Қазір әлемде экологиялық мәселелер өзектілігі күн санап арттырып келеді. Табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы – жаһандық экологиялық дағдарыстарға әкелетін басты себептердің бірі. Бұл орайда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау мектептен басталуы керек.
Осыған орай, Жаркент қаласының орта мектебінде Қазақстан тарихы, география мен биология пәндерінен «Туған өлкемнің шипалы бұлақтары», «Әулиеағаш сыры тарихпен аңыз тоғысқан жер», «Жан экологиясынан, жер экологиясына дейін» тақырыбында жобалар ұйымдастырылды.
Мектептегі ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі – тұрмыстық қалдықтар. Бұл бағытта ұйымдастырылған жобалар теорияны тәжірибемен ұштастырады. Оқушылар жиналған пластик бөтелкелерді тастаумен шектелмей, оларды креативті түрде өңдеп, мектеп пен өз қажеттіліктеріне арналған бұйымдар жасады. Мысалы, 7-сынып оқушыларымен «Табиғат шуағы» тақырыбында жұмыс жүргізілді. Пластикті жылытып, кесіп, желімдеу арқылы қарындаш салғыш және әшекей заттарға арналған қораптарды жасап шығарды. Сынып кабинеттеріне арналған қоқыс жәшіктері мен сөрелерді құрастырды.
Тарих пәнінің мұғалімі М. Бейсенбекова «Әулиеағаш сыры», география пәнінің мұғалімі Ж.Кегенбаева «Туған өлкемнің шипалы бұлақтар»жобалары арқылы оқушы танымын кеңейтуді көздесе, география пәнінің мұғалімі Ә. Сүлеймендалалық зерттеу әдістерін тәжірибеде қолданды.
«Ұлы Даланың Жасыл Жүрегі: Табиғатқа Тағзым және Ұрпақ Жалғастығы» атты бұл ауқымды жұмыс – мектептің білім беру кеңістігіндегі экологиялық сана мен жауапкершілікті қалыптастырудағы тиімді әрі кешенді тәсіл. Жаһандық экологиялық дағдарыс кезінде ұстаздар мен оқушылар теория мен тәжірибені біріктіру арқылы тұрақты дамудың іргетасын қалады. Ең бастысы, пәнаралық зерттеулер оқушылардың көкжиегін кеңейтті. Әулиеағаштың рухани маңызын тану олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін тереңдетті. География пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен шипалы бұлақтар мен өндіріс орындарына жасалған далалық зерттеулер жас ұрпаққа техногендік әсерлердің салдарын көрсетіп, оларды азаматтық жауапкершілікке шақырды.
11-сынып түлектерінің «Табиғатқа қамқорлық» акциясы арқылы жасыл мұра қалдыруы – олардың еңбекке деген адалдығын және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін арттырды.
Мектептегі бұл кешенді экожүйе – тұрақты даму мен саналы азаматты қалыптастыратын тірі организм іспеттес. Бұл – Ұлы даланың жасыл жүрегінің мәңгі соғуына қосылған білім мен жауапкершіліктің құнды үлесі.





