Сала мамандарының сөзінше, биылғы жылы құрылыс бөлімі арқылы 9 шағын ауданында заман талабына сай жаңа 12 ауланың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 5 аула абаттандырлататын болса, ал 5 аула күрделі жөндеуден өтпке.
Бүгінгі күні, аулаларды абаттандыру, ретке келтіру жұмысы қарқынды түрде жүргізіліп, жыл соңына дейін толығымен аяқталып, ел игілігіне берілмек.
Естеріңізге салсақ, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы тұрғындар өтінім беру арқылы аулаларын жөндеп, ретке келтіре алады.
Кеңірек тоқталсақ. «Халық қатысатын Бюджет» жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы №470 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидалары шеңберінде іске асырылады.
«Халық қатысатын Бюджет» жобасы-халықтың қатысуымен әзірленетін, енгізілетін және іске асырылатын жоба.
«Халық қатысатын бюджетті» іске асыру үшін Талдықорған қаласы бойынша қала әкімдігінің интернет-ресурсында ақпараттық жүйе әзірленді: https://tdk.budzhet.kz/ru/projects
осы жоба аясында Талдықорған қаласының тұрғындары келесі іс-шаралар бойынша өздерінің жобалық ұсыныстарын жібере алады:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4)ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;
5) бордюрлерді, төсеніштерді, тіреу қабырғаларын жөндеу;
6) полигондарды жою;
7) жалпы пайдаланымдағы орындарда балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалуы үшін беседка, орындық, урна, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;
8) аула аумақтарында және жалпы пайдаланылатын жерлерде спорттық (тренажер алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
9) санитарияны қамтамасыз ету.
Қала тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан 1 наурызына дейін жүзеге асырылады.
Беру сәтіндегі бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес мың еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.