Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТИІМДІ БАҒДАРЛАМА

12 шілде 2021
КҮЛТӨБЕ
ТИІМДІ БАҒДАРЛАМА
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жылдың қараша айынан бастап Бақбақты, Бірлік, Ақдала және Береке ауылдық округтері аумағындағы суармалы егістік алқаптарына су жеткізетін арналарды тазалау және егіс алқаптарындағы гидротехникалық имараттарды жаңалау жұмысы жүруде. Осы орайда  мұндай ауқымды жұмыстың Ақдала алқабы игерілген жылдардан кейін алғаш рет жасалып жатқанын айта кеткен жөн.


 Егіс алқаптарына күрделі жөндеу жасауға тапсырыс беруші ҚР  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті болып табылады. Екі жыл мерзімге жоспарланған ПУИД-2 бағдарламасы бойынша жалпы аумағы 7481 гектар жерді құрайтын ауқымды жұмысты жүйелі жүргізуді өз міндетіне алған «ТАМАС» ЖШС белгіленген жұмыс кестесіне сай биылдың қараша айында жұмысты аяқтайды деп жоспарлауда.   ПУИД-2 бағдарламасы бойынша егіс алқаптарына жүргізіліп  жатқан жұмысты көзбен көру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Бүркіт Мұқановпен бірге Ақдала ауылдық округінің аумағында орналасқан «Өтес-Ақдала» ЖШС және Береке ауылдық округіне қарасты «Тамшыбұлақ» ЖШС егіс алқаптарына арнайы барып қайттық.

Сапар барысында аудан басшысының орынбасарына Су ресурстары комитетінің ПУИД-2 бағдарламасы бойынша жоба басшысы Бақытжан Қосаев, осы мекеменің техникалық кеңесшісі Ерлан Тәжіқұлов, «ТАМАС» ЖШС жер өлшеушісі Жақсылық Есмағанбетов атқарылып жатқан жұмыс ретін таныстырды. Әңгіме барысында жоба басшысы Бақытжан Қосаев жоспарланған кестеге сай 7481 гектар суармалы алқаптарға су тарататын 135 шақырым арна, 139 шақырым қашыртқы арна, сонымен қатар 240 шақырым алқапаралық арналар тазаланса, 6720 дана гидротехникалық имараттар ауыстырылып жатқанын айтты. 

Ал,  Ерлан Тәжіқұлов егіс алқаптарындағы арналарды қазу үшін 5 экскаватор, 1 бульдозер, сондай-ақ, жұмысқа қажетті басқа да техникалардың жұмылдырып жатқанын және 35 адамның тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілгенін айта келе, бүгінге дейін жоспарланған жұмыс кестесіне сай 120 шақырым арна, 125 шақырым қашыртқы арна, 154 шақырым алқапаралық арналардың тазаланғанына баса тоқталды. 

ПУИД-2 бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың егіс алқаптарына тигізер пайдасы орасан зор болмақ. Егіс алқаптарына тіршілік нәрін жеткізетін  арналарға қазу жұмыстары тұрақты түрде жасалып тұрса, келешекте күрішті сумен бастыру ісінде қиындық тумайтыны анық. Ал қашыртқы арналарды тазаласа, жерасты суларының тез көтеріліп, егіс алқаптарының сорлануына жол берілмейді. Осындай өзекті де өткір мәселелер осы істердің нәтижесінде оң шешімін табатыны анық.

Б. ДӘУІТБАЕВ 
Балқаш ауданы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.