Талдықорған: +28°C
$ 511.77
€ 593.19
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Туы биік, тұлғасы асқар

03.06.2025
КҮЛТӨБЕ
Туы биік, тұлғасы асқар

КСРО Журналистер одағының мүшесі, «Социалистік елші» газетінің редакторы, облыстық «Октябрь туы» газеті редакторының орынбасары, «Құрметті пошта қызметкері» болған әкеміз Абдырафиқ Есімжановтың өмірден өткеніне де 50 жыл болды. Жұлдыздар алыстаған сайын жарқырай түсетіні секілді, әкеміздің өр тұлғасы мен өнегеге толы өмірі жылжыған жылдармен бірге биіктей берді. Балаларын мәпелеп өсірген, кеудесін тағдыр тасына тосып, еңбек майданының ортасына түскен ақылы дария, кеудесі кемел ардақты әкеміздің өмір жолына қысқаша тоқталмақпын.

Әкеміз 1926 жылы қараша айында бұрынғы Талдықорған облысы Көктерек ауылында дүниеге келген. Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін 1966 жылы бітірген.

Әр бала үшін асқар тау әкенің ақылы мен анасының аялы алақанына жетер еш нәрсе жоқ. Ата-анаңның қасыңда жүргенінің өзі бір бақыт. Бірақ ол әке-шешесінен ерте айырылып, тағдырдың тауқыметі иығына түссе де мойымай, бауырларын өсіріп-жетілдіру үшін қара жұмысқа жегіледі. Таңды-таңға ұрып тынбай жұмыс істейді. Өзінің күнделігіне әкеміз: «7-класты ылғи беспен бітірдім. Мектептен соң колхоздың шөп жинау науқанында жұмыс істедік. Зияда (інісі) екеуміз жаздай өгіз жегіп, тырмамен шөп жинадық» деп жазыпты. Ол қарындасы мен інілеріне білім беруді армандады.Зияда ағамыз бен Фарида әпкемізге жоғары, Сайдахмет ағамызға техникалық кәсіби білім алуына жағдай жасады. Әке-шешесін жоқтатпай іні-қарындасын үйлендіріп, тойларын жасап берді.

Әкеміз әртүрлі қызметтерді абыроймен атқарды. 1944-1958 жылдары ұрықтандыру технигі, есепші (учетчик), ұжымшар басқармасының хатшысы, байланыс бөлімінің басшысы, ауыл советінің депутаты, тұрақты мәдениет комиссиясының төрағасы, ауыл советі хатшысы, математика пәнінің мұғалімі, радиотехник, бухгалтер, радиоторабының басшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, комсомол ұйымының хатшысы, газет редакторы сияқты түрлі салада жұмыс істеді. 1946 жылдан бастап 10 жылдан аса пошта меңгерушісі қызметін атқарған. Көктеректегі пошта бөлімшесіне дейін өгізбен күнде, кейде күнара барып, хат, газетті ұжымшар тұрғындарына әкеліп үлестіріп отырған. Осы қызметімен қатар басқа да жұмыстарды қоса алып жүрген.

1957-1967 жылдар арасында ауыл советі депутаты ретінде ауылшаруашылығындағы күрделі мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынып отырған. 1957 жылдан бастап «Социалистік елші» атты газеттің редакторы қызметін атқарады. Қоғамның айнасына айналған газетте мұқым елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап мақала жазып, еселі еңбек етті. Халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айналған басылым бетінде ауылдың өзекті мәселелері, ауылшаруашылығындағы түйткілді тақырыптардың шешу жолдары, еңбекшілердің шынайы өмірі туралы мақалалар жарияланып отырды. Аядай ғана ауылдан шыққан газет жайлы аудандық, облыстық баспасөз мәслихатында жағымды пікір қалыптасып, облыс, республика басшылары мен журналистерінің назарын өзіне аудара бастады. Газеттің шығу сапасы, мақалаларының жазу стилі, безендірілу жұмыстарын Р. Есімжанов еңбегі деп жоғары бағаланды.

