Биыл Жетісу облысы орталығының қала мәртебесін алғанына 80 жыл. Осыған байланысты өңір тұрғындары Талдықорғанның қала күнімен қатар шаһар мәртебесін алған тарихи сәтті айрықша сән-салтанатпен атап өтті. Бұған дейін бір ай бойы жалғасып түрлі іс-шаралар мен байқауларды қамтыған бағдарлама «Жастар» саябағында қорытындыланды.

– «Жетісу облысының орталығы Талдықорғанның болашағы әлі алда. Қала осыған дейін небір жаңа ғимарттар мен көркем әлеуметтік нысандармен толықты. Енді шаһарға бұдан да көркем зәулім үйлер салынады. Бұрын қалада 5,6-шағын аудан ғана болатын. Қазір бір есе ұлғайып 12, 13 шағын аудандарға дейін созылып жатыр. Бұл нені көрсетеді? Қаламыздың күнен күнге, жылдан жылға көркейіп, өркендеп бара жатқандығын айқын айғағы. Сондықтан әсем Талдықорғанның тек қана гүлденіп, көркейе беруін тілейміз», – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек.
Шаһар тойына арналған кеш жергілікті және казақ эстрадасының жұлдыздары Kalifarniya, Say Mo және Umberto сынды танымал әртістердің өрелі өнерін жалғасып, мерекелік от шашумен аяқталды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мерекелік концертке 60 мыңға жуық адам жиналып, бұл жолғы қала тойында халық ең көп жинаған әуезді кеш болған.
Айдын КӘЛІМХАН
Суреттерді түсірген Дмитрий ЕРОФЕЕВ





