Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТЫҢДАРМАНДАРЫН ТӘНТІ ЕТКЕН

11.08.2019
КҮЛТӨБЕ
ТЫҢДАРМАНДАРЫН ТӘНТІ ЕТКЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Ән – көңілдің ажары. Десе дегендей-ақ, күміскөмей әншінің құйқылжыта шырқаған әндері жүректен-жүрекке жетіп жатса, адамның көңіл сарайы ашылып, жанына жайлылық орнары хақ. Ай дидарлы ажарына табиғи таланты астасқан ерекше дарын иесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғанипа Садықованың дара өнеріне өнерсүйер қауым сонау 80-жылдардың соңында-ақ қанық бола бастаған. 


Аралдан ұшқан ақ шағаланың бойына әншілік өнер жеті атадан дарыған деу артық болмас. Ата-анасы дәрігер болғанымен, суырыпсалма ақындығы бар анасы мен шертпе күйдің шебері атанған әкенің кіндігінен тараған 10 баланың барлығы да киелі өнерден құралақан емес көрінеді. Солардың ішінде ортаншысы Ғанипаның ерте жастан қолына домбыра алып, күй тартып, ән салуында өзінше өрнек бары байқалған. Бала жастан зерек, елгезек боп өскен өнерлі қыздың өнерпаздар байқауында жүзден жүйрік шығып, бас жүлдені иемденуі үлкен өмірге басқан қадамын нықтай түседі. 

Орта мектептен соң Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесін тамамдаған талантты жас бірер жыл ән-термеден сабақ беріп, ұстаздық жолдан өтеді. Өзінің де білімін толықтырып, тәжірибесін шыңдайды. Нәтижесінде өнер ордасы Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияның халық аспаптар факультетінің күй бөлімінде дайындық курсын оқып, 1990 жылы тамамдап шығады. Білім көкжиегін кеңейтуде ізденіске толы бұл жылдары халқымыздың біртуар өнер тарландары Қаршыға Ахмедияров, Бақыт Қарабалина, Камила Сахарбаева, Құбыш Мұхитов, Жексен Қазанбаев сынды ұлағатты ұстаздардан тәлім алып, халықтық өнердің кәусарына қанады. Сөйтіп, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына әнші боп қабылданады. Бұған қоса, талантты әншінің өнеріне тұшынған көрермен тілегін қанағаттандыру үшін «Алтынай», «Адырна» ансамбльдерінің құрамында жүріп те өнер көрсетеді. Жас талантты «шәкіртім» деп қабылдаған халықтың сүйікті әншісі Мәдина Ералиеваның тәлім-тәрбиесін сіңіреді.

Бақ пен баптың қатар шабатыны да рас. 90-жылдарда әнші Ғанипаның жұлдызы жарқырай түскені ақиқат еді. Оған сол жылдары Елбасы Н. Назарбаевтың қатысуымен 7 мұсылман мемлекеттерінің басшылары бас қосқан алқалы жиында «Адырна» ансамблінің құрамында қазақ эстрада жұлдыздарымен бірге өнер көрсетуі ерекше серпіліс берген. Осы тұста халықтық өнерді дәріптеуші қазақ қызының тума талантына Елбасының жылышырай танытуы өнер иесін қанаттандыра түскен.

Одан кейін Жетісу жерінен киелі Маңғыстау өңіріне сапарлап, Ақтау қаласында үлкен концерт қояды. Өмірлік серігі, республикамызға танымал атақты жыршы Аманқос Садықовпен қол ұстасып, өнер айдынында қатар жүзген қос аққудың талантына тәнті болған ақтаулықтар қос жұлдызды аттай қалап, осы өңірде фольклорлық ансамбль ашуға, халықтық өнерді жандандыруға ұсыныс жасайды.

Көптің ұсынысын аяқсыз қалдырмадық. Бар күш-қайратымызды жұмылдырып, Маңғыстау облыстық «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің ашылуына септігімізді тигіздік. Сол кездегі құрамда бүгінде Талғар ауданында өнер көрсетіп жүрген танымал әнші Ғайса Рамазанов пен атақты биші Айгүл Андасбаева да болды. Жаңа құраммен Түркия, Қытай сынды мемлекеттерге сапарлап, қазақ өнерінің өміршеңдігін, рухани тереңдігін таныттық, – дейді Ғанипа Кенжебайқызы. 