Осы кезден бастап әкеміздің мақалалары облыстық және республикалық басылымдарда жарық көрді. Туыстардың айтуынша, әкеміз қиындыққа жұқармайтын, тауқыметке мұқалмайтын қайсар болған. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын?», – дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Ол – елдің ұлы еді. Ауылдастары, қызмет еткен ұжымы әкемізді өте сыйлаған. Туған-туыстары, ауылдың үлкен-кішісі де атын атамай, құрмет тұтып «Әбіш аға» деп кеткен.
Әкеміз «сегіз қырлы, бір сырлы» болды. Музыкант, инженер-техник, режиссер, журналист және тағы да басқа қызмет түрлерін жақсы меңгерген. Шахмат пен дойбыны да өте жақсы ойнайтын. Ол техника тілін де білетін, талайлардың электрлік техникасын, жүре келе телевизорлар, мотоциклдерін де жөндеп беруге жәрдемдесетін. Оның бар ынта-жігерімен араласқан сүйікті жұмыстарының бірі – көркемөнерпаздар үйірмесін құру болатын. Ауыл советінің хатшысы болып істеп жүрген кезінде аудандық және жергілікті басшылардың тапсырмасы бойынша М. Горький кеңшарында көркемөнерпаздар үйірмесін құрып, солармен әртүрлі пьесалар дайындап, оларды аудандық және облыстық байқауларда орындап отырған. «Алдаркөсе» пьесасын дайындап, Алдаркөсенің рөлін өзі ойнап, Қожанасырдың күлдіргі әңгімелерін айтады екен. Осы көркемөнерпаздар ұжымы бірнеше рет аудандық пен облыстық байқауларда жүлделі орындарды иеленіпті.
Асқар тау әкеміз университет бітіргеннен кейін Талдықорған қаласына көшіп келіп, «Жетісу шұғыласы» газетіне тілші болып жұмысқа орналасады. Уақыт өте ауылшаруашылық бөлімінің басшысы болып тағайындалады. Содан кейін Талдықорған облыстық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, 1967 жылы облыстық «Октябрь туы» газеті редакторының орынбасары болып қызмет етті. Бас редактордың орынбасары ретінде тұрғындардың хаттары мен арыз-шағымдарымен жұмыс жасау бөліміне жетекшілік етті. Қарапайым азаматтардың арыз-шағымдары бойынша үнемі іссапармен өңірді аралап, соның арқасында көптеген өзекті мәселелер шешімін тапты. «Октябрь туы» газеті редакциясының кәсіподақ комитетінің жұмысын да басқарды.

Бас редактордың орынбасары ретінде облыстық газеттің сапасы мен шығуына жауапты болды. Журналистердің жазғандарын өңдеп, газеттердің уақытымен және сапалы шығуына үлкен ықпал етті. «Лепсіұлы» деген лақап атпен ауылшаруашылығына еңбегін сіңірген жерлестері туралы әңгіме, очерк, мақалалар жазып, еңбек озаттарын бүкіл елімізге мақтан етті. Өзінің жерлестері мен еңбекшілер туралы жазған новеллалары да бар.

Әзіл сөзге де ұста болған. Өзінің достары – Сетай Бөлебаев, Мәжит Қойжанов, Нәмиолла Әбділдаев, Кәдіржан Керімбеков туралы кейбір оқиғаларды әзіл әңгімелерінде баяндаған.

Қожанасырға ұқсас қылықтары болған соң әкемізді жұрт «Қожанасыр» дейтін. Мысалы, Талдықорған облыстық партия комитеті екі рет пәтер ұсынғанда «Маған үй бермей-ақ қойыңдар, менен де жағдайы төмен адамдар бар, үйді соларға беріңдер», – деп одан бас тартыпты.

