Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТҮСІМ КӨЗ ҚУАНТАДЫ

8 қазан 2019
КҮЛТӨБЕ
ТҮСІМ КӨЗ ҚУАНТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі таңда ауылшаруашылығы дақылдарының ішінен қант қызылшасы айрықша маңызға ие. Сондықтан тәтті түбірді өсіріп, алқап көлемін ұлғайту, өнімділікті арттыру облыстың маңызды стратегиялық саласы санатында. Осы мақсатта соңғы жылдары бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. 


Аталмыш бағыттағы үздік шаруашылықтардың жұмысымен жете таныстырып, жаңа, озық технологияларды меңгеру, заман талабына сай тыңайтқыштарды тиімді қолдануды көзбен көрсетіп, қолмен ұстататын сан түрлі тақырыптық жиындар ұйымдастырылды. Оның нақты нәтижелермен ұштасқанына бірқатар шаруа қожалықтарының қызылша алқабын аралағанда көз жеткіздік. Жалпы қант қызылшасы – күтімі келіссе мол өнім беретін өсімтал әрі табысты дақыл. Мұны қызылша өсіруден мол тәжірибе жинақтаған Алмалы ауылдық округіндегі «Жас қанат» шаруа қожалығы жақсы біледі. Аудандағы алдыңғы қатардағы аталмыш қожалық басшылары Қанат пен Ерлан Блискелдиновтарды егістік басынан, қызу еңбектің ортасынан таптық. 

– Былтыр 100 гектар жерге қант қызылшасын ексек, биыл оның көлемін 150 гектарға жеткіздік. Әр гектардан өнім орта есеппен 350-400 центнерден айналады деген ойымыз бар,– дейді Қанат Блискелдинов.

Түсім көз қуантады. Алмалы ауылдық округінде құрылған сервистік дайындау орталықтарының заманауи жаңа техникалары қазір қауырт іске кіріскен. Тіркемелі қызылша жинайтын өз бункері бар элеваторлы «GRIMME ROOTSTER 604» атты комбайнның жұмыс өнімділігі расымен де таңғалдырады. Көз ұшында жүрген арнайы техника енді бір айналғанда егістіктің екінші басынан табылып, еңбек көрігін қыздыруда. Тіркемесіне дейін тау болып үйілген тәтті түбір тиеген «КамАЗ» жүк көліктері бір-бірін жылдам ауыстырып, көңілге қуаныш ұялатады. 

– Биыл, өздеріңіз көргендей, қант қызылшасының түсімі өте жақсы, – дейді аудан әкімінің орынбасары Арман Мұқанов тәтті түбір алқабын аралау барысында. 

– Аудан бойынша барлығы 2850 гектарға егілген аталған дақылдан гектарына орта есеппен 400 центнерден өнім алуды жоспарлап отырмыз. Былтыр өңірде 2000 гектар көлемге тәтті түбір өсіріп, түсім орта есеппен 362,7 центнерді құраған болатын. Берекелі күз берген тәтті түбірді тиеп, барлығы 44 «КамАЗ» алғашқы лекпен Ақсу қант зауытына жол тартып үлгерді. 

П. Жеңісхан 
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.