Тарих қойнауына енген сол бір жылдары Маңғыстаудың халық әуендерін жарыққа шығаруға бар қабілет-қарымын арнайды. Аты аңызға айналған Қашаған мен Сүгірдің, Мұрын мен Нұрым жыраудың термелерін, Ақбала мен Боздақтың (өлі мен тірінің айтысын), Жеті қойдының әндерін жарыққа шығарып, қайта жаңғыртады. Халықтық өнердің жандануына жан аямаған дәстүрлі әншінің ерен еңбегіне Маңғыстау жұртшылығы дән риза болған екен. Жастығына қарамастан жеке шығармашылығында ауыз толтырып айтарлық жетістікке жетіп үлгерген әнші Ғанипа Садықоваға 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі атағы беріледі. 

Табиғатында сұлулыққа ынтызар, жақсылыққа жаны құмар Ғанипаның жүрегінен төгілген жыр шумақтары әуезді әуенмен үйлесіп, тың туындылардың туындауына түрткі болуда. Сол себепті, әншінің репертуары авторлық әндермен толыға түскен. Атап айтсақ, «Маңғыстауым киелі», «Туған жерге тағзым», «Қиял-ғұмыр», «Жағасында Електің», «Аңсар», «Әкешім-анашым», «Ұлт көсемі» сынды жүрек тербер әндердің әні мен сөзін жазған да Ғанипа Садықова екенін ескерсек, талантты әнші «сегіз қырлы, бір сырлы» екенін сездіреді.

Ақындықтың аппақ әлеміне бойлап, жыр жазып, оны әдемі әуенмен үйлестіріп, жанға жайлы ән шығару үшін де жан тыныштығы мен мәңгілік махаббаттың әсері мол болары сөзсіз. Міне, біз сөз етіп отырған сырлы да сұлу әнші Ғанипа Садықованың ұлы Әсет пен келіні Гүлнәз, қызы Назым мен күйеубаласы Темірланға, отағасы Аманқос ағаға деген кіршіксіз махаббаты осындай туындылардың жарыққа шығуына себепкер десек еш сөкеттігі жоқ. Сабырлылық пен сенімділікті серік еткен қос саңлақтың өнер атты үлкен кемеде шайқалмай, адалдықтарына кір шалдырмай, тепе-теңдікте өмір сүрулеріне даналыққа тұнып тұрған жыр-толғаулардан нәр алып, аталы сөзді бойға дарытуларының да өзіндік ықпалы аз болмағанын аңғартады. Сөздің киесін сезініп, жүйесін түйсініп өскен ұрпақтың бүгіні берік, ертеңі нұрлы болмағын осы жарасымды жұптың жан жадыратарлық өнерлері дәлелдей түссе керек. 

Өнердің биік бір бәйтерегіне айналған жыршы Аманқос Садықовтың есімі қазақ киноларынан да көптеп көрініс тауып жүргенін айту орынды. Алматы эстрадалық студиясында Ғарифолла Құрманғалиевтің класында оқыған термеші Нұртілек Ақтаев пен Меруерт Өтекешовадан дәріс алған. Осы уақытқа дейін жыршылығымен танылған талант иесі бұған қоса ән патшасы Шәмшіге арналған көркем-документальді фильмге түсіп, басты рөлді сомдаса, «Қамбар батыр» эпостық-документальді фильмнің де басты кейіпкерін бейнелеген.  

Өнер айдынында жұбы жазылмай, қос аққудай қатар жүзіп келе жатқан Ғанипа мен Аманқос Садықовтарға тыңдарман тарапынан балаға ат қою, тұсау кесу, келіннің бетін ашу сынды дәстүрлі ырым-сырымға қатысты ұсыныстардың көптеп түсетіндігі көңілге қуаныш ұялатады. Ұлттық өнерді ұлықтап, дәстүрлі ән-жырдың жалауын желбіреткен жарық жұлдыздардың Жетісу өңірінің рухани-мәдени өмірінің жарқын беттеріне де өшпес із қалдырары хақ.

Ұлбосын ИСАБЕК

Қатысты жаңалықтар

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

06.07.2026
Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

06.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.