Талдықорған: +30°C
$ 519.26
€ 602.13
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Суармалы жер өнімділігін арттыру – ортақ міндет

19.05.2024
КҮЛТӨБЕ
Суармалы жер өнімділігін арттыру – ортақ міндет

Суармалы жер тиімділігін арттыру елде азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың бірден-бір жолы. Сондықтан бұл салаға айрықша мән берілуі тиіс.

Қазіргі таңда облыстың жалпы алаңы 261 мың га құрайды, соның ішінде суармалы жерлердің 194 мың га ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге  пайдаланылады. Облыста суармалы жерлердің ең үлкен алаңын майлы дақыл – 80,2 мың га, дәнді дақыл – 56,9 мың га, бақша мен картоп егістіктері – 41,9 мың га, қант қызылшасы – 8,7 мың га, азықтық – 5,3 мың га, күріш – 1,0 мың га алаңда егілген. Жыл сайын осы егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының орташа түсімділігінің ұлғаюы байқалады. 

Жалпы облыста 61 суару жүйесі бар, оның ішінде бөгетті сутартқысы бары – 29, бөгетсіз – 32. Магистральді және шаруашылықаралық суландыру каналдарының жалпы ұзындығы – 1780,3 шақырым. Ал шаруашылықаралық коллекторлық – кәріздеу желісінің ұзындығы 119,9 шақырымды құрайды. Қазір облыстағы суландыру каналдары мен ғимараттары тозған. Ал ол көп жөндеуді қажет етеді. Сондықтан ол қанағаттанарлықсыз деп саналады. Сол себепті ғимараттардың негізгі құрылымдары бұзылып, каналдар лайланып, арамшөп басуы мүмкін. Ішкі шаруашылық суландыру каналдары көбі иесіз және оған жөндеу жүргізілмейді. Суармалы жерлер көбіне қарапайым технологиялармен (ағызу мен атызбен) суарылады, ол үлкен шығынға, сондай-ақ ирригациялық эрозияның өсуіне, басқа да ұнамсыз жағдайға алып келеді.

Су ресурстарын үнемді әрі тиімді пайдалану мақсатында су сақтау технологиялары енгізілуде. Жаңбырлатып суару әдісі 7 мың гектарда іске асады. Аймақта тамшылатып суару әдісі арқылы дәнді дақылдар мен көкөністер және бақшалар 2 мың гектар алаңда суарылады. Өкінішке қарай, мұндай технология қолданылатын алаң өте аз және бұл жабдық қымбат. Облыстағы суармалы қор сумен қамтамасыз етілген. Ақсу ауданында орналасқан апат салдарынан біраз жыл пайдаланылмай тұрған Қызылағаш алқабы 2022 жылы пайдалануға беріліп, бөгет пен суару жүйесі қалпына келтірілді.

Қайта құру нысанының суармалы жерлерінің жалпы алаңы 1420 гектар. Биыл алқапта суармалы жерлердің жалпы көлемінің 1030 гектары пайдаланылуда. Бұл суармалы жер көлемінің жыл сайын артып келетінін көрсетеді. Былтыр суармалы жерлерге дәнді дақылға арналған жүгері, сүрлемдік жүгері, майбұршақ және жоңышқа егілді. Өткен жылмен салыстырғанда дәндік жүгері 144 гектарға артық егілді. Алайда жоңышқа мен сүрлемдік жүгері көлемі былтырғыға қарағанда аз.

Соған қарамастан, алдағы жылдары қызылша мен майбұршақ дақылын көбейту мүмкіндігі қарастырылуда. Қаратал ауданындағы суландыру каналдарының техникалық жағдайы көбіне қанағаттанарлық деңгейде деп сипатталады. Көп жылдан бері ауданның суландыру жүйелерінде бас сутартқыларды қалпына келтіру бойынша күрделі   жөндеу жұмыстары, магистральді және шаруашылықаралық каналдарда сүзілуге қарсы іс-шаралар жүргізілген жоқ. Соның салдарынан каналдар мен коллекторлар батпақтанып, арамшөп басты. Сөйтіп, оның бұзылуына әкеліп, өткізгіштігін азайтты. Қаратал алқабындағы күріш алаңдары 2021-2022 жылдары су жетіспеушілігіне байланысты азайды.

