Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТЫҢ ТУЫНДЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

26 желтоқсан 2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси жүйесінде халық пен билік арасындағы өзіндік байланыстырушы құрылым ретінде мәслихаттарға ерекше рөл берілген. Жалпы мемлекеттік саясатты іске асыруға ықпал етіп, ел мүддесі мен қажеттіліктерін орындап, әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты бағыттары бойынша қызмет ететін халық қалаулылары қашан да абырой биігінен көрінуі тиіс.


Тәуелсіздік жылдарында жергілікті жерлерде депутаттық корпустың қалыптасуы мен дамуы қалай өтті? Бүгінгі таңдағы аталған тұлғалардың құзыреті мен қызметі қандай? Осы тектес және басқа да көптеген сұрақтарға Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының басшысы, саяси ғылымдарының кандидаты, философия докторы Тимур Биғожанов өзінің «Халық қалаулыларының қызметтері» атты жаңа кітабында толымды жауап ұсынған-ды.

Біз атап өткен осынау тың туындының тұсаукесер рәсімі облыс орталығында өтті. Жетісу өңірінің қоғам қайраткерлері, бірқатар мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысқан тұсаукесер салтанатында бірқатар зиялы қауым өкілдері сөз алып, жаңа жинақ туралы толғаныстарын білдірді.

– Автор өз кітабында жергілікті өкілді органдардың дамуының негізгі кезеңдерін баяндап қана қоймай, олардың қызметіне терең талдау жасады. Нақты тарихи фактілерге, нормативтік-құқықтық құжаттарға сүйене отырып, депутаттардың жергілікті деңгейдегі жұмысының қаншалықты маңызды екенін оқырман аудиториясына ашып көрсетті, – деп толғанған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт Тимур Қаппасұлының қаламгерлік еңбегін жоғары бағалап өтті. Сонымен қатар, кітаптың мәні мен мазмұнының салмағын саралап берді.

Жиын барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Қобылан Манап, қалалық мәслихат депутаттары және бірқатар зиялы азамат сөз сөйледі. Рухани шараға жиналғандар кітапқа жоғары баға беріп, өскелең ұрпақ үшін нұсқаулық туынды боларына сенім білдірді. 

– Қазақстан тәуелсіздік таңында саяси өзгерістердің эволюциялық жолын таңдады. Осы күрделі жолда біз көптеген кедергілерді еңсердік. Демократияның одан әрі дамуы азаматтардың өздерінің және азаматтық қоғам институттарының белсенділігіне байланысты болады. Бұл үдерісте халықтың мұң-мұқтажының айнасы ретінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына үлкен міндет жүктелген, – деп тебіренген Тимур Қаппасұлы рухани шара соңында өзінің публицистикалық еңбегін жоғары бағалағаны үшін көпшілікке алғысын білдірді.

АРДА БИ

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Бүгін, 18:30
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.