Талдықорған: +10°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Тау етегіндегі тай жарыс

1 маусым 2018
КҮЛТӨБЕ
Тау етегіндегі тай жарыс
WhatsAppTelegramFacebook

Астананың 20 жылдығына А. Түркебаев мектебінің 90 жылдығына орай Кеген ауданы, Саты ауылында 2005–2007 жылы туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен аудандық ашық біріншілік өтті.

Аталған жарысқа 8 команда, 70-ке жуық спортшы қатысып, 8 салмақ дәрежесінде кім мықтыны анықтады. Көрікті Көлсайдың етегінде орналасқан ауылдағы жарысқа еліміздің даңқын әлемге танытқан балуандар Нұрбақыт Теңізбаев, Марғұлан Әсембеков, Азамат Дүмбіров, Ербол Қоңыратов қатысты. Салтанатты шарада жас жеткіншектердің алдында сөз сөйлеген чемпиондар, балғын балуандарға сәттілік тілеп, алдағы уақытта ел намысын жыртатын чемпион болыңдар деген тілекті айтты.
Өткен жылы ұлттық  олимпиадалық комитеті, республикалық, облыстық күрес федерациясының ұйытқы болуымен Саты ауылындағы жаттығу залына арнайы күрес кілемі берілген болатын. Енді міне, араға жыл салып, жаңа кілемнің үстінде жасындай жарқылдаған жас қырандар, бозкілемнің шаңын қақты. Әрқашан игілікті істің жемісі болатыны анық. Ауыл мен спортқа қолдау, жас жеткіншектерге бар жағдайды туғызу, саламатты өмір салтын ұстанған ел ағаларының игілікті ісі жастарды қанаттандырды десек артық айтқанымыз емес. Мықтының алыс жатқан ауылдан шығатыны белгілі. Осыны ойлаған жомарт қолды жігіттер ауыл жастарына көп көмегін тигізуде. 
Сонымен тау етегіне жайылған бозкілемдегі белдесу өте тартысты өтті. Саф ауамен кең тыныстанған жеткіншектер намысты қолдан бермеді. Шелектің мөлдір суынан, Сатының заңғар тауынан қуат алған балуандар, тау қыранындай қайраттылық көрсетіп, шиыршық атты. Жарыста белдескенін былай қойғанда жас балуандар атағынан ат үркетін чемпиондарды өз көздерімен көріп, таң-тамаша болды. Былайғы күні қолға түсе бермейтін спорт саңлақтарымен сұхбаттасып, естелік суретке түсіп жатты. Рас, чемпиондар ауылда жүр. Сол мықтылардың бағын ашып, намысын оятатын адам, бүгінгі чемпиондар екенін айтқан лазым. Биік белесті бағындырған таланттарымыз осындай ауылды жерге жиі барып, жастарымыздың намысын қайрап, спортқа деген қызығушылығын оятып жатса нұр үстіне нұр емес пе. Ендеше, Саты ауылындағы біріншілік дәл осылай өтті. Белдесем деп белін буған балуандар, құдды бір тай жарысқа қатысқандай күй кешті. Ауыл тұрғындары да дүбірлі доданы бір көріп, жасап қалды. Тақым қысып, балғындарға сырттай демеу беріп, делебесі қозған жанкүйердің әсері тым ерекше.  
  Сонымен тау бөктеріндегі тайталасқан жарыста 27 келі салмақта Тұрсын Мадияр бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға Сақақбек Ибрахим көтерілді. Үздік үштікке Мұқатай Ерасыл мен Меліс Азамат қол жеткізді. 36 келі салмақта алтынға Асылан Саулет қол созса, күміспен Құралбай Дияс күптелді. Кемелбек Нұрман мен Оразхан Берік қоланы қомсынбады. 39 келіде Дамир Дүкенбаев алтын тұғырдан қол бұл-    ғаса, Арсен Бақберген күміске қол жеткізсе, Бекасыл Ембердиев пен Ермек Нұрсұлтан қоланы қанжығасына байлады. 33 келіде Бақберген Нұрсұлтан қарсылас шақ келтірмеді. Финалда сәтсіздікке ұшыраған Ердаулет Қалиев күмісті еншілесе, Ринат Сабырбек пен Ақниет Абдреш қоланы қоржынға тоғытты. 46 келіде Санжар Жарылқасын алтын алса, Мерей Нүсіпақын күміспен күптелді. 50 келіде бақ сынаған Елдар Биқожаға ешкімнің шамасы жетпеді. Ол ақтық сында Нұрзат Дүйсемханды жеңді. Қола Шыңғыс Саматұлының мойында кетті. 42 келіде Әділет Құрманбай алтынды уысына түсірсе, Әлішер Бақыт күмісті жеңіп алды. Үздік үштікке Асет Түнғатаров пен Асылан Елшібай  тұрақтады.  Осылайша бір күн бойы Саты ауылын дүбірге бөлеген балуандар жарысты тамамдады. Командалық есепте 1-орын Текес ауылы, 2-орын Саты ауылы, 3-орын Қақпақ ауылы. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен кубоктар және медальдар табыс етілді.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ,
“Жетісу”

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін, 17:23
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

Бүгін, 17:12
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Бүгін, 17:07
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Бүгін, 16:59
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Бүгін, 16:53

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.