Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ ЕДІ

29.08.2020
КҮЛТӨБЕ
ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ ЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талапбек Сұлтанбеков 1930 жылы 1 қыркүйек күні Талдықорған облысындағы Ақсудың Аршалы жайлауында дүниеге келген. Тәкеңнің арғы атасы – Берсүгір. Берсүгірден – Жансүгір, Шәкен, Сүлеймен. Жансүгірден қазақтың әйгілі ақыны Ілияс болса, Сүлейменнен Сұлтанғазы, Сұлтанбек, Сұлтанбай. Сұлтанбектен – Талапбек. Демек, Талапбек ақиық ақын, репрессия құрбаны Ілиястың немере інісі. Тәкеңнің әкесі Сұлтанбекті де 1937 жылы Түргенде техникум директоры болып жүргенде халық жауы деп ұстап әкеткен болатын. Ал Талапбектің анасы – әйгілі халық ақыны Дәмеш Берсүгірова. Демек, ол қай жағынан да текті тұқымның тұяғы.


Т. Сұлтанбеков мектепті күміс медальмен тамамдаған соң КазМУ-дің филология факультетіне оқуға түседі. Онан соң еңбек жолын Семей облысындағы Абыралы ауданының орталығы Қайнар ауылындағы мектептен бастады. Сол жылдардағы өмірі жайлы Тәкең:
– Ол жақта Тобықты руының адамдары көп екен. Арасында Қаракесек пен Наймандар да бар. Бір қызығы, шеттерінен дойбышы әрі өнерпаз. Менің дойбыдан Қазақстанның жастар арасындағы чемпионы екенімді білген соң бәрі ойнайық деп қолқа салып, үйлеріне шақыратынды шығарды. Олармен сынға түсуге уақыт та тапшы. Дегенмен, ақсақалдардың көңілдерін қимай оншақты үйде болғаным бар. Біздің елде дойбы ойнайтын адамды іздеп жүріп әрең тапсаң, Қайнардың мәужіреп отырған қарттарына дейін дойбышы. Олар теорияны жетік білмегенмен өздері шығарған тәсілмен ойнағанда, үлкен ұқыптылық танытпасаң ұтып кетеді. Ең мықтылары екінші разряд шамасында ойнай алады екен. Жидебайдағы Абай Құнанбаевтың мұражайында тұрған, ұлы ақынның өзі ойнаған дойбы мен тоғызқұмалақ тақталарын көргенде бұл өңірдегі қарттардың шеберлігінің мықты болуына негіз бар екеніне көзім жетті. Дойбымен қатар тоғызқұмалақ, шахмат ойнайтын адамдар өте көп. Сол әуесқойлармен шайқасу спорттық бабымды сақтауға айтарлықтай септігін тигізді. Ал әншілері бірінен бірі өтеді. Әсіресе Абай әндерін үлкен тебіреніспен шырқайды екен, – деп тамсанған болатын.

Қазақстандағы ірі жарыстардан біраз уақыт қол үзгенімен Тәкеңнің біршама даярлығы бар болатын. Ол әуелі ересектер арасында Қазақстан біріншілігінің жүлдегері болып, онан соң халықаралық дойбыдан еліміздің чемпионы атанды. Халықаралық дойбыдан КСРО чемпионатына қатысып, сол кездегі әлем чемпионы Исер Куперманмен де шаршы тақтада сынға түсті. Ол Ш. Жаңбыршин, Ш. Ибыраев сынды дойбышылармен сайысқа түсіп шеберлігін шыңдаған еді. 

Т. Сұлтанбеков «қойшылар алгебрасы» деп аталып жүрген тоғызқұмалақты да жетік меңгерген. Еліміздің он дүркін чемпионы Р. Ақпамбетовтің шеберлігін өте жоғары бағалайтын. Кейіннен өзі де тоғызқұмалақтан еліміздің чемпионы атанған-ды. Бірақ алпысыншы жылдардан бастап жұмыстан қол үзіп жарыстарға қатысуды сиретті. Әйтсе де, сүйікті өнерін насихаттаудан қол үзген жоқ. 1954 жылы «Дойбы ойыны» деген кітабы баспадан шықты. Бұл дойбы туралы қазақ тілінде шыққан тұңғыш кітап болатын. Осы кітап жарыққа шыққан соң еліміздің түкпір-түкпірінде дойбы әуесқойлары бұрынғыдан бетер көбейіп, шеберліктері шыңдала түсті. 1959 жылы «Шахмат ойнай білесің бе?», 1967 жылы «Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ» оқулық кітаптары жарық көрді. Сонымен қатар әр жылдары жарыстарға қазылық етіп, дойбы, тоғызқұмалақ федерацияларын басқарды.