Осы жылдары әкеміз КСРО Журналистер одағы мүшелігіне қабылданды. Халық шаруашылығының сан саласында қызмет ете жүріп, өз еңбегімен оны дамытуға күш-жігерін аямады. «Заря Семиречья» және «Октябрь туы» ұжымында бірге істеген қаламдас достары әкеміздің журналистік қызметін бағалап, ол туралы «ол өзінің өткір сын мақалалары, терең ізденістен туған туындылары арқылы аудан экономикасын көтеруге лайықты үлес қосты» деген. «Ол елдің сөзін сөйлеген, шындықты ту еткен, халыққа ой тастап, қарапайым еңбек адамының еңбегін және қиыншылықтарын ашық көрсете білген журналист еді» деп бағалаған.
Әкем тек еңбек адамына емес, ой адамына да сөз арнай алған. Оны «Математика мен математиктер» туралы жазған мақаласынан көруге болады. Күнделікті өмірде де математикалық ойлауды және логикалық дәлдікті жоғары бағалайтындығы мені таңғалдыратын. Бұл – оның жан-жақтылығын, көзқарасының тереңдігін, білімге деген құштарлығын көрсетті.

Ол қандай ортада жүрсе де беделді еді. Өзінің таза да кіршіксіз қалпымен айналасындағылардың жүрегіне терең ұялаған адам. Сондықтан кісілік, азаматтық тұлғасын тебіреніп тұрып айтатын әріптестері жетерлік. Солардың бірі «Октябрь туы» газетін басқарған Тұрсын Әбдуалиев: «Рафих аға өте биязы, білімді, қазақи қасиеті аңқып тұратын адам еді. Үлкенмен де, кішімен де байырғы танысындай, жақын бауырындай сырласып, тіл табысып кететін. кешіріммен қарап, жебеп-жетілдіріп отырушы еді. Қайырымдылығы да бір басына жетіп-артылатын. Бауырларына көмек көрсетіп, бойына қайырымдылықты ұялата білді. Сол мейірімін басқаларға да төгіп жүруші еді», – деп жазған екен.

Газетте корректорлық қызметті атқарған Сара Кәденқызы естелігінде: «Аға кез келген адаммен тіл табысып кететін, адамның ойындағысын дөп басып айтатын, сөзге шешен болған. Мінезі өте жұмсақ, жүрегі кең кісі. Кейде аға газетті түзетіп, таңға дейін жүреді. Аға өнерді сүйетін, өлең айтқанда дауысы керемет еді. Жүрегі таза, ешкімге жаманшылық ойламайтын, өз ісіне шын берілген қаламгер еді. Үнемі жылы сөз айтып, біреу ренжіп тұрса оған: «Қабағыңды аш, түнерме, жайдарлы, сабырлы бол» деуші еді. Ол кісінің ренжігенін, ашуланғанын көрмедім», – деп жазған.

Біздің үйіміздің есігі әрқашанда ауылдастары үшін айқара ашық болатын. Ауылдан келген жерлестері, оның ішінде басшы қызметтегілермен қатар қарапайым механизаторлар, шопандар да үйімізге келіп қонып, әкемізден әр- түрлі мәселелер бойынша кеңес алып кететін. Денсаулығын емдеу үшін келетін жерлестерді де ата-анамыз әрқашан қарсы алып, құрметті қонақ қылып күтіп жіберетінін ауылдың тұрғындары ерекше ықыласпен еске алады.

Анамыз Күлмәкіш Молдахметқызы екеуі тек өз балаларын ғана емес, інілері мен қарындасына да ана орнына ана, әке орнына әке бола білді. Барлық күшін балаларын тәрбиелеп, оларға білім беруге арнады. Бәрі жоғары білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында осы арманы жолында аянбай тер төкті: Талдықорған қаласының атақты азаматы, Қызмет көрсету саласының үздігі, «Социалистік еңбек екпіндісі» атанды.

Әкеміз Абдырафиқ Есімжанов халыққа қызмет етіп, әр сөзімен әділеттілікке жол ашты, еліне шындықты сыйлап кетті. Өмірі қысқа болса да мағынасы терең, сөзі – мәңгі тірі. Әкеміз өмірдің ауыртпалығын көп көрді, біздің қызығымызды көре алған жоқ. Әкеміздің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Жатқан жері жайлы, жаны жаннаттың төрінде болсын!

С. Есімжанова,
экономика ғылымының докторы, профессор

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025
Президент дәрігерлермен кездесу өткізіп, Медицина қызметкері күнімен құттықтады

Президент дәрігерлермен кездесу өткізіп, Медицина қызметкері күнімен құттықтады

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.