Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті 2024 жылдан 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде Талдықорған қаласы аумағындағы тіркелген пошталық байланыс қызметтері (бандерольдер мен сәлемдемелер) нарығындағы бәсекелестік ортаның жағдайына жоспарлы талдау жүргізуді аяқтады.
Талдаудың мақсаты бәсекелестіктің даму деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайды иеленген шаруашылық субъектілерін анықтау, сондай-ақ үстем жағдайды теріс пайдалану секілді бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілерін белгілеу болды.
Талдау нәтижесінде Талдықорған қаласындағы тіркелген пошталық байланыс қызметтері нарығы жоғары шоғырланған (I тип) нарықтарға жататыны анықталды. Аталған нарықтағы бәсекелестік деңгейі төмен және жеткілікті дамымаған деп бағаланды.