Ғылыми-фантастика тақырыбына қалам тербеген жазушыларды атағанда солардың алғашқылары шебінен Талапбек Сұлтанбековті кездестіреміз. 1957 жылы белгілі ғалым Ақжан Машанидың «Жер астына саяхат» деген кітабы жарық көрген еді. Бұл оқырмандар қауымын қиял кемесіне отырғызып, алыстағы армандарға жетелейтін фантастика саласы бойынша ең алғашқы шығарма болып есептеледі. Мұнан кейін 1964 жылы  Т. Сұлтанбековтің «Көшпелі алтын» кітабы баспадан шықты. Әр жылдары Тәкеңнің қаламынан шыққан «Лұқман Хакім», «Жұлдыз ат», «Жүрек тулайды», «Тізгін», «Темір еліне саяхат», т. б. кітаптары оқырмандарға жол тартты. Ал енді Сұлтанбековтен кейінгі ғылыми-фантастика саласының қаламгерлері Т. Сүлейменов, Ш. Әлімбаев, А. Марқабаев, М. Сәрсекеев, Ж. Сахиев болып жалғаса береді.

Тәкең 1962–1970 жылдар аралығында «Білім және еңбек» жорналының бас редакторы болған уақытта басылымға жазылушылар қатары өсіп, оқырмандар қауымының көзайымына айналды. Мұнан соң ширек ғасырға жуық «Қазақфильмде» бас редактор қызметтерін атқарып, 500-ден астам фильмді қазақ тіліне аударуға қатысқанды.

1994 жылы қазақтың әйгілі ақыны Ілияс Жансүгіровтің 100 жылдығы кең көлемде атап өтілді. Сол шарадан бір жыл бұрын жазушы Талапбек Сұлтанбеков ағамызға Ілияс тойының ізін суытпай жатып дойбы мен тоғызқұмалақтан турнир өткізу жөнінде ұсыныс жасаған болатынмын. Екі бөлек өткізуге республикалық спорт комитеті келісім бермеуі мүмкін. Сондықтан да қоссайыс деген айдар тағып бір турнирге өзара келісіп, комитетке шықтық. Олар да қарсы бола қойған жоқ. Сөйтіп 1994 жылы Ақсуда қоссайыстан турнир өтті. Онда әр адам бір-бірімен әуелі дойбы, сонан соң тоғызқұмалақтан сынға түсті. Он күнге созылған сайыс барысында семейлік Дәрубай Тәукенов бас жүлдені иемденді.  

 Ақсулықтар Тәкең мен зайыбы Жамал жеңгейді құрақ ұшып қарсы алып, құрметтеп ат мінгізді. Республикалық спорт комитетінің жауапты қызметкері Намазбек Сайдамаров пен жарыстың бас төрешісі болған осы жолдардың авторына ыстық ықыластарын білдіріп, сыйлықтар табыстады. Сол жарыс барысында Тәкеңмен бір-бірімізге бұрынғыдан бетер бой үйретіп, емін-еркін сырласып, көптен бері ойда жүрген сұрақтың жауабын алуға мүмкіндік туды. Бұған дейін Тәкеңмен дастарқандас болып көп араласпасам да оның өнерін бағалап, өзіме рухани ұстаз санайтынмын. Осы турнирді өткізу жөнінде жер-жерге ұсыныс жасап, жарысқа республиканың түкпір-түкпірінен дойбы мен тоғызқұмалақ ойнауды бірдей меңгерген адамдарды шақырып жүргенім де сондықтан еді.

