Талдықорған: -3°C
$ 526.79
€ 606.34
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Таза Қазақстан»: Жетісуда ең таза үлгілі ауылдар мен аудан орталықтары марапатталды

11.10.2025
КҮЛТӨБЕ
«Таза Қазақстан»: Жетісуда ең таза үлгілі ауылдар мен аудан орталықтары марапатталды

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған облыстық «Үлгілі елді мекен» байқауының нәтижесі бойынша таза ауылдар мен аудан орталықтары марапатталды. Сонымен қатар, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, депутаттар, еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері үн қосқан жалпыреспубликалық сенбілікке орай Талдықорған қаласында өткен ағаш отырғызу шарасына облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Экологиялық шараның алдында аймақ басшысы елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге арналған облыстық «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Сонымен «Үлгілі аудан орталығы» аталымы бойынша І орынды Сарқан қаласы, ІІ орынды Жаркент қаласы, ІІІ орынды Сарыөзек кенті еншілесе, «Үлгілі ауыл» аталымы бойынша І орынды Қаратал ауданындағы Кәлпе ауылы, ІІ орынды Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылы, ІІІ орынды Ескелді ауданындағы Алдабергенов ауылы және Алакөл аудандығы Ақтүбе ауылы алды. Ал, Талдықорған қаласы «Жұлдыз» шағын ауданының №25, №27 үйлерің жәй серіктестігі және Текелі қаласы Жеңіс көшесінің №11 үйінің жәй серіктестігі «Үлгілі аула» аталымы бойынша ерекшеленді.

Одан соң облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының алдындағы скверде қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты 500 түп ағаш отырғызылды. Жалпы облыс бойынша өткен сенбілік аясында 9 430 түп түп көшет тігілді.

Сенбілікке қатысушылар жалпыреспубликалық шарадан алған әсерлерін бөлісті.

Бүгін достарымызбен бірге ағаш отырғызу шарасына қатыстық. Жас толқынның өкілі ретінде мұндай шараларға белсенділікпен қатысып, өзгелерге үлгі болуға тырысамын. Өйткені, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, тазалық пен тәртіпті ұстану ­– қоғамның басты міндеті. Шынында біздің қоршаған орта – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан экосенбіліктерге әрбір апта сайын қатысып тұруға тырысамын, сонда айына 4-5 рет шығамыз, — дейді аймақтың белсенді жастарының өкілі Нұрасыл Молдабеков.

Оның сөзін Талдықорғанның тағы бір тұрғыны Маржан Ғылымбеққызы да растап:

Сенбілікке кіші ұлымды ертіп, ертерек келдім. Сол арқылы балама ауыр еңбектен қашпауды, табиғатты қалай қорғауды, сүюді және туған қаласына жанашырлықпен қарауды үйреткім келеді. Бұл қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойына сәби кезінен сіңіру керек. Менің балам 7 жаста, бүгін тұңғыш рет көшет отырғызды. Осындай игілікті істі есінде ұзақ сақтап, туған жеріне қамқорлық көрсетуді үйренеді деп ойлаймын, — деді.

Марапат алғандардың атынан сөз алған Сарқан ауданы, Сарқан қаласының әкімі Амантай Орынбеков:

2025 жылы бүгінгі күнге дейін мыңнан аса ағаш егілді. Тағы мыңнан аса жоспарда бар. Қоқыс мың кубтай шықты. Бұл марапат бізге екі есе жауапкершілік жүктейді. Сондықтан да тазалық жұмыстарын ары қарай да жалғастырамыз. Қаламызды таза ұстаймыз, — деп ризашылығын жеткізді.

Сенбіліктің жұмысын түйіндеген облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев:

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Жетісу облысында көптеген шаралар өткізілуде. Атап айтсақ, әр апта сайын «Таза бейсенбі» деген атаумен экосенбіліктер өткізіліп, кәсіпорындардың, ұйымдардың ұжымдары мен бизнес-қауымдастық өкілдері өздеріне тиесілі аумақтарды тәртіптке келтіріп, тазарту жүргізеді, көгалдандырады. Сондай-ақ, әр екі апта сайын сенбілік өткізіледі. Онда саябақтарға, скверлерге, аллеяларға, аулаларға, көшелерге тазалық жүргізіледі. Одан бөлек, экобағдарлама аясында көпқабатты үйлердің шатырлары жаңартылып, аулалар тазартылады, балалардың ойын және спорт алаңдары салынып, көшелер жарықтандырылады және елді мекендерді абаттандыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылады. Жыл басынан бері 120 мың түп ағаш көшетін отырғызу жоспарланған болатын. Соған сәйкес 56 мың көшет көктем кезінде тігілсе, қалған 64 мың түп ағашты күз кезінде отырғызамыз. Бүгінгі бір күннің өзінде 9,5 мың ағаш көшеті отырғызылды, — деп атқарылған жұмыстардың нәтижесін таныстырды.

Айта кетсек, Жетісу облысында өткен жалпыреспубликалық сенбілік кезінде 438,2 гектар аумақ тазартылып, 886 тонна қоқыс жиналды. Экошараларға 22 800 адам қатысты, 204 бірлік техника жұмылдырылды.

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысының Қарабұлақ ауылында жаңа саябақ салынды

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысының Қарабұлақ ауылында жаңа саябақ салынды

07.11.2025
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды (ТІЗІМ)

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды (ТІЗІМ)

07.11.2025
300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша тегін курстан өтті

300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша тегін курстан өтті

07.11.2025
Енді өтінімдердің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады

Енді өтінімдердің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады

07.11.2025
Жетісу университетінде полиция мен кинологтар студенттерге шеберлік көрсетті

Жетісу университетінде полиция мен кинологтар студенттерге шеберлік көрсетті

07.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.