Талдықорған: +3°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Теміржолшылар даярланбақ

14 наурыз 2017
КҮЛТӨБЕ
Теміржолшылар даярланбақ
WhatsAppTelegramFacebook

Кезекті іссапармен Қаратал ауданына барған облыс әкімінің орынбасары Жақсылық ОМАР көптеген әлеуметтік мәселелерге тоқталып, түйіні қиын тақырыптардың шешу жолын ұсынды. Аудандағы бірнеше әлеуметтік нысанды аралап, жөндеу жұмыстары қажет екендігіне көз жеткізген облыс әкімінің орынбасары алдымен іргесі 1986 жылы қаланған Ескелді ауылдық Мәдениет үйінің жай-күйімен танысты. Қазіргі уақытта қаңырап қалған ғимаратты қайта қалпына келтіріп, халық игілігіне пайдалану мәселесін қозғап, ондағы спортзалды келешекте пайдаға жаратудың  керектігін ескертті.

Соңғы рет 2006 жылы жөндеу жүргізілген Үштөбе қаласындағы орталық ауруxананың кейбір бөлімдері күрделі жөндеуді қажет етеді. Осыған орай: «Барлық тұрғындардың басы ауырып, балтыры сыздағанда баратын жері аурухана, сондықтан аталмыш мәселені шешеміз», – деген Жақсылық Мұқашұлы медициналық қызметтің сапасын арттыру мәселесіне де тоқталды. Жақында ашылған «Балбөбек» балабақшасына барған басшылық ондағы мүмкіндіктерді көргенде риза болысты. Дегенмен, 340 орынға арналған нысанда барлығы 180 бүлдіршін тәрбиеленіп жатқанын ескерген облыс әкімінің орынбасары балабақшаға келетін бала санын арттыруды назарға салды. Жалпы Қаратал ауданы балабақшамен қамтамасыз ету бойынша 90 пайыздан асыпты. Бұл көрсеткішті тағы көбейту де айтылды.
Үштөбе қаласында жаңадан ашылған облыстық мүгедек балаларды оңалту орталығында қазір         41 мүмкіндігі шектеулі бала емделуде. Алайда аудан көлеміндегі кейбір ата-аналар мүгедек балаларын орталыққа әкелуді ауырсынады. Бірақ үйде бұйығып өскен ондай балаға орталықтың берері мол екенін ескерткен Жақсылық Мұқашұлы сәуір айына дейін орталықтағы бос орындарға тәрбиеленушілер келтіруді тапсырды.
Бұдан соң С. Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясына барып,  былтыр облыс бойынша ҰБТ-дан  84,5 балл жинап, 2-орынға табан тіреген оқу орнының спортзалы таршылық ететінін көрді. Одан соң 11-сынып оқушыларымен өткен кездесуде емін-еркін әңгіме өрбіткен Жақсылық Омар: «Мен сіздердің мектеп бітіру кешіне келуге уәде беремін», – деп жастарға мамандық таңдау бойынша ақыл-кеңесін арнады. Сондай-ақ, қаладағы оқу-өндірістік комбинатының ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін өз көзімен көрген облыс әкімінің орынбасарына Бастөбе сервистік теxникалық колледжінің ұжымы студенттер жатақxанасы да жоқтығын алға тартты. Бүгінгі күні 290 студент білім алып жатқан оқу ордасында теміржолшыларды даярлайтын мамандық ашу жоспарланып отыр. Осыған орай колледж басшылығына дуалды оқыту жүйесін енгізу керектігі ескертілді.
Сапар соңында өткен Қаратал аудандық актив жиналысында аудан әкімі Қайрат Бисембаев өңірдің тыныс-тіршілігін қысқаша таныстырып, сөз тізгінін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға ұсынды.
– Мәселе туындаған әлеуметтік нысандары өз көзімізбен көріп, таныстық. Келешекте осыларды шешу тұрғысында жоспар құрып, кезең-кезеңімен іске асырамыз, – деген облыс әкімінің орынбасары Қаратал ауданының денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктерді түзету керектігін тапсырды. – Былтыр нәресте шетінеуі 2015 жылға қарағанда артқан. Бұл дегеніңіз, дәрігердің жауапсыздығынан болатын нәрсе. Сондықтан бақылауды күшейтіп, аяғы ауыр әйелдерді тексеруді жоспарға сай жүргізуге тиіспіз.
Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы бала туу көрсеткішінің төмендігін назарға салып, аудандағы бала босануға қабілетті 10 мың 700-дей әйелдің тек 800-ден астамы ғана жылына сәби әкелетінін мысалға алды. Аудан бойынша жетіспейтін 11 дәрігердің орнына жас мамандар алу мәселесін тез арада шешуді аудан әкіміне жүктеді. Оқушыларға қосымша білім беру көрсеткіші ауданда 20,8 пайыз екендігін ескерткен Жақсылық Омар балаларды үйірмеге, спортқа, өнерге қызықтыру бойынша бірлесе атқаратын жұмыстың көптігін алға тартты. Жиын соңында айтылған аудандық кітапхана туралы ұсыныс шешімін табатынына сенім артылды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ
Қаратал ауданы.

 

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.