Былтырғы дерек бойынша өңірде күріш 1065 гектарға егілген, ал биыл ол 1000 гектарға егіледі деп жоспарланды. Бүгінде Панфилов, Көксу және Кербұлақ аудандарындағы суару желілері мен су қоймаларының техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Соған байланысты суармалы жерлер толық игерілмей отыр. ҚР АШМ ЖРБК Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық РММ бюджеттік қаржыландырудың шеңберінде Жетісу облысының суармалы жерлерінің мелиоративтік жай-күйін бағалау мақсатында суармалы жерлердің мониторингін жүзеге асырады. Бұл үшін жерлерді агромелиорациялық тексеру, ыза суларының деңгейлі-тұзды режиміне гидрогеологиялық бақылау, суармалы алқаптардағы жерүсті және коллекторлы-кәріздеу суларының ағысы мен сапасын зерттеу бойынша гидрологиялық бақылау, топырақ жамылғысының сортаңдануына бақылау мен зертханалық зерттеу жүргізіледі. Қазіргі таңда облыстың суармалы жерлерінде ыза сулары деңгейінің жату тереңдігі 3м.-ден асатын алаңдар кең таралады, олардың алаңы 228 мың гектарды құрайды. Ыза суларының тереңдігі 1-ден бастап 3 м.-ге дейін, суармалы жерлердің алаңы 32 мың гектар. Ал тереңдігі 1 м.-ге дейінгі алаңдар 1мың гектарды құрайды, көбіне Ақсу, Ескелді және Панфилов аудандарында орналасқан.

Жалпы облыс жерлері жақсы табиғи кәрізділікпен сипатталады, соның арқасында ыза сулары көбіне 3 м.-ден төмен тереңдікте жатады. Ыза суларының гидрохимиялық режимі де суару мелиорациясымен байланысты және табиғи-климаттық жағдайларға, геологиялық-литологиялық ерекшеліктер мен суару режиміне тәуелді. Облыста көбіне тұщы және аздап тұздалған ыза суы жиі кездеседі және олардың минералдануы 0,2 мг/дм3 бастап 2,9 г/дм3 дейін өзгерді. Мұндай көрсеткіштегі суармалы жерлер мелиоративтік тұрғыдан қолайлы жерлерге жатады.

Жүргізілетін топырақ-тұзды түсірілімдердің нәтижесі бойынша суармалы жерлерде сортаңдану дәрежесінің өзгергені байқалады. Ол табиғи және жасанды фактор жиынтығына тәуелді. Суармалы жерлердің төмен түсімі топырақтың сортаңдануымен байланысты. Жүргізілген тексерулер мен тұзды түсірілімдердің нәтижесінде әртүрлі дәрежеде сортаңданған суармалы жер алаңы аймақта 83 мың гектардан асады. Күшті және өте күшті сортаңданған топырақ Қаратал, Алакөл және Ескелді аудандарында жалпы алаңы 4 мың гектар жерде шоғырланған.

Соңғы 3 жылда алқаптың сулы-тұзды режимі біршама тұрақталған. Сол себепті сортаңданған жерлердің алаңдарында өзгеріс байқалмайды. Ыза сулардың жату тереңдігі, минералдануы мен топырақтың сортаңдану дәрежесі бойынша бағаланатын суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйі 165 мың гектардағы алаңда жақсы. Бұл жерде ыза суы 2,0 м.-ден аса тереңдікте жатады. Ал топырақ сортаңданбаған және аздап сортаңданған болып жіктеледі. Бұл жер аса өнімді келеді. Ол көбіне Панфилов, Сарқан және Талдықорған аумақтарында кездеседі.

Жай-күйі қанағаттанарлық санатқа жатқызылған жерлер 82 мың гектар. Мұндай алаң Кербұлақ, Текелі және Ескелді аудандарында орналасқан. Өткен жылмен салыстырғанда, мелиоративтік жай-күйі қанағаттанарлықсыз алаңдар 14 мың гектарды құраған. Осы санаттағы жерлер Ақсу, Алакөл, Қаратал және Көксу аудандарындағы шағын жерде таралған. Мұнда күшті және өте күшті сортаңданған топырақ бар. Бұл жай-күйі қанағаттанарлықсыз суармалы жерлер топырақтың құнарлы қабатын әлсіретіп, өсімдіктің өсіп-өнуін нашарлатып, жоғары өнім алуға кері әсерін тигізеді.

