Талдықорған: +34°C
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТҰҚЫМБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?

16.07.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

«Үйгентас орман шаруашылығы» 1947 жылы ақпан айында құрылған. Десе де, мекеме тарихы одан да арыда, 1936 жылы тамызда Андреевка ауданаралық орман шаруашылығы болып бірінші рет ұйымдастырылған. Оның құрамына Алакөл мен Сарқан орман шаруашылықтарының орман қоры жерлері кірген. Ресей патшалығы кезінде бұл жақта тіпті орман күзеті болғандығы да айтылады.


Үйгентас орман қожалығының мамандары мен жұмысшылары  жұмыла еңбек етуде. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, олар кейінгі жылдары бұл тұқымбаққа ерекше  мән беріп, көңіл бөлуде. Майлышат ауылында ашылған, көлемі 6 гектар, айналдыра толығымен қоршалып, сайдың ішінен бір шақырымға жуықтайтын суғару жүйесі жасалыпты. Бұған арнайы жол мен көпір салынған. Қазіргі кезде тұқымбақта сан түрлі ағаш көшеттері бар. Олар: будандастырылған мыңдаған алма ағашы, сондай-ақ, гибриттік терек, қайың, сібір шыршасы мен шренка шыршасы, шаған мен емен. Орман қоры жерлеріне жылда 30 гектар алқапқа Сиверс алма ағашы егіледі. Оған кейінгі жылдары мыңдаған алма ағашы және қарағай көшеттері жұмсалыпты. 

2017 жылы тұқымбақта жаңадан үй құрылысы басталып, 2019 жылы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, үй қолданысқа берілді. Құрылыс жұмыстары, материалдары барлығы мекеменің өз иелігіндегі қаражаттан жасалған. Жылда 12 адам мерзімдік жұмысқа қабылданып, арнайы бригада құрылып, орман екпе жұмыстары, тұқымбақтағы егілімдер мен көшеттер өсіру жұмыстарын осы бригада атқарады. Өткен жылы тұқымбақтан 200 мың түп Сиверс алма ағашы егілімдері, 20 мың қарағаш, 11 мың түп терек көшеттері барлығы 230 мың түп қазылды.

2018 жылдан бері көктемде мыңдаған терек, қарағаш көшеттері Кеген, Жоңғар, Алакөл, Шелек, Қаскелең, Талдықорған орман шаруашылығы мекемелеріне, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Сарқан, Жаркент қалаларына және ауданымыздың ауылды мекендерді көгалдандыруға ақылы қызметтер көрсетілді.
Тұқымбақтың үлгілік бөлімшесінен 2019 жылы 12 мың түп алмағаш егілімдері мен 11 мың түп терек қалемшелері дайындалып егілді. Қырғызстаннан 500 түп Қырым қарағайы және 300 түп боз арша, 300 түп көгілдір шырша көшеттері алынып отырғызылған. 2 мың түп терек аналық бөлімшеге қондырылды. 2020 жылы сол қарқында, сол көлемде жұмыс атқарылды.

2018 жылы жазда Сарқан ауданынан «Кандиль Синап», «Апорт», «Ранет» алма ағаш сорттарының қалемшелері алынып, 16 мың түп алма ағашы будандастырылды. Ал 2021 жылы тағы 30 мың түп алма ағашын будандастыру жоспарланып отыр.

Шаруашылықтың негізгі мақсаты орман қорын көбейту, пайдасын молайту. Сол себептен ашылған тұқымбақтың жұмысы келешекте дамып, мекемеге кіріс әкелері сөзсіз. Соны көздеп Үйгентас өңіріндегі алма даңқын қайта жаңғыртса, сол үшін алмабағы бар шаруалар орман шаруашылығы мекемелерімен бірігіп тығыз байланыста болса дейміз. Мысалға, бұрын бұл өңірде 1970-1980 жылдары жалпы 2000 гектар көлемінде алмабақ болған. Соның 1300 гектары алма өнімін беретін бақтар еді. Қазір олар тозды. Сол бақтардың орнын толтырып алма ағашы көшеттерімен жаңартып, су әкеліп жүйесін қайта тартып, бұрынғы қалпына келтірсе, мемлекет те   субсидия бөліп, шығындарын өтеп берер еді. 

Біз бірақ әлі де барымызды ұқсата алмаймыз, жас бизнесмендерімізге жол көрсетіп, ұғындыра да білмейміз. Жасырын жатқан құнды байлығымызды байқамаймыз, сірә.

Амангелді БЕЙСЕНБИНОВ 
Қабанбай ауылы, 
Алакөл ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

«Талдықорған — Өскемен» автожолы қашаннан бастап ақылы болмақ?

«Талдықорған — Өскемен» автожолы қашаннан бастап ақылы болмақ?

09.07.2026
Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

09.07.2026
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

09.07.2026
Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

09.07.2026
Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

09.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.