Талдықорған: +3°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Табиғат аясындағы тамаша жүздесу

21 шілде 2017
КҮЛТӨБЕ
Табиғат аясындағы тамаша жүздесу
WhatsAppTelegramFacebook

Сәрсенбінің сәтінде ақбас Алатау­дың шынар шыңына жақын қоныс тепкен «Лесная сказка» туристік кешенінде облыс әкімі Амандық Баталов жер жаннаты Жетісу өңірінің өнерлі де өрелі жастарымен кездесіп, тамылжыған табиғат аясында емен жарқын әңгіме өрбітті.

Келелі кездесуге жұмысшы жастар, мемлекеттік бағдарламалардың қатысушылары, «Көшбасшы» жастар сыйлығының иегерлері, «VIP» ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары, жас ғалымдар, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласының өкілдері, жас депутаттар, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, ауылшаруашылығы мамандары, көпбалалы жас отбасылар, жас кәсіпкерлер мен республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері, сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен Талғар ауданының әкімі Райхан Садықова қатысты.
Тамылжыған табиғат аясындағы еркін әңгіменің тиегін ағытқан облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы:
– Асқаралы Алатаудың баурайында өңіріміздің өздеріңіздей жалындаған жастарымен кездесіп отырғаныма зор қуаныштымын, – деді облыс басшысы. Осындай сұлу табиғаттың төрінде отырып, ой-пікір бөлісуге келген әрбіріңіз бақыттысыздар. Себебі, біз табиғаты көркем, топырағы бай, жасыл желекті өңірде дүниеге келіп, еңбек етіп жатырмыз. Бұл бізге бұйырған бақыт, – деген Амандық Ғаббасұлы облыстың өркендеп, дамуына атсалысып жүрген жастардың шетінен дарынды, талантты, еңбекқор екендігін ерекше атап өтті. 
Қоғамның қозғаушы күшіне айналған жастардың тың ойлары мен жігерлі іс-әрекеттері мемлекет дамуы үшін аса маңызды екендігі әңгіме өзегіне айналды. Дерек көздеріне сүйенсек, жетісулық тұрғындардың үштен бір бөлігін жастар құрайтын болса, олардың еңбекке, ғылым мен білімге, өнердің дамуына аянбай жастық жалынмен араласуы шын мәнінде үлкен күш екендігін айқындайды. Жастардың білім алуы мен еңбекке орналасуына, шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуына мемлекет тарапынан жан-жақтылы жағдай жасалып отырғанын айтқан облыс басшысы бұл ретте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы тың серпін беріп жатқанына айрықша тоқталды.
– Бүгінгі жастардың білімге, шет тілдерін меңгеруге, инновацияны үйренуге, жаңа жобаларды әзірлеуге деген талпыныстары қуантады. Оған мысал да жетерлік. Өңір экономикасын өркендетуде, кәсіпкерлікпен айналысудағы жастардың белсенділігі өте жоғары. Сол себепті, жастарымызға зор сенім артылуда, – деген облыс әкімі сөз арасын өмірлік мысалдармен өрілтіп отырды. 
Басқосуда «VIP» ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ғылымның өркендеуіне өзіндік қолтаңбасын арнаған жас ғалымдар Мағжан Ысқақов, Ксения Мерешкова, Шыңғыс Нұрғожаев, Гүлім Асхатқызы, Жігер Берліқожаның ғылыми еңбектері облыс әкімінің қаржылай қолдауына ие болды.  
Жанары от, жүрегі жалын жастардың облыс әкімі Амандық Ғаббасұлымен кездескен қуаныштарында шек болмады. Сондықтан да олар еш тосылмастан сан алуан сұрақтар қойып үлгерді. Бойынан қарапайымдылықтың жылы лебі ескен парасатты басшы жастардың әр сауалына аса байыппен жауап қайырды. Қызығушылығы басым жастар білікті басшының кешегісі мен келешегіне қатысты да қызықты сауалдар қойып, еркіндіктің самалын желпи түсті. Соның ішінде, алғаш басшылыққа тағайындалғандағы көңіл күйі мен әкесінің ақ батасын алған оқиғаны былайша еске алды:
– Қуанып жеткізген жақсы жаңалығымды салқын қабылдаған әкем үш нәрсені жадыма сақтауды тапсырды. «Біріншіден – әкіммін деп әкіреңдеме, халыққа құлақ ас, екіншіден – таудан ассаң аспан барын ұмытпа, үшіншіден – ашу үстінде адам тағдырын шешуге асықпа», – деген үш өсиеті өмірлік ұстанымыма айналды. Әкемнің осы сөздері құлағымда тұрады. Екеуі де өмірден өтті. Бірақ, қазақ әруақты сыйлаған халықпыз ғой. Басына жиі барып, Құран бағыштап тұрамыз. Бұл әке-шешені құрметтеу мен отбасында сіңірген тәрбиенің көрінісі, – деген Амандық Ғаббасұлы  «ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілерсің» деген даналықтың тегін айтылмағандығын мысалға келтірді. Ұлды – ұяға, қызды – қияға қондырған асқақ абыройлы әкенің немерелерінің сүйікті атасына айналғандағы әңгімелері де жүрек тебірентіп, жастардың көкейіне қонақтағаны хақ.
Жас жүректерге жылылықтың шуағын төккен шырайлы кездесудің соңында облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы жастардың сұрауы бойынша бірге ән шырқап, көңілдің күйін тасытты. Шара соңы жалынды жастардың естелік суретке түсу рәсіміне ұласты. 
Түс ауа жастар арасында экстрималды ойын түрлері, сондай-ақ, футбол мен волейболдан жарыстар ұйымдастырылды.

Еңбекшіқазақ ауданы Жастар орталығының жетекшісі, жас депутат Айбек ІЛЕБАЕВ:
– Облысымыздың атағын аспандатып, экономикасын өркендетуде өзіндік қолтаңбасы бар облыс әкімі Амандық Ғаббасұлымен өткен емен-жарқын әңгіме жастарға жігер беріп, қанаттандыра түскені анық. Біз жастар, алдыңғы буын ағаларға қарап бой түзейтін болсақ соған лайық бірден бір жан – Амандық Баталов. Елбасының жастарға қамқор болуының арқасында қаншама игі шаралар атқарылып жатқаны баршаға мәлім. Бүгінгі кездесу де соның жарқын жалғасы. Өткен жылы жас отбасы атанып, отау құрған болатынмын. Төрт күн бұрын ұлым дүниеге келіп, әке атанып отырмын. Ұрпақ өсірудің, тәрбиелеудің салмағын жүрегіммен сезінемін. Жастар саясаты аясында жұмыс істеп жатқаныма төрт жылдың жүзі болды. Жұмыс кестесінің қауырт екендігіне қарамастан жастармен кездесуге келген облыс басшысына алғысымыз шексіз. Бізге артқан, тапсырған сенімнің үдесінен шығуға уәде беремін.
Ұлбосын ИСАБЕК

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

27 қазан 2026
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

27 қазан 2026
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

27 қазан 2026
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

27 қазан 2026
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

27 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.