Мелиоративтік жай-күй су шаруашылығы мен суару жүйесінің жағдайымен тығыз байланысты. Яғни, мелиоративтік жай-күйдің төмендеуіне агротехникалық тәсілдер, суару режимінің бұзылуы, егіс айналымының сақталмауы, суландыру және коллекторлы-кәріздеу жүйесінің қанағаттанарлықсыз жағдайы кері әсерін тигізеді. Су мен ауылшаруашылығындағы шарттарды қиындататын құбылмалы климат пен негізгі су көздері бойынша ағыстың тұрақсыздығына сәйкес жер-су ресурстарын тиімді пайдалану мен жағымсыз салдардың алдын алуда ұйымдастырушылық және өзге де іс-шаралар жүргізілуі тиіс.

Мәселен, суару жүйелерінің техникалық жағдайы жылдан-жылға нашарлап келеді. Жер жағдайын жақсарту үшін, ең бірінші, осы жүйелерге қайта құру және қалпына келтіру жұмысын жүргізу қажет. Ылғалсүйгіш дақыл алаңын қысқартып, оларды аз ылғал сүйетін дақылға алмастыру арқылы ауылшаруашылығы дақылдары егістігінің құрылымын әртараптандыруды жалғастыру керек. Мұндай алаңдардың өсуі байқалатын аудандарда оларды азықтық немесе майлық дақылдарға алмастырған жөн. Күріш өсіретін Қаратал ауданындағы суармалы егіншілікті дамытқан дұрыс. Қаратал бойынша топырақтың шаю режимін құру және жердің сортаңдануын болдырмау үшін күріш өсіруді қолдау керек. Бұл өңір үшін су ресурстары жеткілікті болған жағдайда ғана ең тиімді күріш егістігінің аумағы 2500-3000 гектар болады.

Суарудың заманауи технологияларын қолдану су үнемдеумен қатар тыңайтқыштарды ауылшаруашылығы дақылдарының тікелей тамыр жүйесі аймағына енгізуге мүмкіндік береді. Су шығынын жояды, су нормасын сақтауға жағдай жасайды және жақсы түсім алуға кепілдік береді. Егілетін дәнді дақылдарды, соның ішінде дәндік жүгеріні жаңбырлатып, ал картоп пен күнбағыс майын, сондай-ақ қант қызылшасы мен бақша дақылдарын тамшылатып суғарған тиімді. Сортаңданумен күресу мақсатында топырақтың жеңіл сазды түрлерімен ұсынылған күшті сортаңданған суармалы жерлердің учаскелерінде – 15-18 мың м3/гектар нормамен күрделі шаю жұмысын жүргізу ұсынылады.  

Орташа сортаңданған топырақ ұсынылған аудандарда артық тұзды жою үшін сараланған нормамен топырақты іріктеп шаюды, сондай-ақ, күзгі суаруды қолданған абзал. Алқаптағы су шаруашылығы жағдайын жақсарту үшін мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында Күшік-Кәлпе жүйесінде су арналары қалпына келтірілуде. Ол жұмыс барысына кіретін магистральді арналарға 9,6 шақырымға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп, биылғы вегетациялық кезеңге дейін аяқтау жоспарланған.

Мемлекет суармалы егін шаруашылығының республика үшін маңызын ескеріп, су жүйелерін қалпына келтіру жұмысын атқаруда. Қаратал алқабында «Ирригация және кәріздеу жүйесін жетілдіру» жобасының үшінші сатысы қарастырылуда. Осы жоба аясында су және жер ресурстарын басқаруды жақсарту, оны дұрыс пайдалану мақсатында суару жүйесіне қайта құру жүргізу көзделуде.

 

Ұлжан Атабай,
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі 
Жер ресурстарын басқарукомитетінің 
«Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық»
республикалық мемлекеттік мекемесі
 басшысының орынбасары
Фото: 
ortcom.kz

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

24.06.2025
Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

24.06.2025
Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

24.06.2025
Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.