Талдықорған: +19°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ОРЫН ЖОҚ

11.08.2021
КҮЛТӨБЕ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ОРЫН ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі Қазақстанның күрделі мәселесіне айналып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет саналатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да алаңдататыны анық.


Бүгінгі қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыру, пара алу, пара беру, жемқорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті иелену немесе қаржыны ысырап ету, сот актісін орындамау сынды қылмыстардың бәрі сыбайлас жемқорлық байланыстарын пайдалану арқылы жасалады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын жетілдіріп, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, жемқорлықты тоқтатудың бар амалын жасау арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен жаппай күрес Қазақстан Республикасы тұрғындарының азаматтық борышы саналады.

Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғалы бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейкесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр. Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық дерегінің азаюы байқалады.

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырымен жою үшін қоғамдық белсенділік қажет. Яғни пара беріп, пара алуды зиянын тигізетін, үлкен қылмыс санайтын қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұсқан келтіреді. Тіпті, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, халықтың конституциялық құқы мен заңды мүдделеріне қысым жасайды. 

Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу  деңгейі жылдан- жылға өсуде. Мұның өзі парақорлықпен көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлердің айналысатынын көрсетіп береді.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрсетілген.

Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарды шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни, көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімін ақтайтынымыз анық.

Халық арасында жұлынқұрт, індеп деп аталып кеткен осы дертті жою толықтай жүзеге аспағанымен оны ауыздықтаудың, тежеудің сәті кейде түсіп, кейде шарасыздықтың бөлең алатыны да рас. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдар мен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. 

Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту шараларына орай арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Осыған орай Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті және аудандық, қалалық қазынашылық басқармалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс атқаруда.

Ж. СҮЛЕЙМЕНОВ,

Алматы облысы 
бойынша қазынашылық 
департаменті 
басшысының орынбасары

Қатысты жаңалықтар

Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026
Қара жолдың қамқоршысы

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
Мәртебелі мамандар марапатталды

Мәртебелі мамандар марапатталды

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.