқу орнында болашақ мұғалім мамандардың даярлығын жетілдіру жолдарын қарастырған. Профессор болашақ мамандарды даярлаудағы дидактикалық заңдылықты үнемі басшылыққа алып отырды. Бұл тұрғыда «Астрономия», «Электротехника» пәндер жүйесіндегі оқу материалдарының меңгерілуі, мамандық студентінің білім алу траекториясы деңгейін анықтау мен осы бағыттағы біліми-танымдық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған арнайы әдістемелік құралдар жазды. 

Екінші бағыт, Қазақстан Республикасының егемен ел ретінде әлемдік және еуропалық білім кеңістігімен ықпалдасу мәселесіне арналып, отандық білім беруді реформалау арқылы әлемдік және еуропалық қоғамдастыққа кірудің шарттық негіздерінің жүйесі мен бағыттық мазмұнын талқылап, түсіндіру арқылы өмірлік тәжірибеге ендіруге арналды. Соның негізінде жоғары білім беруде сапа менеджменті жүйесін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің педагогикалық үдерісіне енгізу және оның мамандар даярлаудағы сапалық деңгейін көтеру мен біліктіліктерін арттырудағы ықпалының нәтижесіне қол жеткізу үшін ғылыми-педагогикалық қызметтерін жүйелеу негіздерін жасауды ұйымдастырып, іске асырушылардың бірі болды. 

Үшіншіден, ғалым-ұстаз жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесін енгізудің кейбір аспектілерін аша отырып, бірқатар пәндерден оқу-жұмыс бағдарламаларын, осы оқыту жүйесіне байланысты оқу-әдістемелік кешендер жасап, жоғары оқу орнының педагогикалық тәжірибесіне енгізуге атсалысты. Сондай-ақ, болашақ мамандарды даярлауда қойылатын талаптарды сапалық деңгейінде толық шешу үшін жоғары оқу орнының педагогикалық үдерісін ұйымдастыру барысында профессор Марат Мәлтекбасов ұсынып және педагогикалық тәжірибеге енгізген ғылыми тұжырымдалған ой-пікірлер мамандар даярлаудағы көптеген күрделі мәселелердің түйінін шешуге ықпал етті. Қазіргі айтылып жүрген педагогикалық технологияларды зерттеп, кейбір өзгерістер жасау арқылы болашақ педагог мамандарды кәсіби іс-әрекетке бейімдеу мен олардың құзыреттіліктерін дамытуда қолданбалы бакалавриаттың дамуындағы кейбір мәселелерін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастыруға негіз болды. Бұл – ғалым-ұстаз еңбегінің төртінші бағыты. 

Бесіншіден, ұстаз жастарды тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді де назардан тыс қалдырмай, ұлттық тәлім-тәрбие құндылықтарын басшылыққа алу керектігін басты шарт ретінде қарастырды. Осы тұрғыда қазақ халқының ғасырлар бойы өмір сүзгісінен өткізген тәлім-тәрбиелік мұраларын ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерделеп, талдап, оларды қазіргі заман талабына сай сұрыптап, өңдеп, түрлендіріп жетілдіру арқылы пайдалану қажеттігін өзінің ғылыми еңбектері арқылы дәлелдеп берді. 

Ғалым-ұстаз, тәлімгер Марат Жабықбайұлы педагогика ғылымы саласында зерттеу жұмыстарымен айналысып, еңбектер жазумен қатар дипломдық, магистрлік, PhD докторлық бағыттағы диссертациялық жұмыстарға жетекшілік жасап, шәкірттер  тәрбиелеуде. Мемлекетіміздің болашақ мұғалім мамандарын даярлауға ғалым-ұстаздың қосар үлесі әлі де көп. 

Қ. Ыбыраимжанов,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті педагогика және психология факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор 
 

Қатысты жаңалықтар

Қараталда Балтабай Ғалиевтің 90 жылдығына орай кеш өтті

Қараталда Балтабай Ғалиевтің 90 жылдығына орай кеш өтті

20.06.2026
Сұранысқа ие сүт зауыты

Сұранысқа ие сүт зауыты

20.06.2026
Туған күнді түнде тойлағандар жауапқа тартылады

Туған күнді түнде тойлағандар жауапқа тартылады

20.06.2026
Жетісу облысында 38 градусқа дейін ыстық күтілуде

Жетісу облысында 35-36 градус ыстық күтілуде

20.06.2026
Талдықорғанда қауіпсіз көші-қон орталығы ашылды

Талдықорғанда қауіпсіз көші-қон орталығы ашылды

20.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.