Алматы қаласында тұратын, оқу бітірген жас маманға қызмет табылмауы жауабы жоқ көптеген сұрақ туғызатын. Тағы бір күдіктенетін жерім, 1949 жылдан бастап ядролық сынақ шеңберіндегі Абыралы ауданына жіберуі де ойдағы күдікті көбейте түсетіні анық. Осы мәселелер жөнінде сыр тартқанымда:
– Жүсіп, сенің күдіктенуің орынды. Содан бері жарты ғасырға жуық уақыт өтсе де кейбір мәселе менің өзіме де белгісіз. Ашып айтар жауап жоқ. Үлкен сұрақ күйінде қалып тұр. Тек анам марқұмның «Апырай-апырай, қашан қалады соңымыздан» деп отыратыны есімде. Анама «Неге апырайлайсыз, кім соңымыздан қалмай жүр?» деген сұрағыма: «Жай, әшейін ғой», – деп қоя салатын. Кейін өзімше пайымдадым, шамалап түсіндім де тынышталдым. Оны өзің де сезіп отырған шығарсың. Қызықтың көкесін Қайнарға барғанда көрдім. Мені ешкім үйіне жатқызғысы келмеді. Бәрі де оң қабақ танытып, жылы сөйлескенімен ешқайсысы есіктерінен қаратқысы келмеді. Осы кезде алғашқы күмән туды. Сол кезде өзімді арман қуған жас маман емес, өмір соқпағынан өткен ересек адамдай сезіне бастадым. Бұл менің албырт көңілімді су сепкендей басқан сәт болды. Құдай сақтап біраз жыл орыс арасында талай қиындық атаулыны бастан кешіп елге оралған Сейітжан Тәбәрік деген мұғалім паналатты. Кейіннен дойбы мен тоғызқұмалақ өнерінің арқасында жергілікті халықпен аралас күшейді. Олар Ілиястың ұрпағының құбыжық еместігіне көз жеткізіп, оң қабақ таныта бастады. Қалың Тобықты еліне барғаныма өкінбеймін. Жақынырақ таныса келе біріне жиен, біріне нағашы болып кеттік. Бірақ бастан өткерген қиындықтар мәңгі есте қалды. Қиналған кезде ер жігіттің басынан не өтпейді деп өзімді өзім жұбатумен жүрдім. Бала кезімнен Алатау баурайында өссем де Дегелең тауынан үлкен әсер алдым. Тау онша биік емес. Шамамен 1000 метрден аздап асатын сияқты. Бірақ өзінше ерекшелігі бар, әдемі. Таудан ағатын Ұзынбұлақ, Қасқабұлақ өзендері, Қалыбай асуы, сылдырап аққан бұлақтар, тау бөктеріндегі сан алуан бітік өскен шөпті айтсаңшы. Құдды төрт түлік өсіруге арнайы жасалғандай. Сондай жұмақ жерді, халықты, жан-жануарларды қорлаған үкіметке не дерсің? Әдейі жасалған қастық десем қателесе қоймаспын. Ал мына ала-құла болып жүргенім сол Абыралыдан әкелген базарлығым. Ол жақта мен сияқты бойында белгісі бар адамдар жеткілікті. Одан да жаманы бар. Бұған да шүкір деймін. Бұл Кеңес үкіметінің Қазақстанды ұлтарақ ретінде пайдаланып, біздің елдің аумағын сынақ полигоны мен қазба байлық алатын қазан шұңқырға айналдыруды көздеген мақсаты, – деген еді. 

Егер Талапбек Сұлтанбеков тірі болғанда алдымыздағы қыркүйек айының бірі күні тоқсан жасқа толар еді. Өкінішке қарай, ол 2009 жылғы 19 наурыз күні жарық дүниемен қоштасқан болатын. Тәкең арамызда болмаса да сүйікті өнері дойбы мен тоғызқұмалақ дамып келеді. Кезінде ағамыздың ықпалымен шаншылған шыбық өсіп, үлкен бәйтерекке айналып, жапырағы жайқалып тұр. Оның саясында талай қазақ жастары шеберліктерін шыңдап, ата жолын абыроймен жалғастыруда.

Жүсіп ХИСЫМОВ,
Қазақстанның Құрметті спорт қайраткері,
С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

07.07.2026
Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

07.07.2026
Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026
Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026
Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.