Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысы өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі, агроөнеркәсіп кешенін және тау-кен өндіру саласын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін ел азаматтарын жоғары мемлекеттік марапаттармен наградтады.
Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды:
Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мәмбетов және К» КС механизаторы Мұрат Кеңесұлы Қаражұмановқа.
Қарағанды облысындағы «Qarmet» АҚ КД «Шахтинская» шахтасы учаскесінің бастығы Сергей Петрович Чернобайға.





