Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Талдықорған – Үшарал» газ құбыры құрылысы белгіленген мерзімінен бұрын аяқталмақ

19 мамыр 2025
КҮЛТӨБЕ, КҮНДЕРЕК
«Талдықорған – Үшарал» газ құбыры құрылысы белгіленген мерзімінен бұрын аяқталмақ

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов өңірдегі маңызды инфрақұрылымдық жоба — «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылыс барысымен танысты. Қонақтарды құрылыс нысанына облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов бастап барды.

Қазіргі таңда газ құбырының ұзындығы 302,4 км болатын желілік бөлігі толық аяқталған. Қазір жобаның келесі кезеңі — алты автоматты газ тарату станциясының құрылысы қатар жүріп жатыр. Атап айтқанда, «Жансүгіров», «Қапал», «Сарқан», «Қойлық», «Қабанбай» және «Үшарал» станциялары 2025 жылғы жылыту маусымына дейін іске қосылады деп жоспарланған.

Санжар Жаркешов жобаның әлеуметтік маңызын ерекше атап өтіп:

«Бұл — Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық қор қаржысы есебінен жүзеге асырылып жатқан ауқымды жоба. Біз оны белгіленген мерзімінен бір жарым жыл бұрын аяқтауға ниеттіміз. Бұл – мемлекеттік органдар мен мердігерлердің бірлескен жұмысының нәтижесі», — деді.

Құрылысқа 356 жұмысшы мен 148 арнайы техника жұмылдырылған. Жұмыстар белгіленген кестеден озық қарқынмен жүргізілуде.

Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов газ құбырының іске қосылуы нәтижесінде Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарындағы 66 елді мекенге көгілдір отын жеткізілетінін атап өтті. Биылғы жылы 6 елді мекен, келер жылы қалған 60 елді мекен газға қосылады.

«Газдандыру – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, өндіріс пен кәсіпкерлікке де тың серпін береді», – деді ол.

Еске салсақ, 2023 жылы Жетісу облысында небары 5 елді мекен газбен қамтылған болса, бүгінде бұл көрсеткіш 84-ке жетіп, газдандыру деңгейі 58,2%-ды құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 71,4%-ға дейін көтеру, яғни 126 елді мекенге көгілдір отын жеткізу жоспарланып отыр. Ал 2028 жылға дейін облыстағы 192 газдандыруға жататын елді мекеннің барлығы толық қамтылатын болады.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.