Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТӨРТ КҮНДІК ЖҰМЫС АПТАСЫ ҚАЛАЙ БЕЛГІЛЕНЕДІ?

13.05.2023
КҮЛТӨБЕ
ТӨРТ КҮНДІК ЖҰМЫС АПТАСЫ ҚАЛАЙ БЕЛГІЛЕНЕДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемдік тәжірибені ескере отырып қолданысқа енген төрт күндік жұмыс аптасы жөнінде аз айтылып, кем жазылған жоқ. Әлі де қоғамда қызу талқыға түсіп, резонанс тудырғаны жасырын емес. Осы тұрғыда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде болған баспасөз мәслихатында облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Еркін Дәулетұлы жан-жақты айтып өтті.  

ҚР Еңбек кодексінің 71 бабының 3 тармағы «тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі» деген мазмұнда толықтырылды. Бұл барлық жұмыс берушілер мен жұмысшылар 4 күндік жұмыс аптасына автоматты түрде көшеді дегенді білдірмейді, яғни ол үшін жұмыс беруші мен жұмысшы келісімге келіп, еңбек шартында рәсімдеуі тиіс.

– Еңбек нарығында технологиялардың қарқынды дамуының нәтижесінде икемді жұмыспен қамтудың жаңа формалары пайда болды. Икемді жұмыспен қамтудың нысандарын заңнамалық түрде реттеу мақсатында Әлеуметтік кодекс аясында келесідей режимдер енгізіледі:

— жылжымалы жұмыс кестесі – аптаның кез келген күндерінде жұмыс кестесінің әртүрлі ұзақтығымен жұмыс;

— бірлескен жұмыс – бір жұмыс функциясын бірлесіп орындау үшін жұмыс берушінің бірнеше (әдетте екі) жұмысшыны қабылдауы;

Сонымен қатар, бірлесіп жұмысқа орналастыруды келесі арнайы топтардың қолдануына жол беріледі: Медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне күтімді жүзеге асыратын жұмыскерлерге; үш жасқа дейінгі баласы бар ана-ананың біреуіне;14 жасқа дейінгі баланы (18 жасқа дейінгші мүгедектігі бар баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналарға; көрсетілген санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдарға; оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін білім алушыларға; зейнеткерлік жасқа жетуге кемінде екі жыл қалған не көрсетілген зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыскерлерге тараптардың келісуі бойынша жол беріледі.

Икемді жұмыспен қамтудың нысандарын ресімдеу жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, еңбек ұтқырлығын арттыруға, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – дейді Еркін Дәулетұлы.

Бұл арада жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы Еңбек кодексі мен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда аптасына 40 сағаттан және күнделікті жұмыс ұзақтығы 8 сағаттан аспауы тиіс. Сонымен қатар үстеме жұмыс уақыты айына 12 сағат, жылына 120 сағаттан аспауы тиіс.

Аталған режимдегі жұмыс қызметкер үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығына, еңбек өтілін есептеуге және Еңбек кодексінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген еңбек саласындағы басқа да құқықтарға шек қоюға алып келмейді.

Қали АСҚАР
Сурет ғаламтордан алынды

 

 

 

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Мектептерде ChatGPT пен басқа ЖИ құралдарын қолдану ережесі жарияланды

Жастарға жаңа мүмкіндік

04.08.2026
Әділдікті ту еткен

Әділдікті ту еткен

04.08.2026
Шекара шебінде өткен шаралар

Жауынгерлік дайындық пысықталды

04.08.2026
Қыстың қамын жаз ойла

Қыстың қамын жаз ойла

04.08.2026
Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

04.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.