Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Талдықорғандық 60 отбасы жаңа қонысқа ие болды

05.05.2023
КҮЛТӨБЕ
Талдықорғандық 60 отбасы жаңа қонысқа ие болды

Бүгін Талдықорған қаласында 60 отбасы үйлі болды. 7 мамыр мен 9 мамыр мерекелері қарсаңында Әлімжанов көшесіндегі 40 және 20 пәтерлік жалгерлік үйлердегі пәтерлердің кілтін кезекте тұрған азаматтарға облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өз құттықтау сөзінде Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласында соңғы екі жылда тұрғын үй құрылысы бәсеңдеп, үй беру біршама кешеуілдегенін айтып, оған құрылыс жүргізген мердігерлердің жауапсыздығы, бастаған құрылысты аяқсыз қалдыруы, коронавирус індеті сияқты көптеген себептер теріс әсерін тигізгенін атап өтті. Кезексіз үй берудің көптеген фактілері орын алғаны да тілге тиек етілді. Қазір заңсыз берілген үйлерді сот арқылы қайтарып алу жұмыстары жүріп жатыр.    

— Тұрғын үймен қамтамасыз ету – халықтың өмір сүру сапасын көтерудегі ең басты мәселелердің бірі. Президенттің алдымызға қойып отырған үлкен талабы да осы. Сондықтан мемлекеттік бағдарламалардың арқасында біз қазір осы мәселеге ерекше назар аударып, қолға алып отырмыз. Қазір Талдықорған қаласында тұрғын үй кезегінде 15 мыңдай адам тұр. Әділдікпен, ашықтықпен жұмыс істей отырып, оларды кезек реті бойынша алдағы бірнеше жылда баспанамен қамту үшін құрылыс қарқынын жылдамдатып, тұрғын үй салу көлемін арттыратын боламыз, — деді Б.Исабаев.

«Нұрлы жер» бағдарламасымен тұрғызылған бұл үйге кезектегі 60 азамат қол жеткізді. Олардың дені көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен осындай бала асырап отырған жанұялар, жетім балалар, ауған соғысының ардагерлері және басқа да әлеуеметтік осал топқа жататын азаматтар. 

Жаңа баспанаға кіргендер атынан мүгедек бала асыраушы отбасынан Ақмарал Алшынбаева, толық емес отбасы санатындағы Назгүл Бейсенбекова және басқа да қоныстой иелері мемлекеттен жасалып отырған қамқорлық үшін ризашылықтарын білдіріп, баспанаға ие болған көршілеріне ізгі тілектерін жеткізді.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев зейнеткер Шамшаману Әбеуова мен көп балалы Бейісбековтар шаңырағына кіріп, дәм татып, теледидар сыйға тартты.

Білім саласында ұзақ жыл еңбек еткен зейнеткер, «Білім саласының үздігі» Шамшаману Әбеуова:

— Отағасы Тілеулі екеуміз алпыс жылдан астам бірге ғұмыр кешіп келеміз. Ақсу ауданында ұзақ жыл педагогика саласында жұмыс істедім. Еңбегім елеусіз қалған жоқ, шүкір. Бес ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірдік. Екі балам өзімнің жолымды қуып, мұғалім болды. Бүгін үлкен қуанышқа жетіп отырмыз. Осындай жақсы жаңалықтар көп бола берсін. Ел іргесі аман, өсіп келе жатқан бала-шағаның өмірі жарқын болсын деп тілеймін, — деді ол. 

Жалпы бұл үйлердің құрылысын «Құрылысшы ТБС» ЖШС мердігер компаниясы 2021 жылдың желтоқсанында салып бітірген. Бірақ абаттандырумен айналысуға тиіс басқа компанияның жауапсыздығынан үйді пайдалануға беру кешеуілдеп, жұмыстардың аяқталуы күні бүгінге дейін созылған.

— Бұл үйлердің құрылысын 2021 жылғы мамырда бастап, сол жылдың соңында аяқтадық. Құрылыс сапасы өте жақсы деп сеніммен айта аламын. Жобада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жиналмалы электронды пандус қарастырылмаған болатын. Бірақ облыс әкімінің тапсыруымен біз он күннің ішінде өз қаражатымызға сол пандусты қойып береміз, — деді құрылыс компаниясының өкілі Марат Ілиясов.

Жалпы бүгін қолданысқа берілген 20 пәтерлік үйде 5 екі бөлмелі, 15 үш бөлмелі пәтер болса, 40 пәтерлік үйде 10-ы – бір бөлмелік, 10-ы екі бөлмелік, 20-сы – үш бөлмелік пәтерлер. Пәтерлердің жалпы алаңы тиісінше 1373 м2 және 2354,9 м2. Бұл үйлерді салуға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 722 млн. теңге бөлініп, игерілген.

Еске салсақ, облыс көлемінде биыл 321,9 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сол қатарда жыл соңына дейін Талдықорған қаласында 51 тұрғын үй қолданысқа беріледі. Соның 42-сі жергілікті бюджеттен салынса, қалғанын жеке кәсіпкерлер мен меценаттар өз қаражаттарына тұрғызып жатыр. Сөйтіп бір жылда 2 мыңға жуық талдықорғандық отбасы баспаналы болады деп күтілуде.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.