Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

26 қараша 2019
КҮЛТӨБЕ
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының оқытушысы, алаң жетекшісі З. Асемжанованың ұйымдастыруымен  «Шығармашылық тапсырмаларды сабақ барысында қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында мектепішілік семинар өтті. 


Семинарға  «Өрлеу» БАҰО аға оқытушысы М. Мұхамадиева, Іле ауданы бойынша  бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобының жетекшісі             А. Есжанова қатысты. 

«Бастауышта білім беру – бастапқы білім көзі, баспалдақтың алғашқы қадамы» демекші, бастауыш сынып мұғалімдері Нейла Мусанова «Қосу мен азайту», Г. Жанұзақова «Қозғалыс сыры», Қамар Оспанова  «Қаңқа құпиясы»,     М. Құнанбаева «Жүйке жүйесін қан­дай мүшелер құрайды?», Г. Тайырова «Күзгі уақыт», Ж.Атамбаева «Спорт – денсаулық кепілі», Ғ. Мәметбаева «А. Құнанбаевтың «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» және Е. Охасова «Заттардың қасиеттері» тақырыбында тартымды ашық сабақ берді.  Ал, Алмагүл Төлемісова «Оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда топтық жұмыстың рөлі» тақырыбында тренинг өткізіп, мұғалімдермен өз тәжірибесін бөлісті.

 Семинарды қорытындылаған З. Асемжанова   шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалімнің  білімі терең, жан-жақты дамыған, педагогикалық шеберлігі жоғары болуы басты мәселе екендігін атап өтті. Сабақты жоғары дәрежеде өткізген Г. Тайырова, Ғ. Мәметбаева,    Г.  Жан­­ұзақова, А.Төлемісова еңбегіне табыс   тілеп, нәтижеге бағытталған жұмыстар атқару керек екендігін ескертті.   

Айта кетейік, №12 орта мектебінде «Өрлеу» БАҰО-ның «Жаңартылған бағдарлама негізінде бастауыш сыныптардағы пәндер бойынша сабақтарды жоспарлау барысында шығармашылық тапсырмаларды  пайдалану жолдары» тақырыбында  эксперименттік-тәжірибелік  жұмысы  үш жылға жоспарланған.  Сол бойынша қазірде нәтижелі жұмыс жасап келеді.

Жиын соңында сөз алған мектеп директоры  Т. Ибраймова   бүгінгі мұғалімге ерекше зор міндет жүктеліп отырғандығын, әсіресе бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, жұмыс жасау бүгінгі күн талабы екендігіне тоқталып, алғыс білдірді.

Н. ДЕМЕСІНОВА, 
№12 орта мектептің оқу ісі жөніндегі 
орынбасары 
Байсерке ауылы,

 Іле ауданы
 

Қатысты жаңалықтар

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00
Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Бүгін, 13:30
Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Бүгін, 13:00
Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Бүгін, 12:30
Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.