Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ ХАУЫЗ АШЫЛДЫ

06.07.2021
КҮЛТӨБЕ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ ХАУЫЗ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда соңғы бірнеше жылдағы ең ірі нысандардың бірі – олимпиадалық типтегі жабық жүзу бассейнінің құрылысы аяқталды. Осындай ауқымды нысанның салтанатты ашылуы Астана күнінде өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, жүзуден Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Мария Федотова, кәсіби күрескер Ардақ Назаров, ауыр атлет Илья Ильин қатысты. 

Жетісу өлкесінің спорт қауымдастығы бассейннің ашылуын асыға күтті. Жоба мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асырылды, ал оның іске асырылу барысын облыс басшысы жеке өзі қадағалады.  Іргетасын қалаудан бастап, іргелес аумақты абаттандыруға дейінгі жұмыстардың барлығы аймақ басшысының назарынан тыс қалған жоқ.

– Бүгінгі ашылып отырған заманауи жүзу бассейні – көздің жауын алады. Аталған ғимарат қаланың төрінде 3,8 га жерге қанатын жайды. Бұл ғимараттың жалпы ауданы –  13 мың шаршы метрден асады.  Жүзу бассейнінің құрылысына 11,4 млрд. теңгеден астам  қаражат жұмсалды.Мұндай әсем де, әдемі,  зәулім спорттық нысанның бой көтеруі – ел экономикасы дамуының айқын көрінісі, – деді облыс әкімі Амандық Баталова.

Айта кетейік, Жетісдағы бүкіл республика бойынша теңдесі жоқ жаңа нысан қаланың оңтүстік-батыс тұрғын алабында орналасқан. Жабық бассейннің жалпы ауданы — 27 мың шаршы метрді құрайды. Онда әлемдік стандарттарға сәйкес келетін 3 бассейн бар. Олардың бірі, ұзындығы 50 метр, жүзу, аквааэробика, су добы және синхронды жүзу бойынша оқу-жаттығу сабақтарына арналған. Ал екіншісі-биіктігі 5-тен 10 метрге дейін суға секіру үшін. Онда республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар өтеді, оларды амфитеатр түріндегі мінбелерден 500-ден астам адам бақылай алады. Сарапшылардың айтуынша, ғимараттың сәулеті көрермендер жүзушінің әр қимылын қадағалай алатындай етіп жоспарланған.

Жарыстан бос уақытта Талдықорған тұрғындары мен қонақтарының игілігі үшін әмбебап бассейн жұмыс істейтін болады.  Мұнда жүзудің барлық түрлері үшін жағдай жасалған. Балалар мен әлеуметтік аз қамтылған  тұрғындар үшін жекелеген жағдайлар жасалған. 

Алдағы таңда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, ватерполо мен синхронды жүзуден қалалық және облыстық командалар құрылады. Осылайша, спорттың су түрлері бойынша болашақ чемпиондарды тәрбиелеу жолында біршама жұмыстар атқарылады. Күніне бассейн 750 адамға дейін қабылдай алады.

– Жалпы, біздің облыста спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға, әсіресе жас ұрпақ арасында ерекше көңіл бөлінетінін атап өткім келеді. Мәселен, өткен жылдың өзінде Жетісуда онға жуық спорт нысаны пайдалануға берілді. Жетісулықтар үшін аса маңызды нысанның бүгінгі ашылуы — тарихи сәт, Талдықорғанның су спортының астанасы болу жолындағы Алғашқы қадамдарымыз. Жерлестеріміз әлі де су спорты түрлерінің шыңдарын бағындыратынына сенемін, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.

Бассейннің ашылуын қала тұрғындары да асыға күтті. Құрылыс алаңынан  өтіп бара жатып, оның ауқымдылығына назар аудармау мүмкін емес. Бұл шынымен де көптен күткен және қуанышты сәт. Сондықтан да, талдықорғандықтар бірегей нысанның ашылуына отбасымен келген.

– Ең алдымен немерелерімді жүзуге жазамын. Заманауи бассейн жас спортшыларға ерекше мүмкіндік береді. Балалар жоғары деңгейде жаттығады. Спорт ғимаратының өзі Талдықорғанның тағы бір бойтұмары болады деп ойлаймын, – дейді қала тұрғыны Айман Тұңғышбайқызы.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

09.07.2026
Талдықорғанда спорт мектептерінің басшылары бас қосты

Талдықорғанда спорт мектептерінің басшылары бас қосты

09.07.2026
Болашақ туризмнің белдеуі

Болашақ туризмнің белдеуі

09.07.2026
Қаратал аудандық ауруханасы GPP сертификатына ие болды

Қаратал аудандық ауруханасы GPP сертификатына ие болды

09.07.2026
Тарихтан тамыр тартқан құжат

Тарихтан тамыр тартқан құжат

09.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.